Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет6/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


 
- жұмыс  берушіде  уақытша  бос  жұмыс  орындарының  болуы  туралы  ақпаратты 
енгізеді; 
- жұмыс  берушінің  талаптарын  ескере  отырып,  жұмыс  іздеушілерді  іріктеуді 
жүзеге асырады; 
- жұмыс іздеушіге жұмыс берушімен сұхбаттасуға жолдама береді. 
HR-промоутер Электрондық еңбек биржасының (Enbek.kz) көмегімен: 
- жұмыс  берушілердің  талаптарын  ескере  отырып,  жұмыс  іздеушілерді  іріктеуді 
жүзеге асырады. 
HR-промоутердің қызметінің нəтижесі: 
- серіктестік қарым-қатынас орнатылған, əсіресе аймақ экономикасының дамушы 
секторларындағы жұмыс берушілер санының артуы; 
- тіркелген, əсіресе аймақ экономикасының дамушы секторларындағы бос жұмыс 
орындары санының артуы; 
- жұмысқа орналасқан жұмыс іздеушілер санының артуы
- жұмыс 
берушілер 
тарапынан 
ЖҚО 
жұмысына 
қатысты 
негізделген 
шағымдардың болмауы жəне олардан оң пікір алу
- жұмыс берушілер үшін ЖҚО-ның тартымдылығын арттыру. 
 
3.2  Жұмыс  іздеушілермен  жұмыс  бойынша  менеджерлердің  жұмыс 
қағидалары 
а. Жұмыс іздеушілермен жұмыс істеудің проактивті форматы 
Жұмыс іздеушілермен жұмыс бойынша менеджерлер əмбебап болып табылады. 
Менеджер  жұмысқа  орналастыру,  əлеуметтік  төлемдер,  микрокредит  беру  бойынша 
кеңес жəне ЖҚО-ның басқа да қызметтері бойынша қызметтер көрсетеді.  
Ресепшионисттер,  кеңес  берушілер  мен  менеджерлер  ЖҚО  қандай  қызметтерді 
ұсынатындығын  біледі  жəне  өтініш  білдірген  азаматтарға  ақпараттық  көмек  көрсете 
алады. 
Клиенттермен  қарым-қатынас  кезінде  қызметкерлер  міндетті  түрде  клиенттің 
қандай қызметтер алуға құқылы екенін (жұмысқа орналастыру, оқыту, жəрдемақы жəне 
т.б.)  түсіндіруі  тиіс.  Менеджер  қызмет  көрсету  процесінде  жүргізілетін  əрекеттерді 
айтып  беруі  керек.  Менеджер  жұмыс  іздеушіге  ЖҚО  оның  жеке  деректерін  жұмысқа 
орналасуға көмектесу үшін пайдаланатынын хабарлайды. 
Жұмыс іздеушіге менеджер оны ЖІЖА мəртебесінде тіркейтіндігін жəне 10 жұмыс 
күні өткеннен кейін клиент жұмыссыздар мəртебесін алатындығын хабардар етуі керек. 
Менеджер  жұмыс  іздеп  жүрген  адамның  МӘСҚ-тан  жұмысын  жоғалтқан  жағдайда 
төленетін  əлеуметтік  төлемдердің  тағайындалуына  құқығын  тексеруі  тиіс.  Менеджер 
клиентке  міндетті  түрде  жұмыстан  айрылған  жағдайда  төленетін  əлеуметтік  төлем 
туралы жəне оны тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімі туралы хабарлайды. 
 
в. Жұмыс іздеушімен жұмыста жеке тəсіл қолдану 
Жұмыс іздеушілерлермен жұмыс істеу кезінде менеджер жеке тəсіл қолданады. 
Профильдеу  нəтижелерінің  негізінде  менеджер  жұмыс  іздеушіге  жұмысқа 
орналастырудың  жеке  жоспарын  (ЖОЖЖ)  əзірлейді,  онда  жұмысқа  орналасуға 
жəрдемдесу бойынша дербестендірілген іс-шаралар жоспары айқындалады. 
Жұмыс іздеушілер үшін жүргізілетін іс-шаралар жоспары əрдайым əр түрлі екенін 
ескеру  қажет.  Менеджер  тек қана жұмыс  іздеушінің  дағдылары  мен  біліктіліктерін  ғана 
емес, сонымен қатар оның жеке тілегін де ескеруі керек. Басқаша айтқанда, бір жұмыс 
іздеушіге қолданылатын іс-шаралар екіншісіне қолданылмайды. 
Менеджер жұмыс іздеушіге жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру үшін қандай іс-
шараларды қолдану керектігін түсіну үшін, оған дайындалған жұмысқа орналастырудың 
жеке  жоспарын  мұқият  зерделеу  керек  екендігін  түсіндіреді.  Белгіленген  уақытта 


10 
 
менеджермен  байланысуды  ұмытып  кетпеу  үшін  ЖОЖЖ-ға  уақытылы  бір  қарап  тұру, 
сондай-ақ, рухты жəне мотивацияны жоғалтпау үшін ЖОЖЖ кеңестерін пайдалану өте 
маңызды. 
 
б. Клиентке бағдарлану 
ЖҚО  қызметкерлері  жұмыс  іздеушілермен  өзара  əрекеттескен  кезде  тілектестік 
пен  қызығушылық  танытады.  ЖҚО  клиенті  қызметкердің  оған  көмектесу  үшін  қажеттің 
барлығын істейтіндігін сезуі керек. 
ЖҚО  қызметкері  клиентті  тыңдап,  оның  қандай  қызметтерге  мұқтаж  екендігін 
нақты  түсінуі керек.  Клиенттердің көпшілігі жұмыссыздар мен мұқтаж азаматтар болып 
табылатындығын түсіну керек,  бұл, əдетте, адам мінез-құлқына əсер етеді. Сондықтан 
қызметкерлер кеңпейілді жəне байсалды қалпын сақтап қалуы керек. 
Қажет  болған  жағдайда,  қызметкерлер  теріс  қылықты  жəне  агрессия  жасайтын 
клиенттерді  психологқа  жіберуі  керек,  бірақ  оны  «психолог»  деп  атамай,  мысалы, 
«клиентермен жұмыс бойынша менеджер» десе болады. 
Менеджер  клиентпен  өзара  достық  қарым-қатынас  жасайды.  Клиентті  қабылдау 
кезінде  байланыс  орнату  маңызды,  себебі  менеджер  профильдеу  кезінде  клиенттің 
белгілі  бір  сенім  деңгейін  талап  ететін  жауаптар  алуы  қажет.  Мысалы,  жұбайының 
жоқтығы, мүгедектік, алкогольге тəуелділік жəне сотталғаны туралы сұрақтар клиенттер 
үшін көбінесе жағымсыз. 
Менеджер  клиент  туралы  бұл  ақпарат  үшінші  тұлғаларға  (жұмыс  берушілер,  ІІМ 
жəне  т.б.)  берілмейтіндігін,  тек  клиентке  көмектесу  үшін  қажетті  қызметтердің  көлемін 
анықтау үшін пайдаланылатындығын сыпайы түрде түсіндіруі керек. Басқаша айтқанда, 
клиент  жауаптарында  қаншалықты  шынайы  болса,  біз  (ЖҚО,  мемлекет)  клиентті 
жұмысқа тұрғызуға соншалықты көп күш пен қаражат саламыз. 
 
г. Жұмыс іздеушілермен көп арналы байланыс 
Көпарналылық  –  менеджердің  бірнеше  байланыс  арналары  арқылы  жұмыс 
іздеушімен  өзара  қарым-қатынасы,  яғни  жұмыс  іздеуші  үшін  қолайлы  байланыс 
арнасын пайдалану болып табылады. 
Көпарналылық  жұмыс  іздеушілерді  ары  қарай  да  қолдау  үшін  өте  маңызды, 
себебі  жұмыс  іздеушімен  тез  арада  байланысқа  шығып,  туындаған  мəселені  ыңғайлы 
тəсілмен  шешу  мүмкіндігі  ЖҚО  қызметінің  мақсатына  жетуін  жəне  жұмыс  іздеушінің 
ЖҚО қызметтеріне қанағаттануын айтарлықтай арттырады. 
Жұмыс іздеушілермен жұмыс  бойынша менеджер қызметінің нəтижесі келесілер 
болып табылады: 
- тіркелген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар санының артуы
- жұмысқа орналастырылған жұмыс іздеушілер санының артуы; 
- жұмыс  іздеушілерден  негізделген  шағымдардың  болмауы  жəне  олардан 
жағымды пікір алу; 
- ЖҚО-ға сенімнің артуы. 
 
3.3  Ресепшн жəне күту аймағы қызметкерлерінің жұмыс қағидалары 
Ресепшн  қызметінің  қызметкерлері  ЖҚО  туралы  жұмыс  іздеушінің  алғашқы 
əсеріне жауапты болып табылады. 
Ресепшн  қызметкерлері  ЖҚО  клиенттерімен  тығыз  байланыста  болады  жəне 
мынадай қасиеттерге ие болуы керек: 
- кəсіби мінез-құлық; 
- жарасымды жайлы жеке қасиеттер
- коммуникативтік дағдылар
- қонақжай қарым-қатынас; 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау