37
және соңғысы біздің республикамызда да, өкінішке орай кең етек жайып отыр
(«көлеңкелі», «астыртын», «жалған» экономикалар).
Жеке тұлғалар (азаматтар) жеке кәсіпкерлік іс-әрекетті заңдастыру арқылы
кәсіпкерлікпен шұғылдана алады. Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің
субъектілері болғандықтан, оған мысалы: үй шаруашылығын, өзінің бір ісімен
айналысатын кәсіпкерлер және т.б.жатады. Әрбір заңды тұлғаларда өздерінің
заңды құқықтық базалары бар, яғни акционерлік қоғамдар, серіктестік
қоғамдар, кооперативтер, фирмаларды кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне
жатқызуға болады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің
қатарына:
белсенділік іс-қимылын толығымен өзінің экономикалық және заң
алдында жауапкершілігіне толық бағындыра алатын адамдарды, яғни
кәсіпкерлерді;
кәсіпкерлердің ұжымын және
кәсіпкерлік бірлестіктерді;
кәсіпкерлер өндірген өнімді тұтынатын жеке, не ұжымдық
тұтынушылардың одақтарын, не бірлестіктерін;
тікелей келісімге қатысы бар мемлекеттік құрылымдарды, кәсіпкерлерге
берілетін мемлекеттік тапсырма берушіні, бағаны реттеушіні, мемлекеттік
арнайы тапсырмасы арқылы жұмыс атқару кезеңінде
кәсіпкерлерге көрсетілетін
жеңілдіктердің бағытын белгілеушілер жатады.
Мемлекеттік құрылым органы кәсіпкерліктің заңды барлық іс-әрекеттеріне
кепілдік көрсете алады.
Осы аталған субъектілердің бірнеше категориясына өзара іскерлік
қатынастар арқылы жұмыс жүргізетін кәсіпкерлер де жатады.
Демек кәсіпкер
– негізгі кәсіпкерлік қызметтің субъектісі, экономикалық
үрдістің орталық бейнесі. Ол қоғамдағы керекті тауарлар мен қызмет үшін,
одан пайда табу үшін кәсіпорындарды ұйымдастырады. Бұл үрдіс
кәсіпкерлердің және нарықтық экономиканың басқа да субъктілерінің іскерлік
байланыс жасауы арқылы іске асады.
Қазіргі
экономика
аймағында
кәсіпкерліктің
мынадай
түрлері
қолданылады: кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклінің типтік
фазасымен байланысты (өндіріс – айырбас – бөлу – тұтыну) және кәсіпкерлік
қызметтің төрт түрін бөліп қарастырайық. Олар: өндірістік, коммерциялық,
қаржылық және кеңестік.
Өндірістік кәсіпкерлік – мұнда кәсіпкер тікелей ақпарат, қызмет, жұмыс,
тауар, және өнім өндірумен шұғылданады. Осы жағдайда кәсіпкер - өндіріс
қызметінің түрін таңдайды (яғни, ол қандай да бір тауарды, жұмысты, қызметті
өндіру барысында). Содан кейін ол тауарды сатып алатын, әлеуетті
тұтынушымен байланысқа түседі. Әйтпесе, кәсіпкерлік өзіне маркетингтік
қызметін енгізеді. Бұл шарттың бірінші фазасы, алдағы уақытта тауарды сатып
алушылар мен кәсіпкердің арасындағы келісімді заңды түрде дайындалуы
мүмкін.
Өндірістің қалыптасуы үшін кәсіпкер мынандай өндіріс факторларын
қолданады: жұмысшы күшін, өндірістік қорды, ақпараттарды. Өндіріс