135
■
Office 2013 — классикалық мерзімсіз лицензиясы бар үстел үсті
және портативті дербес компьютерлерге арналған дәстүрлі
бағдарламалық өнім;
■
Office 365 — Жазылым арқылы Office қызметін жаңарту, Microsoft
бұлт серверлеріне жаңартылған және тұрақты түрде қосылған. Ол
үйде қолданушыларға, бизнеске, студенттерге және мемлекеттік
мекемелерге арналған нұсқалар түрінде ұсынылады.
■
Серверлік кеңселік компоненттер (Office Servers) — Бұлттық
серверлерде орналастырылған Exchange, SharePoint, Project және
Lync қызметтері Office 365 бизнес нұсқаларының толық құрамдас
бөлігі болып табылады;
■
Windows RT үшін Office - Windows RT құрылғыларында Word,
Excel,
PowerPoint және OneNote сияқты негізгі кеңселік
компоненттер жиынтығы қол жетімді болады.
Пакеттің
ажыратылымдылық ерекшеліктері:
Қаптамада Windows 8-тен RT-ке
ұқсас қарапайым интерфейс бар;
■
Пакет SkyDrive бұлт қоймасымен біріктірілген. Сақтау қоймасында
барлық құрылған Office құжаттары сақталады. Қаласаңыз, құжатты
компьютерге сақтауға болады;
■
IMAP хаттамасы бойынша Outlook 2013 бағдарламасында тек
хабарламалар тақырыптарын жүктеудің қолайлы мүмкіндігі
алдыңғы нұсқаларында болды (хабарлар үнемі толық жүктелді,
соның ішінде, SPAM үшін де); Пошта, контактілер, тапсырмаларды
синхрондау үшін Exchange ActiveSync (EAS) хаттамасына қолдау
бар. Бұрын EAS протоколы мобильді клиенттерде ғана қолданды,
сонымен қатар Outlook MAPI-ды синхрондау үшін де қолданаылып,
EAS қолдау қызметі - Outlook 2013 және Windows Mail жұмыс
үстелдеріне (Windows 8-де) орнатылды;
■
PDF файлдармен жұмыс істеуге, соның ішінде редакциялауға да
болады;
■
ДИЗАЙН қосымша беті бар
, ол барлық құжаттарға стиль орнатуға
және Word жаңа оқылу режимін орнатуға мүмкіндік береді;
■
онлайн-видео қою;
■
Excel-де «ақылды толтыру», «ұсынылатын кесте» және «жылдам
талдау».
136
4.3.1. Word 2013
мәтіндік процессоры
Мәтіндік процессоры – пакеттердің ішіндегі ең танымал
қосымшасы, сондықтан ең алдымен осыған тоқталамыз. RT стиліндегі
интерфейс тек сыртқы деңгейде ғана шығарылған, ал диалогтық
терезелердің маңызды бөлігі дәстүрлі түрде рәсімделген. Өзге жағынан
түзетуді ұсына отырып, олардан бас тартады, мысалы емле қателерін
түзету енді арнайы панельде орындалады.
Пішімдерді қолдау. Ең көп талқыланған жаңа мүмкіндіктердің бірі
- PDF файлдармен жұмыс істеу мүмкіндігі (4.1-суррет). Егер Word
бағдарламасының алдыңғы нұсқалары тек қана сақтай алса, яғни PDF
экспорттаса, Word 2013-те импорттауға болады.
4.1-сурет. PDF
пішімінде файлдарды қолдау
138
формулаларды стандарттайды. Оған қоса, Office 2013 XADES сандық
қолтаңбаларын қолдайды.
Оқу режимі. Word 2013 бағдарламасында оқу режимі едәуір
жаңартылды (4.2-сурет), ол планшеттерде болашақта қолдану үшін
бейімделудің айқын салдары болып табылады. Ең дұрысы ол Word
2010 бағдарламасындағыларға ұқсайды, бірақ қазіргі заманға сай
қолданылады: стандартты - экран өлшеміне байланысты автоматты
қаріптерді таңдаған екі баған көрінісі бар, толық экранды режимге
жылдам ауысуға болады және Metro-ға тән үш нүктелікті басу арқылы
қосымша құралдарды шақыруға болады (бірақ іс жүзінде экранның
жоғарғы жағындағы барлық тар жолды басуға болады). Әрине
пайдаланушы көріністі өз талғамына қарай өзгерте алады - масштабты
өзгертуге, субстратты таңдауға, кең экрандарда екі емес, үш бағанды
көрсетуге болады.
Оқу режимінде суреттерді ғана емес, сонымен қатар кестелерді де
ыңғайлы масштабтау функциясы жұмыс істейді (4.3-сурет). Ол
«браузер» стилінде жүзеге асырылады, егер үлкейтілген кескін
«тұмандалған» беттің үстіне шықса, онда арнайы батырма оны одан
әрі көбейтуге мүмкіндік береді және сыртынан басу бәрін бастапқы
күйіне қайтарады.
4.3-сурет. Оқу режимінде
объектілерді масштабтау