13
фактор болды . Бұл қауіпсіздік мынадай факторлармен анықта-
лады:
• жылдам бітетін ресурстар шығынын сақтау;
• газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың, мұнай отынын
пайдаланатынға қарағанда ауаға ластаушы заттарды анағұр-
лым аз шығаруы;
• жылу газдарын шығару төменділігі .
Метанның табиғи ресурстары мұнай запасынан бір саты жоға-
ры . Бұл ретте мотор отыны ретінде табиғи газ пайдаланылған
жағдайда, іс жүзінде жер қойнауынан өндірілгендердің бар-
лығы жіктелген арналымы бойынша пайдаланылу мүмкіндігі .
Демек мұнай отынын қолдану, отын қолданылған сайын табиғи
ресурстарының көптеп таусылуын талап етеді . Есептер көлік
құралдары газ отынына көшірілген жағдайда, адамзат үшін газ-
дың запасы 200 жылдан кем еместі құрайтынын көрсетеді . Сол
кезде мұнай ресурстары 30–50 жылдан кейін, демек энергоре-
сурс саясатын қайта құру үшін өте қысқа мерзімде таусылады .
Ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын төмендеуі
газ отынын қолдану кезінде табиғи газдың осы қасиеттерімен
анықталады, бұл қозғалтқыштардың отын үнемдеушілігінің
жоғары болуын қамтамасыз етеді . Бензин қозғалтқышы кедей-
лену шектеріндегі жоғары мәнділігінен (1 кг ауаға 54 г отын) бай
қоспаға реттелуге мәжбүр, бұл қоспадағы оттегінің жетіспеуіне
және отынның толық жанбауына алып келеді . Нәтижесінде мұн-
дай қозғалтқыштың пайдаланылған газды шығарындысында
қашанда оттегі жетпеген кезде түзілетін тұншықтырғыш газ (СО)
анағұрлым көп болуы мүмкін . Қозғалтқышта оттегі жеткілікті
болған жағдайда, жану кезінде жоғары температура (180 0С
астам) дамиды, содан ауаның азоты артық оттегіден азот то-
тығын тудырып қышқылданады, оның улылығы СО – әскери
улау затынан 41 есе асып түседі . Осы компоненттерден басқа,
қозғалтқыштың пайдаланылған газды шығарындысында көмір-
сутегі мен жану камерасының қабырғасы қыртысында түзілетін
олардың толық қышқылданбаған өнімдері болады, мұнда су-
мен салқындатылған қабырғалар қозғалтқыштың жұмыс циклі
14
уақытының қысқалығынан сұйық отынның булануына мүмкін-
дік бермейді және оттегінің отынға түсуін шектейді . Газ отынын
қолданған жағдайда барлық көрсетілген факторлар анағұрлым
әлсіз әрекет жасайды, негізінен қоспалардың мейлінше кедей
болуы салдарынан . Толық жанып кетпейтін өнімдер іс-жүзінде
пайда болмайды, өйткені оттегі әрқашан артығымен болады .
Азот тотығы аз мөлшерде түзіледі, өйткені кедей қоспада жану
температурасы тым төмен . Жану камерасының қабаты газды
ауа қоспасы кедей болған кезде, отын анағұрлым бай бензинді
ауа кезіндегіден аз болады . Осылайша, газ қозғалтқышы дұрыс
реттелген жағдайда бензиндіге қарағанда, тұншықтырғыш газ-
дың ауаға шығарылуы 5–10 есе аз, азот тотығы 1,5–2,0 есе аз
және көмірсутегі 2–3 есе аз болады . Бұл қозғалтқыштар тиісті
түрде күйленген кезде автокөліктердің перспективалы норма-
ларын («Евро-2» және мүмкін «Евро-3», «Евро-5») сақтауға
мүмкіндік береді .
Жылыту газы – қос тотықты көміртегі – отынның құрамына
енетін көміртегі жанған кезде пайда болады . Метанның құра-
мында салмағы бойынша көмір тегінің болуы 75 %, бензиннің
құрамында 85 % . Сондықтан метан толық жанып кеткен кезде
қос тотықты көміртегі (СО
2
) бензинге қарағанда 13 % аз пайда
болады . Демек, автомобиль отыны ретінде бензиннің орнына
табиғи газды пайдаланған кезде, соңғы кездері Жердің ең ба-
сты экологиялық проблемасы болып отырған парниктік газдар-
дың бөлінуі төмендейді .
15
Қазақстан автокөліктерінде СТГ
пайдаланудың жай-күйі және
перспективалары
Соңғы 25 жылда халықаралық қоғамдастықтың бірлескен қыз-
метінде қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауымен де, сол
сияқты әлемдік климаттың өзгеруі мен бүкіл адамзаттың өмір
сүруі үшін кейін жағымсыз салдарларға соқтыратын жалпы жер
атмосферасы температурасының тоқтаусыз жоғарылауымен де
байланысты ғаламдық экологиялық апаттың алдын алу күресі
алдыңғы қатарға шықты .
Осы кезеңде Климаттық өзгеруі жөніндегі шектемелі конвен-
ция (РКиК), Киот хаттамасы сияқты құжаттар қабылданды, оған
ағымдағы жүзжылдықтың соңына дейін жер атмосферасы тем-
пературасының 2 градустан артыққа көтерілуіне жол бермеу
жөнінде мемлекеттердің ерікті күш салуларын беркіткен соңғы
желтоқсандағы 2015 жылғы Париж саммитінің құжаттары жа-
тады, халықаралық . Бұл міндеттер мемлекеттердің атмосфе-
раға зиянды заттар шығарындыларын төмендету, сондай-ақ
әлемдік экономиканың дамуын немесе ең жуық перспективада
ұлттық мемлекеттер экономикасының жекелеген секторларын,
әсіресе индустриялық дамыған елдерді төмен көміртекті жолға
көшіру бойынша нақты міндеттемелер қабылдауын талап етеді .
Қазақстан, өз экономикасы мен қолданатын технологияларын
жаңа уақыт талаптарына сәйкестендіруге дайын екендігін атай
отырып осы құжаттардың барлығына қол қойды . 2007 жылғы
9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі,
2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және тиімділікті
арттыру туралы» заң, ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан
2013 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасын «жасыл
экономикаға» көшіру жөнінде тұжырымдама, 2014 жылғы 5
желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республика-
16
сының газ секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
қабылданды, ел экономикасын қажетті бағытта дамыту үшін қо-
лайлы құқықтық және ынталандыру жағдайларын жасау мақса-
тында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге маңызды
қосымшалар мен түзетулер енгізілді .
Қазақстан Республикасын «жасыл экономикаға» көшіру жөнін-
де тұжырымдамада салаларды модернизациялау, көмір су-
тек газдарын шығарындыларын қысқарту, көлік саласында газ
отынын пайдалануды кеңейту, газ отынын пайдаланушыларды
қоса алғанда, көліктің баламалы түрлерін, жол инфрақұрылы-
мын дамыту, автокөліктен шығарындылар бойынша еуропалық
норма орнату, 2020 жылға дейін Алматы қ . және басқа ірі қала-
лардың авто парктерін сығымдалған табиғи газ тұтынуға көшіру
(бұдан әрі – СТГ) міндеттері қойылды . ҚР газ секторын 2030
жылға дейін дамыту тұжырымдамасында Алматы қаласы мен
газдандырылған облыс орталықтарының қалалық қоғамдық
көліктері мен жол-коммуналдық қызметтерін СТГ, Астана қ . мен
газдандырылмаған облыс орталықтарын – басқа газ моторлы
отынға, атап айтқанда сұйытылған көміртек газына (бұдан әрі –
СКГ) көшіру жөнінде нақты міндеттер қойылды . Алматы қ . мен
Астана қ . газдандырылған автокөліктер үлесі 2022 жылға қарай
30 %, 2030 жылы – 50 % құрауы тиіс . Бұл мақсаттар Мемлекет
басшысының 2014–2015 жылдары «Алматы қ . дамыту тура-
лы» мәселелер жөніндегі мәжілістерде жасаған кейінгі тікелей
тапсырмаларында да нығайтылды .
Еуроазиялық экономикалық одақ кеңістігінде (бұдан әрі
-ЕАЭО)»2020 жылға дейінгі кезеңде ТМД қатысушы-мемлекет-
тердің көлік құралдары үшін мотор отыны ретінде табиғи газды
пайдалануды дамыту және ынталандыру жөніндегі кешенді ша-
ралар» туралы бірлескен құжатқа қол қойылды .
Қазіргі уақытта Қазақстанда отын ретінде СТГ пайдаланатын 2
мыңға жуық автокөліктер, соның ішінде 1200 ден астам бір-
лік Алматы қ . Бұл Қазақстанда жұмыс істейтін 12 АГТКС іші-
нен 6 оңтүстік астанада орналасуымен байланысты, оның 5
«ҚазТрансӨнімдері» ЖШС компаниясы тобының меншігі болып
Достарыңызбен бөлісу: |