30
2 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» туралы заңдар қабылданып
оларға түзетулер енгізілді;
3 Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ашылды;
4 Кәсіпкерлік
субъектілерді несиелендіру үшін 2-ші деңгейдегі
коммерциалды банктер несиенің минималды мөлшерін 10%-ға төмендетті;
5 Тек бақылаушы және тексеруші мемлекеттік органдармен құнды қызмет
көрсету инстанциялардың саны қысқартылды.
Қазақстандық үкіметпен жүргізілген қатаң қаржылық тұрақтандыру
саясаты, бір жағынан, 1992-1994 жылдарға қарағанда шағын кәсіпорындар
санының өсу қарқынының төмендеуімен жүргізілгенде, екінші жағынан, айқын
санациялы әсер иемденгенде 1994-1995 жылдары шағын бизнестің динамикасы
мен құрылымында сапалық өзгерістердің үшінші кезеңі аяқталды. Елде жаңа
экономикалық жағдай қалыптаса бастады, онда шағын кәсіпорындар нарықтық
экономикада шағын бизнеске тән ролді атқарды. Жоспарлы экономиканың
трансформация кезеңінде соңғысы мемлекеттің стратегиялық бағдарын
жасаудың құралы болып табылды. Экономикадағы нақты өсудің бастамасы
төртінші, яғни қазақстандық кәсіпкерліктің нағыз нарықтық кезеңіне өтуге
мүмкіндік береді. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлік дамуының үш түрлі моделі
туралы айтуға болады:
- статусын сақтау арқылы қызмет масштабын консервациялау;
- жұмыс белсенділінгінің жайлап кеңеюі;
- шағын фирмалардың жедел экспансиясы және олардың орта фирмаларға,
кейін ірі компанияларға айналуы.
«1995-1997 жылдардағы Қазақстан Республикасынын кәсіпкерлікті
колдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаты
жеке кәсіпкерліктің инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке
секторын қалыптастыруға кажетті – құқыктық, әлеуметтік-экономикалық,
қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру ел экономикасында нақты
бәсекелестік ортаның пайда болуы жеке кәсіпкерліктің 150 мыңдай
шамасындағы суъектілердің қалыптасуын талап етті. Мемлекеттік басқару
органдарының және кәсіпкерлік құрылымдардың өзара іс-әрекеттерімен
қамтамасыз етуін және бағдарламалар жасаудың негізгі механизмі
республиканың барлық аудандарында шағын бизнестің орталығын кұрумен
негізделінді. Бірақ, бұл кезең республикадағы әлеуметтік-экономикалык
жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты кәспкерліктің дамуына кайшы
факторлардың пайда болуымен сипатталынады. Яғни, шағын кәсіпкерліктің
барлық жеңілдіктері алынып тасталынды, Республикалық қор кәсіпкерлікті
қолдау мүмкіншілігінен айырылды, әртүрлі басқарушы органдар тарапынан
күштеулер көрсетіле басталды. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін әр түрлі
алымдар тағайындалынды, барлық кәсіпкерлік қызметтің түрлеріне лицензиялар
енгізілді. Сонымен катар, бағдарламаның аудандық орталықтарды құру деген
негізгі мақсаты жүзеге асырылмады. Осның барлығы кәсіпкерлік бизнестің
қарқынын төмендетуге алып келді, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
31
санының тез қысқаруына және 1996 жылы өсу карқынының 82 пайызға
төмендеуіне алып келді.
1998 жылдың желтоқсанында төртінші «1999-2000 жылдардағы Қазақстан
Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы» қабылданды, негізгі мақсаттары шағын кәсіпкерліктің тұрақты
дамуын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларында шағын
кәсіпкерліктің үлес салмағын өсіру, жаңа жұмыс орындарының санын өсіру,
нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылды. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті
дамыту аясында көптеген өзгерістер болды. Мемлекеттік органдардың
бақылаушылық және қадағалаушылық қызметтерін реттейтін нормативтік
құқықтық актілері қабылданылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-
әрекеттеріне заңсыз араласуға жол бермеу және жібермеу мақсатында
бақылаушылық және қадағалаушылық органдар кезекті тексерулерін жүргізер
алдында олардың прокуратура органдарынан тіркеуден өту Ережелері
жасалынды және бекітілінді. Шағын кәсіпкерлік бойынша іс-әрекетті ақпараттық
және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталынған Республикалық
ақпараттық-жәрмеңкелік орталық құрылды. Бұл бағдарламада шағын
кәсіпкерліктің субъектілерінің мүдделерін қорғауда кәсіпкерлерді біріктіретін
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» Заңына толықтырулар мен
өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының өкіметінде шағын кәсіпкерлікті
дамыту бойынша кеңес-жиналыс органының есебінде комиссия құрылды, оның
негізгі мақсаты кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау, мүдделерін ұсыну
және өкіметтің қабылдайтын жобаларында олардың пікірлерін ескеру, шағын
кәсіпкерлікті қолдау және қорғау бойынша бағдарламалар мен жобаларды жасау
және өңдеуге қатысу, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының мүдделерін
қолдау болып табылады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері
мен қатар кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары да кірді. Нәтижесінде бұл
бағдарламада қабылданылған шаралар азаматтардың кәсіпкерлік қарқындылығы
жетілдірілді, яғни 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 203 пайызға тез
өсуіне алып келді.
Бесінші
қабылданылған
«2001-2002
жылдардағы
Қазақстан
Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы» өзінің өзгерістерін алып келді. 2002 жылдың
мамырында мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау шараларының жоспары
енгізілді және кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын
кәсіпкерлік әрекеттерді лицензиялау, лицензиялау сұрақтары бойынша орталық
және жергілікті атқарушы органдардың лауазымдары және процедуралары
бекітілді. Шағын бизнесті салалық қолдауды жүзеге асыратын шаралар
кабылданды. Кәсіпкерлік сұрақтарға қатысты барлық нормативтік кұкықтық
актілерді жалпылама эксперттеу мақсатында әрбір мемлекеттік органда
Эксперттік одақты құру ұсынысы өңделді. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың
республикалық қорының несилік ресурстары өсті. 2002 жылдың 3 шілдесінде
Қазақстан Республикасының өкіметінің №716 жарлығына сәйкес Қордың
жарғылық капиталын өсіруге 22 716 100 АҚШ долларына бағаланған сома
Достарыңызбен бөлісу: |