82
педагог ақпараты: Құрғақ тағам ас қорыту жүйесіне
зиян келтіреді. Неліктен печенье, кептірілген нан
жегенде айран немесе шай ішу керек? Еш сусынсыз
қанша бауырсақ жей аласың? Құрғақ тамақ асқазанға
жеткенше өңеш арқылы ауыр қозғалып, жұтқанда
қиындық туындайды. Құрғақ нан қоқымына шашалып
қалу қаупі бар (ауа қарқыны арқылы нан қоқымы тыныс
алу жолдарына түсуі мүмкін). Құрғақ тағамға бөлінетін
асқазан сөлі жеткіліксіз. Тағам асқазанда ұзақ тұрып
қалады, ал ол тағам сапасына әсер етеді. Сол себепті
өз ағзаларыңа қамқорлық танытып, ыстық сұйық тағам
ішу қажет. Тамаққа нан қосып жеген жөн. Құрғақ тамақ
ас қорыту жүйесі жұмысына зиянды. Сорпа күнделікті
тамақ үлесінде болуы керек. Ыстық тамақ асты дұрыс
қорытуға жәрдемдеседі.
– Денсаулық үшін пайдалы және зиянды азық-түліктерді
білу қаншалықты маңызды?
– Қандай азық-түліктерді пайдалы және зиянды деп
атауға болады? Балалар өз ойларымен бөліседі.
көптілділік: азық-түлік – продукты питания – food,
ас мәзірі – меню – menu
(ұ) «ұрланған қуаныш» ертегісін оқып, талдау.
Бір елде көңілді адамдар мекендепті. Олар өмірге
құштар, белсенді жандар екен. Тыным таппай
еңбектенеді, спортпен шұғылданады, табиғат аясында
демалады. Балалар да, үлкендер де күн тәртібін
сақтады, пайдалы тағамдарды қорек етті.
83
Бір күні бұл елге Қуырылған картоп пен оның
көмекшілері басып кірді. Қуырылған картоп
тұрғындардың қуанышын ұрлап алып, үлкен сандыққа
салып, елсіз аралға жасырды, ал кілтін жер бетіне
шашып тастады.
Елді жалқаулық билеп алды. Тұрғындар өздерінің
сүйікті істеріне қуанбады, спортпен айналыспады,
пайдасыз тағамдарды жейтін болды. Олардың денелері
ісініп, үлкен картопқа айнала бастады. Енді олар
бір-біріне қарап, ойлана бастады. Сандықты ашып,
тұрғындарға қуанышты қайтару қажет деген шешімге
келеді.
Олар мейірімді сиқыршыдан сандықтың кілттерін
қайдан іздеу керек екенін біліп, жолға шықты. Бірінші
кілтті табу үшін толқыны қатты судан жүзіп өту қажет.
Балалар суға секіріп, жүзе бастады, олар қолдарымен
жылдам есіп, бұлшық еттері бұрынғы қалпына келді.
Екінші кілтті табу үшін қалың орманнан өту керек.
Құлаған ағаштардан аттап, оңға-солға бұрылып
жүріп өтеді. Балалар орманнан шыққанда арқалары
бұрынғыдай мықты болғандығын сезінді. Үшінші
кілтті алу үшін балалар батпақ арқылы бір төмпешіктен
екінші төмпешікке секіруі керек болды. Аяқтары
бұрынғы мықты қалпына келді. Балалар теңізге жетіп,
таза су бетінен өздерін көрді. Денелері сымбатты, тек
бастары әлі картопқа ұқсап тұрды. Соңғы сынақ қалды.
84
Сандыққа жету үшін кемемен аралға жүзіп бару
қажет. Жағада тұрған кеме толы кәмпит, тәтті сусынды
бөтелкелер, қуырылған картоп, торт, сүт тағамдары,
көгөністер мен жемістер болды. Балалар кемеге
кіргенде ол ақырындап суға бата бастады. Батып кетпес
үшін балалар зиянды тамақтарды суға тастау туралы
шешім қабылдады. Сол сәтте олардың бастары бұрынғы
қалыпқа түсті.
Аралға жеткен балалар сандықты ашқанда сандық
ішінен қуанышқа толы көпіршіктер пайда болды. Жел
көпіршіктерді қалаға үрлеп әкелді. Қала үстімен ұшқан
көпіршіктер адамдарға қуаныш сыйлады. Әдемілік,
денсаулық қайтып оралған алыс елдің тұрғындары
бұрынғыдай бақытты әрі қуанышты өмір сүрді.
– Неліктен бұл елде еріншектік пен қайғы ұялады және
барлық тұрғындар неліктен семіріп кетті?
– Ұрланған қуанышты іздеу үшін тұрғындар қандай
шешім қабылдады?
– Балаларға қандай азық-түліктерді кемеден алып тастау
керек болды және неліктен?
– Салауатты өмір салты дегеніміз не және неліктен арал
тұрғындарына қуаныш қайтып оралды?
– Қандай азық-түліктерді аса қауіпті деп атауға болады
және неліктен?
педагог ақпараты: Ежелде адамдар ешқандай зиянды
азық-түліктерсіз қарапайым тамақтанған.
85
Қуырылған картоп, кепкен нан, газдалған су, майонез,
кетчуп, торт сияқты азық-түліктер болмаған.
Гамбургер, донер, қуырылған картоп сататын тез
тамақтанатын жерлер болған жоқ. Бұл азық-түліктерге
дәмдеуіштердің сапасын арттыратын, ағза үшін
зиянды түрлі химиялық заттар қосады. Елестетіп
көріңдерші, түрлі дәмдеуіштердің өңдеуінен кейін
сатылмай, бұзылайын деп тұрған азық-түлік сендердің
дастарқандарыңда пайда болды делік. Ол тәбетіңді
ашатындай, иісі аңқып тұрады. Сендер жеп, дәмді
екенін айтасыңдар. Іштеріңде не болып жатқанын
сендер білмейсіңдер. Тек уақыт өткен соң – бір күн
немесе бірнеше айдан кейін өзіңді жайсыз сезініп,
ауырғаныңды байқайсың.
тәжірибе. Педагог шикі ет бөлігін шыны ыдысқа салып,
үстіне «Кока-кола» сусынын құяды. ҰОҚ соңында
балалар ыдыстағы етке қарап, біздің асқазанымызда да
осындай жағдай болады деген қорытынды жасайды.
Газдалған шырындардың қаупі туралы талқылайды.
Педагог балаларға ғаламтордан көптеген кеңестер
табуға болатынын айтады. Мысалы, «Кока-коланың»
көмегімен кірленген тұрмыстық заттар мен су ағатын
шүмектің астына қоятын ыдысты тазалауға болады. Бұл
тазалаушы ұнтақты және сұйық сабынды ішумен бірдей.
Ұнтақ пен сабынның дәмін көргілерің келе ме?
86
Бұл химияны не үшін ішеміз? Тәтті болғаны үшін бе?
Сендер білесіңдер ме, бір литр бөтелкедегі газдалған
тәтті шырында толық екі стақан қант бар. Бұл өте көп.
Мұндай қант көлемі семіздікке, қант диабетіне, тіс
эмалінің бұзылуына әкеліп соғады.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
Балалар тамақтану ережелерін талқылайды.
Есте сақта:
– Көшеде тамақтанба! Ол жерде тазалық ережесі
сақталмайды.
– Түрегеп жүріп тамақтанба!
– Тамақтанар алдында тәттілерді жеме!
Кестеден бес пайдалы тағам түрлерін ата.
Әліппе-дәптер
IV. ұОҚ
қорытындысы.
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды.
– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты
білдіңдер?
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын
сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады.
– Егер сендер дұрыс тамақтану жайлы түсінбесеңдер,
онда баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау
смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын
түсініп, жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда
баспалдақтың ең жоғарғы сатысына көңілді смайликтің
суретін салыңдар.
Әліппе-дәптер
Достарыңызбен бөлісу: |