ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
4
ҚР ТЖМ 2009 жылғы 14 тамыздағы №197 бұйрығымен бекітілген «Хлорды өндіру,
сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойлатын талаптар».
«Жер сілкінісіне (дүлей апатқа) ұшыраған елді мекендердің инженерлік жүйелерін
қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулық», М.,
инженерлік жабдықтардың ЭҚҒЗИО, 1990ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысымен
бекітілген «Арнайы
су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру ережесi».
«Ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі туралы техникалық регламент» (2013
жылғы 2 шілдедегі өзгертулермен), РФ №185-ФЗ заңы.
ҚР ТЖ Министрінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы №22 бұйрығымен бекітілген
«Қалалар мен шаруашылық жүргізу объектілерін санаттау дәрежесіне байланысты
азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны
жөніндегі нұсқаулық».
Қазастан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 14
сәуірдегі №129-п бұйрығымен бекітілген «Тазарту құрылыстарының жұмысына және
төгiндi суларды шығаруды тексеру жөнiндегi нұсқау».
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінің 1997ж.
бұйрығымен бекітілген «Экологиялық аудандастыруды жүргізу кезінде Қазақстан
Республикасының түрлі табиғи-климаттық аймақтарында су ресурстарын пайдаланудың
экологиялық нормалары мен нормативтерін анықтаудың әдістемелік анықтамалары».
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18
сәуірдегі №100-п бұйрығымен бекітілген «Төгінді сулармен су нысандарына, сүзгілеу
өрістері мен жергілікті бедерге зиынды заттардың төгінділерінің нормативтерін есептеу
әдістемесі».
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 26 қарашадағы
№412 бұйрығымен бекітілген «Химиялық зертханаларда өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын жалпы салалық талаптар».
ЕСКЕРТУ: Нормативті пайдалану кезінде сілтеме жасалған нормативтік құжаттардың
әрекет етуін жыл сайын басып шығарылатын ақпараттық тізбелер және ағымдағы жылға
нұсқағыштар мен ай сайын басып шығарылатын ақпараттық бюллетеньдер мен ағымдағы
жылы басып шығарылған нұсқағыштар бойынша тексерген жөн.
Егер сілтеме жасалған құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, нормативті
пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет.
Егер сілтеме жасалған құжат ауыстырусыз алынып тасталса, оған сілтеме жасалған
ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігінде қолданылады.
3 Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар
3.1
Терминдер мен анықтамалар
Авариялық-құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени
құндылықтарды іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл
медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдай аймағындағы қоршаған
ортаны қорғау және әскери іс-әрекеттерді жүргізу, оқшаулар және басу немесе оларға тән
қауіпті факторлардың ықпалын барынша аз ықтимал деңгейге жеткізу.
Авария - нысанда, белгілі аумақ немесе акваторияда адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіп төндіретін және ғимараттар, құрылыстардың, жабдықтар мен көлік
құралдарының қирауына, өндірістік және көліктік үрдістерінің бұзылуына, сондай-ақ
қоршаған табиғат ортасына шығын әкелетін қауіпті техногендік оқиға.
Су құбырын енгізу – сумен жабдықтаудың тарату желісінен шыққан құбыр, қосу
нүктесінде бекіткіш арматурасы бар құдықты қоса алғанда, ғимараттың қабырғасына дейін.
Жарылыс – зат күйінің физикалық, химиялық немесе физика-химиялық өзеруіне