Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48

 
53 
 
заңның  қабылдануы  жол  ашты.  Бұл  заң  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың 
кәсіпкерлік  қызметінің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық, 
экономикалық,  әлеуметтік  шаралар  мен  кепілдіктерді  анықтап  берді.  1990 
жылдың тамыз айында Кеңес Одағы министрлер Кеңесінің жарлығымен шағын 
кәсіпорындарды  құру  және  дамыту  шаралары  туралы  қабылданған  Заңның 
негізінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №432 жарлығын қабылдау арқылы 
шағын  кәсіпорындарды  жіктемелеу  әдістемесінде  жұмыс  істейтіндердің  саны 
алынған.  Қазақстан  Республикасының  1997  жылдың  8  сәуіріндегі  №499 
жарғысына сәйкес келесідей:  
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін; 
-  ғылым  мен  ғылыми  қызмет  көрсету  саласында  жұмыскерлер  саны  20 
адамға дейін; 
-  көлік  пен  байланыс  салаларында  жұмыс  істейтіндердің  саны  25  адамға 
дейін; 
- бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін, ал активтерінің 
жалпы  құны  60  мың  АЕК  жоғары  емес  кәсіпорындар  шағын  деп  есептелініп 
отыр. Орта кәсіпкерлікте – жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық активтері 
352  мың  АЕК  дейін,  ірі  кәсіпкерлікте  жұмысшылар  саны  250  және  одан 
жоғары,  жылдық  активтері  325  мың  АЕК  болатын  кәсіпкерлік  нысандары 
жатады. 
Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға 
арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің нысандары 
үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан 
тауарлары  мен  қызметтерінің  маңыздылығын  ескере  отырып,  әртүрлі 
жеңілдіктерді  қолдану  және  жалпы  құқықтық  шарттарды  қалыптастыру 
керектігіне мән берілуде. 
Қарағанды  облысының  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  кәсіпкерлік 
белсенділігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.  
Сауалнаманың  мақсаты  –  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  мен  жеке 
кәсіпкерлік  субъектілері  бірлестіктерінің  беделін  арттыру  және  олардың 
Қазақстан  нарығын  жоғары  сапалы  және  бәсекеге  қабілетті  өніммен 
молықтыруға бағытталған қызметін ынталандыру. 
Сауалнамаға Қарағанды облысының 35 кәсіпкері қатыстырылды.  
Бірінші  «Сіз  өз  ісіңізді  бастау  себептеріңіз  неде?»  сауалнамасының 
нәтижесі 9-кестеде көрсетілген: 
Кестеден 
көріп 
отырғанымыздай, 
кәсіпкерлік 
белсенділіктің 
қалыптасуының  негізгі  себептеріне  жұмыссыз  қалғандар  (36%),  жалақының 
қолайлы  өмір  сүруге  жеткіліксіздігі  (20%)  мен  тез  баюға  ұмтылғандар  (17%) 
құрап,  ал  ешкімге  тәуелді  болмай  еркін  өмір  сүруді  қалағандар  (13%)  мен  өз 
идеяларын жүзеге асырғысы келген адамдардың (9%) үлесі аз деңгейді иеленіп 
отыр. 
Кәсіпкерлердің  іскерлік  белсіндігін  анықтау  сауалнамасы  мына 
ерекшеліктеріне қарай жүргізілді: жынысы; жасы. 
 


 
54 
 
Кесте 9 
Қарағанды  облысында  кәсіпкерлік  белсенділіктің  қалыптасуының  негізгі 
себептері 
№ 
Өз ісін бастаудың себептері 

 
Барлығы: 
100 

Жұмыссыз  қалғандықтан  кәсіпкерлікпен  айналысуға  мәжбүр 
болу 
36 

Алатын  жалақымен  қолайлы  өмір  сүру  деңгейін  қамтамасыз 
ететін мүмкіншіліктің болмауы 
20 

Ағымдағы  жағдайдың  ретсіздігін  пайдаланып,  тез  баюға 
ұмтылу 
17 

Мемлекеттік  құрылым  мен  мемлекеттік  қызметкерлерге 
тәуелді  болудан  құтылып  іс-әрекет  бостандығын  алып,  еркін 
өмір  сүруді,  қызықтыратын  іспен  ешкімге  тәуелді  болмай 
айналысуды қалау 
13 

Мемлекеттік,  бюрократтық  ережелер  мен  процедуралардың 
әсерінен жүзеге асыруға мүмкін болмаған әлеуетті, идеяларды 
жүзеге асыруға ұмтылу 


Қоршаған адамдар арасында беделінді, әлеуметтік статусынды 
жоғарылатуға ұмтылу 


Өзінді төзімділікке тексеру 

Ескерту: 
Жүргізген 
сауалнама 
материалдары 
негiзiнде 
автормен 
құрастырылған 
 
Сұраушылардың  жалпы  портреті.  Сауалнамаға  қатысушылардың  екі 
портреті берілген: 
1.  Жынысы - «ер адам», «әйел»; 
2.  Жасы  -  «23  жасқа дейін»,  «23-тен  30  жасқа  дейін»,  «30  жастан 45-
ке дейін» және «45 жастан жоғары». 
Сұралғандардьң  жалпы  портреті  –  35  адамнан:  53,5%  -  әйелдер,  46,5%  - 
еркектер; 
жасына қарай топқа бөлсек:  
23 жасқа дейн - 29,6%,  
23-тен 30 жасқа дейін -23,6%,  
30-дан 45 жасқа дейін - 23,9%,  
45 жастан жоғары- 22,9%.  
Төменде  сұралғандардың  жалпы  портретін  сипаттайтын  диаграмма  беріліп 
отыр (Сурет 6). 
Нарықтық  шаруашылықтың  дамуының  жоғарғы  икемділікпен  өзгеруінің 
негізгі факторы, нарықтың міндетті құрамдас бөлігі кәсіпкерлік екенін бірнеше 
жыл  ішінде  жүргізілген  қайта  құрулардың  нәтижесі  көрсетіп  отыр.  Қоғамның 
тепе-теңдікте дамуы барлық аймақтардың үйлесімді дамуымен байланысты.  
Бүгінгі  таңда  ірі  мемлекеттік  бағдарламалардың  ойдағыдай  жүзеге 
асырылуында  аймақтардың  рөлі  артқанын  байқаймыз.  Сол  себепті 


 
55 
 
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның 
аймақтарының, облыстарының дамуын басқарумен сипатталады. 
 
0
5
10
15
20
25
30
23 жасқа дейін 
23-30 жасқадейін  30-45 жасқа дейін 45 жастан жоғары
%
 
Сурет 6. Жасы бойынша сұрыпталғандар сегментация 
 
Қазіргі  кезеңде  аймақтардағы  кәсіпкерлік  белсенділіктің  қалыптасуына 
әсер етуші басты фактор жұмыссыздық. Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейінің 
өсуі  ең  күрделі  мәселелердің  бірі.  Ресми  мәліметтер  бойынша  облыстағы 
экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты есептегенде оның деңгейі 7 пайыз 
шамасында болып отыр.  
Облыста  заңды  тұлға  ретінде  2009  жылы  41708  кәсіпорын  құрылып, 
128330  жаңа  жұмыс  орны  ашылды.  Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының 
экономикалық  салалар  бойынша  орналасу  құрамына  талдау  жасайтын  болсақ: 
аграрлық секторға 21%, сауда саласына - 30,1%, автокөліктер және жеке тұтыну 
бұйымдарын жөндеуге, құрылысқа - 14,0%, өңдеу өнеркәсіп өндірісіне – 14,1% 
келеді (Сурет 7).  
 
Сауда және қонақ үй бизнесі; 30,1
Ауыл шаруашылығы; 21
Өнеркәсіп өндірісі; 14,1
Құрылыс; 14
Басқа қызмет түрлері; 8,3
Білім беру; 12,5
 
Ескерту:  Қарағанды  облысының  статистикалық  мәліметтері  негізінде 
автормен құрастырылған 
 
Сурет 7. Шағын және орта кәсіпкерліктің салалық құрылымы, % (2009ж.) 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау