Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет3/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
 
12-қосымша.
 
Жұмыс іздеушілерге кəсіптік бағдарлау жүргізу бизнес-процесі ....................... 85
 
13-қосымша.
 
Жұмыс іздеушілерді уақытша жұмыс орындарына жіберу бизнес-процесі ...... 87
 
14-қосымша.
 
Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын əзірлеу жəне қолдану бойынша 
ескертпе 
88
 
15-қосымша.
 
Жұмыс іздеушіледі профильдеу нəтижелерінің мысалдары ............................. 89
 
16-қосымша.
 
Бос жұмыс орындарының мониторингі бизнес-процесі ..................................... 94
 
17-қосымша.
 
Жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыру мониторингінің бизнес-процесі .... 95
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Қысқартулар тізімі 
Қазақстан Республикасы 
-  ҚР 
жұмыспен қамту орталығы 
-  ЖҚО 
халықты жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді 
шаралары 
-  ХЖҚЖБШ 
автоматтандырылған ақпараттық жүйе 
-  ААЖ 
жергілікті атқарушы орган 
-  ЖАО 
жұмыс іздеп жүрген адам 
-  ЖІЖА 
жұмысқа орналастырудың жеке картасы 
-  ЖҚЖК 
жұмысқа орналастырудың жеке жоспары 
-  ЖОЖЖ 
уақытша жұмыс орны 
-  УЖО 
əлеуметтік жұмыс орны 
-  ӘЖО 
жастар практикасы 
-  ЖП 
қоғамдық жұмыстар 
-  ҚЖ 
мемлекеттік деректер базасы 
-  МДБ 
жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы 
-  ЖТМДБ 
заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы 
-  ЗТМДБ 
жұмыс берушілерді қолдау бөлімі 
-  ЖБҚБ 
жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімі 
-  ЖІҚБ 
екінші деңгейдегі банктер 
-  ЕДБ 
Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай 
кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға 
арналған бағдарламасы 
-  Жұмыспен қамту 
бағдарламасы 
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен 
қамту туралы» Заңы 
-  Жұмыспен қамту туралы 
заң 
«Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 
-  МӘСҚ 
 



 
КІРІСПЕ  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2017  жылғы  15  ақпандағы  №  422 
Жарлығымен  бекітілген  Елбасының  Қазақстан  халқына  «Қазақстанның  үшінші 
жаңғыруы:  жаһандық  бəсекеге  қабілеттілік»  атты  жолдауын  іске  асыру  бойынша 
Жалпыұлттық жоспардың 19-тармағына сəйкес, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау 
министрлігімен (бұдан əрі – ЕХӘҚМ) ЖҚО жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс басталды. 
ЕХӘҚМ-нің  2017  жылғы  30  маусымда  №  184  бұйрығымен  бекітілген  «Жұмыспен 
қамту  орталықтарын  реформалау»  пилоттық  жобасын  жүзеге  асыру  бойынша  іс-
шаралар  жоспарына  сəйкес,  2017  жылы  трансформация  бойынша  жұмыстар  Астана, 
Алматы,  Павлодар  жəне  Шымкент  пилоттық  жұмыспен  қамту  орталықтарында  жүзеге 
асырылуда. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мəжілісінің  қарауындағы 
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  халықтың  жұмыспен 
қамтылуы  жəне  көші-қоны  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ЕХӘҚМ-мен əзірленді. 
2018 жылдан бастап жаңа тəсілдер барлық ЖҚО-ларда екі кезеңге бөлініп жүзеге 
асырылатын болады (Заң жобасын қабылдауға дейін жəне заң жобасы күшіне енгеннен 
кейін). Заң жобасы қабылданғанға дейін 2018 жылдың басынан бастап жұмыспен қамту 
орталықтарында  ағымдағы  Қазақстан  Республикасының  «Халықты  жұмыспен  қамту 
туралы»  Заңы  нормаларына  қарама-қайшы  болмайтын  жекелеген  жаңа  тəсілдер 
енгізіледі.  
Жұмыссыз  азаматтар  үшін  атаулы  жəне  жеке  тіл  табу  тəсілдері  қамтамасыз 
етіледі.  ЖҚО-ға  келген  əрбір  азамат  үшін,  оның  дағдыларының  деңгейі  мен  сапасын 
диагностикалау  (профильдеу)  жүзеге  асырылып,  кəсіптік  бағдарлау  жүргізілетін  жəне 
жұмысқа  орналастырудың  жеке  жоспары  анықталатын  болады.  Жұмыс  іздеушілермен 
жұмыс істеуде өтініш беру форматынан проактивті форматқа көшу қамтамасыз етіледі. 
ЖҚО  тіркелген  жұмыссызды  оған  сəйкес  келетін  жұмыстың  табылғандығы  туралы 
хабардар ететін болады. 
Жұмыс  берушілер  қауымдастығымен  жұмыс  істеу  тəсілдері  де  өзгереді.  Олар 
үшін,  ЖҚО-ға  келмей-ақ,  бос  жұмыс  орындарын  жеңілдетілген  жəне  көпарналы  тіркеу 
тəртібі  енгізіледі.  ЖҚО  компаниялар  үшін  персонал  іріктеу  бойынша  кəсіби  HR-қызмет 
ретінде жұмыс істейді. ЖҚО кəсіби таңдау негізінде жұмыс берушілер үшін максималды 
сəйкес  келетін  мамандарды  таңдап  алып,  осылайша,  сəйкес  келмейтін  жұмыс 
іздеушілердің шектелмеген ағымын тоқтатады. Компанияларға, өз кезегінде, тек қажетті 
кадрлардың  біліктілік  деңгейі,  жалақысы  жəне  басқа  да  талаптары  туралы  ақпаратты 
жіберу ғана ұсынылады. 
Барлық  ЖҚО-лардан,  жеке  жұмыспен  қамту  агенттіктері  мен  интернет 
алаңдарынан  бос  жұмыс  орындары  мен  жұмыс  іздеушілер  туралы  барлық  ақпарат 
Enbek.kz  сайты  базасында  Бірыңғай  электронды  еңбек  биржасында  біріктіріледі. 
Осылайша,  жұмыс  іздеушілер  мен  жұмыс  берушілер  үшін  түйіндемелер  жəне  бос 
жұмыс  орындарының  ең  ірі  базасы  қалыптастырылады.  ЖҚО  мен  электронды  еңбек 
биржасы  арасындағы  өзара  əрекеттестік  қала,  аудан  жəне  ауылдық  округтердегі 
халықтың барлық санаттарын қамти отырып, онлайн ұсынылады 
Осы  шаралардың  барлығы  жұмыс  берушілер  мен  азаматтарды  көбірек  қамтуды 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді  жəне,  сəйкесінше,  азаматтардың,  соның  ішінде 
жұмыстан босатылған кадрлар мен нəтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың 
жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау