Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48

 
32 
 
бөлінді.  Шағын  кәсіпкерліктің  республикалық  ақпараттық-жәрмеңкелік 
орталығында  жеке  сайт  ашу  және  шағын  кәсіпкерліктің  сұрақтары  бойынша 
ақпараттық  мәліметтер  базасын  кұру  жұмыстары  атқарылуда.  Бұл  жылдары 
шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайызды және 2002 жылы 113 
пайызды кұрады  
2005  жылдың  12  мамырында  өкіметтің  №450  жарғылығына  сәйкес  2005-
2007  жылдарға  Қазақстан  Республикасының  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті 
жедел  дамытуына  бағдарлама  бекітілді,  оның  негізгі  мақсаттары  және 
міндеттері  институционалдық  шарттарды  жетілдіру  есебінен  Қазақстанның 
бәсеке  қабілеттілігін  көтеруге  бағытталынған,  шағын  және  орта  бизнестің 
субъектілерінің  іс-әрекеттерінің  аясын  максималды  кеңейтуге  және  олардың 
әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады. 
Жаңа кәсіпкерлікті қалыптастыру қиын үрдістен өтіп нақты экономикалық 
және әлеуметтік күшке айналуда, кәсіпкерліктің бұдан әрі дамуының екі негізгі 
міндеті  тұр.  Ол  біріншіден,  әлемдік  тәжірбиені  ескере  отырып,  қажетті 
ұйымдық  экономикалық  жағдайларды  қамтамасыз  ету;  екіншіден,  Қазақстан 
экономикасының  басты  тұлғалары  ретінде  кәсіпкерлердің,  яғни  іскер 
адамдардың  ерекше  тобының  пайда  болуы.  Осыған  байланысты,  бүгінгі 
кәсіпкерлік теориясының бірінші кезектегі мәселесі – кәсіпкерлікті қолдау мен 
реттеу. 
Нарықтық  экономикадағы  сектордың  негізгі  бөлігі  жеке  меншік 
кәсіпорындары  мемлекеттің  тиімді  араласуын  қажет  етеді.  Бұл  туралы  мысал, 
өзінің  «өркениетті  синтез»  үлгісінде  (жаңа  классикалық  теория)  У.Ростоу 
көрсеткен.  Бұл  үлгі  бойынша  жеке  меншік  кәсіпкерлікті  еркін  нарықты 
барынша  жоғары  пайдаланып,  инициативаны  мемлекет  жағынан  әкімшілік 
және  қаржылық  қолдауымен  үйлестірілуі  керек.  Мемлекет  кәсіпкерлікті 
барынша  қолдауы  және  ынталандыруы  тиіс.  Ал  экономикалық  ғылым 
кәсіпкерліктің  ұйымдастыруы  мен  басқаруына  ғылыми  ұсыныстарымен  көмек 
беруі қажет.  
Елімізде  90-шы  жылдардың  басында  жекешелендіру  үрдісінің  белсенді 
өтуі шағын кәсіпкерліктің пайда болуы және оның дамуы үшін база жасады.  
Республикада  шағын  бизнестің  дамуы  экономиканы  табысты  реформалау 
индикаторының  бірі  болып  табылады.  Кәсіпкерлік  нарықтың  дамуының 
айырылмас  атрибуты  және  экономикалық  қатынастар  субъектісі.  Шағын 
кәсіпкерлік экономикасы дамыған көптеген елдерде елеулі орын алады: шағын 
бизнес үлесіне барлық жұмысбастылықтың 50-60%, жаңа жұмыс орнының 70-
80%, ал өнім өндіру және қызмет көрсетуден ЖІӨ жартысына жуығы жатады. 
Шағын  кәсіпкерліктің  артықшылығы  күрделі  қаржы  салымының  тез 
қайтарымдылығы,  өндірушілердің  неғұрлым  аймақтық  нарыққа  бағытталуы, 
сұраныс өзгерісіне тез икемделуі, жұмысқа қамтудың өсуі. Міне, сондықтан да 
Қазақстан  Республикасының  жүргізіп  отырған  әлеуметтік-экономикалық 
саясатының негізгі бағытының бірі - шағын кәсіпкерлікті дамыту. 


 
33 
 
«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  2006  жылғы  қаңтардың  31-і,  №124-III 
Қазақстан Республикасының заңында, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау 
мен дамыту былайша атап көрсетілген: 
1) қаржылық қолдау көрсету
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру; 
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру; 
4) бір  жылдан  астам  пайдаланылмаған  мемлекеттік  меншік  объектілерін 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру
5) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету сапасын 
дамыту  үшін  жалға  немесе  сенімгерлікпен  басқаруға  берілген  объектілерді 
шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  меншігіне  Қазақстан  Республикасының 
үкіметі  белгілеген  тәртіппен  көзделген  шарттарды  олар  орындаған  жағдайда 
шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге 
асырылады. 
Республикадағы  тиімді  нарықтық  экономиканың  дамуы  үшін  шағын 
кәсіпкерліктің  маңызы,  оның  құрылымды  қалыптастырушы  факторы  ретіндегі 
рөлімен анықталады және мына жағдайларды қамтамасыз етеді: 

 
халықтың барынша жұмыспен қамтылуын

 
бәсекелестік ортаның дамуын

 
нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлерімен толығуы және халық 
кәсіпшілігін қайта жаңарту; 

 
жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайту; 

 
ауылды, кіші және орташа қалаларды дамыту. 
Жұмыстың  осы  бөлімінде  жүргізілген  талдау  нәтижесінде  мынандай 
қорытынды жасауға болады: 

кәсіпкерліктің 
мәні 
туралы 
ғалым-зерттеушілердің 
теориялық 
көзқарастары, оның қалыптасуы мен даму эволюциясын сипаттайды

кәсіпкерліктің  қалыптасуы  кезеңдермен  талданып,  әртүрлі  ғылыми 
көзқарастарға өзіндік пікір айтылып бағаланды

Ресей және отандық ғалымдардың кәсіпкерлік, оның мәні, түрлері және 
теориялары жөніндегі пікірлері қаралды; 

Кәсіпкер  -  жаңа  мүмкіншіліктерді  іздеудің  қозғаушы  күші  ретінде 
болатыны көптеген зерттеушілер пікірімен мақұлданды. 
 
 
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің мәні, жүйесі және қағидаттары 
 
 
Кәсіпкерлік  қызмет  -  бұл  тұлғаның  ерекше  қабілеттілігін  жүзеге  асыру. 
Мұның өзі өндіріс факторларын инновациялық тәуекел тәсілі негізінде ұтымды 
біріктіріп,  жалғастыру  түрінде  көрінеді.  Кәсіпкер  өндірісте  жаңа  техниканы 
және  технологияны  пайдаланады,  еңбекті  жаңаша  ұйымдастырады,  басқаша 
басқарады,  мұның  өзі  өндірістік  жеке  шығындарды  азайтуға  мүмкіндік 
туғызады  және  соның  негізінде  баға  белгіленеді.  Кәсіпкер  маркетингтік 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау