111
тұрғындардың біршама маңызды мақсатты топтарымен байланыстар
ұйымдастыруын, сондай-ақ бар қарым-қатынастардың сапалы бағасы мен
түзетулерін қамтамасыз етеді. Өнімді дамыту саласында өзара қарым-
қатынастар маркетингі құрал ретінде ең алдымен тұлғалық және
телекоммуникациялық байланыстарды, арнайы акцияларды ұйымдастыруды
(мысалы, білім беру ұйымдарындағы «Ашық есік күндері») іс-шаралар
маркетингі (өткізілетін спорттық әсерлі іс-шаралар жарнамасы, қабылдау
туралы хабарлама және т.б.), мамандандырылған клубтар құруды қолданады.
Өзара қарым-қатынастар маркетингін тиімді ұйымдастыру үшін келесі
талаптарға бағдарлану қажет:
– ақпаратты қамтамасыз ету: коммуникациялардағы қолжетімділік,
жариялылық
және ашықтық;
– өзара әрекеттерді ұйымдастыру, жеке байланыстарға басымдылық беру,
коммуникацияға қатысушылардың кәсіби біліктілігі, жұмыстың дербес
жүргізілуі және т.б.
Маркетингтің маңызды мақсатты қызметі – тауарлар мен қызмет көрсетуді
дамыту болып табылады. Дамыту тауар мен қызметтің жағымды бейнесін және
тұтынушыларға қызмет көрсетудің және соңында өнім алуды қамтамасыз
ететін маркетингті қызмет болып табылады.
Ұсыну түрлері өздігінше, сондай-ақ кешенді түрде қолданылады. Дене
шынықтыру-спорт ұйымдарының маркетинг қызметін ұйымдастырудың
біршама тиімді түрлері:
– жарнама – спорттық маркетингте бірқатар маркетингтік іс-шаралар
жүргізіледі: а) тележарнама, телебағдарламалар кезіндегі жарнамалық
қойылымдар, спортшылардың жарнамалық көріністерге қатысуы, олардың
жарнамалық фильмдерге, бейнеклиптерге түсірілуі және т.б.; б) басылымды
жарнама – жарнамалық ақпараттардың спорттық газеттерде, журналдарда,
буклеттерде, бағдарламаларда, кіру билеттерінде және т.б. жариялануы; в)
сыртқы жарнама – спорт ареналарында және басқа жарамды орындарға
жарнамалық қалқандар ілу; спортшылардың демеушінің танылымды белгісі
басылған киімдермен немес
құрал-жабдықтармен шығуы;
– жариялылық – танымал спортшылардың, жаттықтырушылардың, қоғам
және саяси қайраткерлердің қандай да бір дене шынықтыру-спорт қызметтері,
ұйымдары туралы оң, сенімді пікірлері арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру.
Дене шынықтыру-спорт қызметі жүйесінде бұл әдіс нақты бір спорт түрін, дене
шынықтыру-спорт ұйымдарын танымалдандыру бойынша, салауатты өмір
салтын және спортпен шұғылдануды үгіттеу бойынша қызмет саласына
көшірілуі мүмкін;
– паблик рилейшнз – ұйымның жағымды бейнесін (имиджін)
қалыптастыру, яғни сенімділік, салиқалық, міндеттілік имиджін ұстап тұру;
тұтынушылармен, серіктестерімен мәмілелі диалог жүргізу; өз қызметкерлері
бойында маркетинг нәтижесіне деген қызығушылық сезімін қалыптастыру;
– жекелей сатылым, тікелей маркетинг – сенімді де, шынайы