15
- ЖҚО-ның орналасқан жері, жұмыс кестесі (режимі), телефон нөмірлері, веб-
сайттар мен
электрондық пошта адрестері;
- ЖҚО көрсететін қызметтер тізімі;
- қызметтерді ұсыну рəсімдері (мəтіндік жəне блоктық диаграмма түрінде);
- ЖҚО-ның, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің шешімдеріне,
əрекеттеріне немесе əрекетсіздіктеріне шағымдану тəртібі;
- қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізімі;
- ЖҚО-ның қызметтерді ұсыну бойынша жұмысын реттейтін заңнамалық жəне
өзге де нормативтік-құқықтық актілерден алынған үзінділер;
- қызмет көрсетуден
бас тартудың негіздемесі;
- еңбек нарығында сұранысқа ие кəсіптердің (мамандықтардың), еңбек қызметi
түрлерiнiң тiзбесi;
- азаматтарға лайықты жұмыс іздеуге, ал жұмыс берушілерге қажетті
жұмыскерлерді іріктеуге жəрдемдесуге бағытталған іс-шараларды өткізу туралы
ақпараттар (мысалы, бос жұмыс орындары жəрмеңкесін өткізу туралы).
6. ЖҚО жұмысының кестесі (режимі) туралы ақпарат ЖҚО мен жұмыспен
қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармаларының (бөлімдерінің)
ресми интернет-ресурстарында болады, сонымен қатар мен мерзімді түрде бұқаралық
ақпарат құралдарында орналастырылады. ЖҚО ғимаратының кіреберістерінде ЖҚО
жұмысының кестесі (режимі) туралы ақпаратты қамтитын стендтер (маңдайша жазулар)
орналастырылады.
7. ЖҚО қызметкерлері аты, əкесінің аты, тегі жəне лауазымы көрсетілген жеке төс
карточкаларымен (бейдждермен) қамтамасыз етіледі. ЖҚО қызметкерінің жұмыс орны
аты, əкесінің аты, тегі жəне лауазымы көрсетілген қабырғаға ілінетін немесе столға
қойылатын тақтайшалармен жабдықталады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында азаматтарды қабылдауды
ұйымдастыру жəне жүргізу талаптары
8. ЖҚО қызметкерлері азаматтарды қабылдауды алдын ала жазусыз, кезектің
өтуі туралы электронды хабарлау жүйесінің көмегімен жүзеге асырады.
4. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының жұмысына қойылатын талаптар
9. ЖҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында есептеуіш жəне электрондық техника
құралдары (ЭЕМ) орнатылады, олар келесілерді қамтиды:
- жұмыс іздеушілерге лайықты жұмыс түрлерін өз бетінше іріктеуді жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін «Жұмыс» интернет-порталы (Enbek.kz);
- кəсіби диагностика тесттерін өтуге арналған бағдарламалық жасақтама.
10. «Жұмыс» интернет-порталы (Enbek.kz) мен бағдарламалық жасақтамада
жұмыс істеу ережелері, сондай-ақ есептеуіш жəне электрондық техника құралдарының
жұмысына жауапты ЖҚО қызметкерінің аты, əкесінің аты, тегі, лауазымы жəне
отыратын орны туралы мəліметтер ЭЕМ тұрған жерге жақын ақпараттық стендте
орналастырылуы керек.
5. Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын жұмыс іздеу жəне
қызметкерлерді іріктеуге жəрдемдесу үшін пайдалану
11. ЖҚО мамандары өз жұмысында «Еңбек нарығы» ААЖ-ын жəне «Жұмыс»
интернет-порталын (Enbek.kz) пайдаланады.
«Еңбек нарығы» ААЖ ЖҚО қызметін автоматтандыруға арналған.
«Еңбек нарығы» ААЖ-дың деректер базасы ЖҚО мамандарымен жасалады жəне
жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос
16
жұмыс орындары жəне жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шаралары мен
еңбек делдалдығын көрсету туралы ақпаратты қамтиды. «Еңбек нарығы» ААЖ
көмегімен ЖҚО мамандары ЖҚО қызметінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді,
қажетті есептерді қалыптастырады.
«Еңбек нарығы» ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен
біріктірілген – жеке тұлғалардың МДБ, заңды тұлғалардың МДБ, СК АЖ, АҚАЖ,
мүгедектердің орталықтандырылған деректер базасы (МОДБ), ҚР ІІМ.
«Жұмыс» порталы Enbek.kz интернет-ресурсының базасы негізінде жұмыс
істейді. «Жұмыс» порталы азаматтарға жұмысқа орналасуға жəне жұмыс берушілерге
мамандарды іздеуге көмектесуге арналған.
«Жұмыс»
порталы
жұмыс
іздеушілер
мен
жұмыс
берушілер
өздері
орналастыратын жұмыс іздеушілер (резюме) мен бос жұмыс орындары туралы
ақпаратты біріктіреді.
«Жұмыс» порталы «Еңбек нарығы» ААЖ-бен біріктірілген. ЖҚО мамандарымен
«Еңбек нарығы» ААЖ-да қалыптастырылған жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс
орындары туралы ақпарат «Жұмыс» порталында еркін қолданыста орналастырылады.
Керісінше, «Жұмыс» порталында орналастырылған ақпарат «Еңбек нарығы» ААЖ-да
қол жетімді.
«Жұмыс» порталында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің ЖҚО-мен
өзара қарым-қатынасы «Жеке кабинет» ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі (4-
диаграмма).
"Еңбек нарығы" ААЖ, «Жұмыс» интернет-порталы жəне жеке жұмысқа
орналастыру агенттіктерінің деректері бірыңғай электронды «Еңбек биржасында»
біріктірілген.
12. Жұмыс берушілерге «Жұмыс» порталында келесі мүмкіндіктер берілген:
- «Еңбек нарығы» ААЖ ақпаратын ескере отырып, жұмыс іздеушілердің деректер
базасына қолжетімділік;
- бос жұмыс орындары туралы
ақпарат жіберу;
- жарияланған бос жұмыс орындарына сəйкес жұмыс іздеушілерді іріктеу
бойынша қызмет алу;
- жұмыс іздеушіні жұмысқа алу немесе оны жұмысқа алудан бас тарту туралы
ЖҚО-ны хабарландыру;
- жұмыс берушінің таратылуына немесе қызметін тоқтатуына, қызметкер
санының немесе штаттың қысқаруына, өндіріс жəне орындалатын жұмыстар мен
қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыскерлердің жұмыстан босатылуы
болатыны туралы мəліметтер беру
- болжамды жұмыс орындары туралы мəліметтерді жіберу;
- жұмыс іздеушілер арасынан кəсіптік оқытуға өтініштерді қалыптастыру.
Жұмыс іздеушілерге порталда келесі мүмкіндіктер берілген:
- бос жұмыс орындары базасына онлайн қол жеткізу;
- түйіндемені
орналастыру;
- бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға бағыттау қызметтерін алу;
- кəсіптік оқытуға өтініш беру.
6
13. «Жұмыс» порталы жұмысына жұмыс берушілердің қатысу тетігі келесідей:
- жұмыс берушілер «Жұмыс» порталының «Жеке кабинетінде» бос жұмыс
орындары бар екендігі туралы ақпаратты орналастырады. Бұл ақпарат «Жұмыс»
порталында бірден еркін қолданыста орналастырылады жəне бір уақытта «Еңбек
нарығы» ААЖ-да орналастырылады;
- жұмыс берушілердің жұмыс іздеушілерге белгілеген талаптарына жəне
шарттарына сəйкес тиісті аудандық (қалалық) ЖҚО «Еңбек нарығы» ААЖ деректер
6
Жұмыспен қамту бағдарламасының бірінші
бағыты бойынша