ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
45
6-кесте (жалғасы)
7
Су құбырының тазарту құрылғылары (СТҚ)
Сүзгіштердің жүктемесі. Тозған жабдықтарды және аспаптарды ауыстыру. Сұйық хлорды пайдаланатын
суды зарарсыздандыру жүйесін электролизді қондырғыларда алынатын натрий гипохлоритіне ауыстыру
және басқа да қазіргі заманғы әдістер. Энергиямен жабдықтаудың резервтегі көздерін орнату. Техникалық
нығайту және қорғау шараларын сақтау.
8
Канализациялық тазарту құрылғылары (КТҚ)
Тұндырғыштарды тазарту. Жабдықтарды және аспаптарды ауыстыру. Буландырғыш (тұнба) алаңдарын
лайдан тазарту, тұнбаны тыңайтқышқа қайта өңдеу. Бұратын арналардың құрылғыларын және сарқынды
суды жинағыштарды тазарту және жөндеу. Энергиямен жабдықтаудың резервтегі көздерін орнату.
Санитарлық қорғалу аймағының жай-күйін бақылау, техникалық нығайту және қорғау шараларын сақтау.
7 кесте - Су жинайтын орыннан судың берілуі төмендеген жағдайдағы сумен жабдықтау жөніндегі іс-шаралар
Су жинайтын
орыннан судың
берілуінің төмендеу себептері
Қалаға 100 %-
дық қамтамасыз
ету үшін, мың
м3/тәу. беру
қажет
Тұтынушыларды
ажыратусыз
нақтылы беру,
мың м3/тәу.
Қаладағы судың
тапшылығы мың
м3/тәу.
қамтамасыз
етілудің %
Тапшылықты жабуға арналған шаралар
1
2
3
4
5
6
Су ағызғылардан берілуінің 50 %-ға төмендеуі
1. Су ағызғылардың екі тармағының
біреуінің істен шығуы
320,0
290,0
30,0
91
Тұрғын үй секторындағы ыстық сумен жабдықтауды ___
кестеге сай жартылай ажырату
Су ағызғылардан берілуінің 85 %-ға төмендеуі
1. Екі су ағызғыда да жекелеген
телімдердің істен шығуы
320,0
240,0
80,0
75
1. Тұрғын үй секторындағы ыстық суды ___ кестеге сай
ажырату
2. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды шектеу және өз су
жиналғысынан және ұңғымасынан техникалық суға
ауыстыру (___ кестені қара.)
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
46
9 Судың сапасын зертханалық бақылау
9.1 Сынақ зертханаларына қойылатын жалпы талаптар
9.1.1 Судың сапасын бақылауға талдауды, су ресурстарының және қоршаған табиғи
ортаның жай-күйіне мониторингті жүргізу үшін, су көздерінде радиоактивтік және
улайтын заттардың, бактериялық және басқа да ластаушы заттардың пайда болғанын
уақытында анықтаудың, олардың құрамын және ықтимал таралу жолдарын анықтаудың
мақсаттарында базалық (орталықтандырылған, аймақтық)
және объектілік сынақ
зертханалары құрылады.
9.1.2 Базалық және объектілік зертханалар облыстардың, облыс орталықтарының, ірі
қалалардың және елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде
ұйымдастырылады.
9.1.3 ТЖ жағдайында халықтың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
амандығы, қоршаған ортаны қорғау, метрология саласындағы уәкілетті органдардың, ірі
кәсіпорындар мен ұйымдардың сәйкесінше зертханалары
қосымша зертханалар ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
9.1.4 Ішетін суға және сарқынды суға талдауды жүргізетін сынақ зертханалары (СЗ)
белгіленген тәртіпте тіркелуі керек. Сынақ зертханаларын тіркеу тіркеу саласындағы МСТ
Р ИСО/МЭК 17011–2008 талаптарына, «Органдарды сәйкес келуін бағалау бойынша
тіркеудің жалпы талаптарына (СДА–01–2009)» және 10.01.2012 жылғы №13
«Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың» санитарлық
ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
9.1.5 Сынақ зертханасының:
- әр қызметкер үшін нақтылы қызмет саласын және оның өкілеттігінің шектерін
(орындайтын қызметтерінде, міндеттері мен жауапкершілігін) қамтамасыз ететін
ұйымдық құрылымы және зертхана туралы ережесі;
- барлық техникалық тапсырмалардың (сынақтарды жүргізумен байланысты)
орындалуы үшін жауап беретін техникалық басқарушысы және сәйкесінше білімге және
біліктілікке ие мамандардың жеткілікті саны;
- қажетті құжаттамасы: суды талдау мен сынамаларды
іріктеп алуды орындау
саласындағы әдістемелері, нұсқаулықтары, СЕ, СНжЕ, МСТ, техникалық әдебиеті,
сондай-ақ қызметкерлерді үнемі оқытып отыруды және біліктілігін көтеруді қамтамасыз
етуі. Сынақ зертханасының жұмысында пайдаланылатын барлық стандарттар,
басшылықтар, нұсқаулықтар, анықтамалық деректер
және басқа да құжаттар
метрологиялық органдарда тіркелуі және қызметкерлердің танысуына рұқсат берілуі
керек;
- сынақтар мен өлшеулерді дұрыс жүргізуі үшін сәйкесінше сынақ жүргізетін
жабдығы, өлшеу құралдары, сенімді аспаптары, сондай-ақ шығыс материалдары
(химиялық реактивтер, заттар, стандартты үлгілер, химиялық ыдысы және т.б.) болуы
керек.
9.1.6
Сынақ жабдығы, өлшеу құралдары және өлшеудің әдістемелері өлшеудің
біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлкеттік жүйесінің стандарттарының, сынақтың
әдістерінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келуі керек.
9.1.7 Сынақ жүргізуге арналған жай қажетті жабдықпен және энергия көздерімен, ал
қажет болған кезде сынақ жүргізілетін ортаны реттеуге арналған құрылғылармен
жабдықталған болуы керек. Сынақ аймақтарына кіру және оларды пайдалану сәйкесінше
тәсілмен бақылануы керек; сондай-ақ осы зертхананың қызметкерлеріне жатпайтын
тұлғаларды жіберудің шарттары да анықталуы керек.
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
47
9.1.8 Сынақ зертханасы стандарттармен және техникалық талаптармен белгіленген
әдістер мен рәсімдерді пайдалануы керек. Бұл құжаттар талдауларды жүргізуге жауапты
қызметкерлердің қарауында болуы керек.
9.1.9 Сынақ зертханасының сынақтардың нәтижелерін тіркеу жүйесі болуы керек.
10. Суды тазалайтын станциялардың жұмысының тәртіптері және төтенше
жағдайлардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланудың тәртібі
10.1 Төтенше жағдайлардағы жұмыс тәртібі
10.1.1 Объектілерде, аумақтарда немесе су айдындарында төтенше жағдайлардың
пайда болу қаупі болмаған кезде басқару органдары, кәсіпорындар және ұйымдар
күнделікті қызметтің тәртібінде қызмет атқарады.
СЖ және СБ кәсіпорынының күнделікті қызметтің тәртібінде басқару
органдарының, барлық буындарының, күштері мен құралдарының төтенше
жағдайлардағы бірінші кезекте халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттерді
орындауға үнемі дайын болуы қамтамасыз етіледі.
Бірінші кезекте халықтың тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға дайындық
жөніндегі іс-шаралардың көлемі және құрамы күш пен құралдардың қажетті
жеткіліктілігін және барынша пайдалануды есепке ала отырып анықталады.
10.1.2 Төтенше жағдайлар солардың аумағында пайда болуы мүмкін немесе пайда
болған не төтенше жағдайларды жою солардың өкілеттігіне жатқызылған жергілікті
атқарушы билік органдарының және ұйымның басқарушыларының шешімдерімен
сәйкесінше елді мекендер үшін келесі қызмет атқару тәртіптерінің бірі белгіленуі мүмкін:
а) жоғары дайындық тәртібі - төтенше жағдайдың пайда болу қаупі кезінде;
б) төтенше жағдайдың тәртібі - төтенше жағдайлар пайда болған және жою кезінде.
Сәйкесінше аумақтарда жоғары дайындық тәртібін немесе төтенше жағдайдың
тәртібін енгізуге негіз болған жағдайлар жойылған кезде жергілікті атқарушы билік
органдарының және ұйымдардың басқарушылары белгіленген тәртіптердің күшін жояды.
10.1.3 Төтенше жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру объектілеріндегі барлық
құрылыс, жөндеу, алдын ала жоспарлы және басқа да жұмыстың түрлері тоқтатылуы
керек.
10.1.4 ТЖ пайда болу қаупі кезінде әрекеттердің тәртібі келесі түрде беріледі:
- қалыптасқан жағдайды бағалау;
- жағдайдың ықтимал дамуына болжам жасау;
- ТЖ және жергілікті атқарушы билік органының басшысының шешімдерді
қабылдауы үшін деректерді
дайындау;
- ТЖ алдын алу немесе оның халыққа, экономиканың объектілеріне және қоршаған
табиғи ортаға әсерін азайту жөніндегі ұйымдық, инженерлік-техникалық және басқа да іс-
шараларды жүргізу туралы шешімдерді қабылдау.
10.1.5 Сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорнының бірінші басқарушысы және
басқару органдары ТЖ-ның пайда болуы қаупі кезінде:
- қалыптасқан жағдайды және ықтимал салдарларын бағалайды, оның дамуына
болжам жасайды;
- қадағалау және зертханалық бақылау органдарына міндеттерін нақтылайды;
- жедел топтардың,
апаттық бригадалардың, пайдалану қызметтерінің және төтенше
әрекет етуге арналған басқа да күштердің дайындығын тексереді, қажетті бұйрықтарды
береді;