107
- болашақ дене шынықтыру маманына қажетті арнайы білімдер мен
біліктіліктер жүйесін қалыптастыру;
- дене шынықтыру мен спортты басқару ғылымының заманауи
жетістіктерін меңгеру.
Курстың мақсаты – табыс әкелетін тұтынушылар нарығын қамтамасыз ету
мен сақтау мақсатында дене шынықтыру-спорт саласы өнімі ұстанымдарын
қолдана білуді үйрету, сондай-ақ, ақпаратты өз жұмысында қолдана білу,
маркетингтік зерттеу жүргізе білу және нәтижелерге сараптама жүргізе білу.
Курстың міндеттері: маркетингтің нарыққа дене шынықтыру-спорттық
қызметті шығарудағы рөлін түсіну; спорт маркетингі кешені, қызметі, мақсаты
мен қағидаттары туралы түсінігі болуы; дене шынықтыру-спорт фирмасының
маркетингті ортасына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар әсерін бағалай
білу; дене шынықтыру-спорт қызметтері мен тауарларын орнықтырудың негізгі
әдістерін білу [238].
Біліктіліктер мен дағдыларға қойылатын талаптар
Біліктіліктер:
- дене шынықтыру-спорт қызметі сапасы деңгейін бағалай білу;
- маркетинг саласындағы дене шынықтыру-спорт қызметі нарығында
маркетингтік зерттеулер жүргізе білу;
- дене шынықтыру-спорт фирмасының маркетингтік ортасына әсер ететін
сыртқы және ішкі факторлар әсерін бағалай білу;
- дене шынықтыру-спорт қызметі саласындағы баға түзудің негізгі
әдістерін қолдана білу.
Білу керек:
- дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі маркетингтік қызмет мазмұнын,
ерекшеліктерін, қағидаттары мен әдістерін;
- дене шынықтыру-спорт қызметінің жаңа тұжырымдамаларын;
- отандық маркетингтік ортаның негізгі құрылымдарын және олардың дене
шынықтыру-спорт қызметі нарығындағы құндылыққа әсерін;
- маркетинг шеңберіндегі дене шынықтыру-спорт қызметі сапасының
негізгі түсініктерін, салаларын, көрсеткіштерін және қағидалы үлгісін;
- дене шынықтыру-спорт қызметі нарығындағы бәсекелестіктің негізгі
түсініктері мен ерекшеліктерін;
- дене шынықтыру-спорт қызметі нарығын жүйелендірудің негізгі
критерийлерін, ережелері мен кезеңдерін;
- дене шынықтыру-спорт ұйымдарының маркетингтік стратегиясының
концептуалды тәсілдері мен үлгілерін;
- дене шынықтыру-спорт қызметі пен тауарларды жүйелендіру мен
орнықтырудың негізгі әдістерін.
108
3.1 Оқу пәнінің мазмұны
(қысқа дәріс курсы)
1 модуль
1 Кіріспе. «Қазақстандағы және шетелдердегі дене шынықтыру-
сауықтыру қызметінің маркетингі» курсының мақсаты мен міндеттері
Дене шынықтыру және спорт – халық шаруашылығы және қызмет көрсету
саласы ретінде. Дене шынықтыру жүйесіндегі маркетингтің негізгі түсініктері,
мақсаты мен міндеттері. Дене шынықтыру жүйесіндегі маркетингтің пайда
болуы мен дамуының негізгі қиындықтары және алғышарттары.
2 Маркетинг генезисі мен дамуы
«Маркетинг» түсінігінің шығу тегі және көпмәнділігі. ДШжС «маркетингі»
және
нарығы
түсініктерінің
арақатынасы.
Маркетингтің
кәсіби
басқарушылардың болуымен байланыстылығы. Спорттық маркетингке
арналған ғылыми жіктеме түсінігі мен маңызы.
Денсаулықты табыс ретінде ұстанымдандыратын дене шынықтыру-
сауықтыру қызметіне деген сұранысты зерттеуші спорт маркетингі тәжірибесін
жинақтайтын шетел ғалымдарының ғылыми қағидаттары (П.А. Виноградов,
С.И. Гуськов және т.б.); спорт менеджменті жағдайындағы дене шынықтыру
мен спортты рекреациялаудағы маркетинг маңызын түсіну (Ж.В. Живанович,
В.И. Жолдак, В.А. Какузин, А.В. Портнов және т.б.); дене шынықтыру-
сауықтыру
қызметінің
менеджменті
мен
маркетингінің
арнайылық
ерекшеліктерін түсіндіре білетін теориялық ережелер (С.И. Гуськов, Ю.А.
Зубарев, А.А. Кудинов, А.И. Шамардин және т.б.); экономика мен спорттағы
кәсіпкерлік арасындағы байланысқа негіздеме беретін идеялар (В.В. Кузин, С.Г.
Сейранов және т.б.).
3 ДШжС маркетингінің әдістемелік негіздері ғылым ретінде
Маркетинг – ғылым мен тәжірибелік құрал ретінде. Дене шынықтыру мен
спорттың дене шынықтыру-спорт ұйымдары көптігінің маркетингін басқару
нысаны ретінде. Маркетингтің функционалды түрлері: ұйымдастырылған
маркетинг, стратегиялық маркетинг, инновациялық менеджмент, қаржылық
маркетинг, жобалы маркетинг, спорт менеджментіндегі маркетингтік тәсіл
және т.б.
4 Дене шынықтыру мен спортты басқарудың нормативтік-құқылық
негіздері
Дене шынықтыру мен спортты басқару бойынша нормативтік-құқылық
актілердің заманауи жүйесі. ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңы.
Қазақстан
Республикасы
халқын
дене
шынықтыру
құралдарымен
сауықтандыру бағдарламасы. ҚР Үкіметінің № 774 қаулысы.
5 Маркетинг жүйесіндегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің түрлері. Дене шынықтыру-
сауықтыру бағытты коммерциялық ұйым түрлері мен олардың дәрежесі:
фитнес-клубтар, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары және т.б. ДШжС
саласында көрсетілетін қызметтер – экономикалық жетістік ретінде. Қызмет
109
көрсету саласының сапасы. ДШжС маркетингтік қызмет көрсету ерекшеліктері.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің маркетинг жүйесіндегі баға түзілуі.
Спорттық тауарлар мен қызмет нарығы туралы. Тұрғындардың спорттық
нарықпен өзара әсерлерінің сараптамасы. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі
маркетингінің ерекшеліктері. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің
экономикалық салалары. Жүзеге асырылымды дене шынықтыру-сауықтыру
қызметінің маркетингі.
6 Спорт маркетингінің шетелдік модельдері
Спорт маркетингінің шетелдік модельдері. Түрлі шетелдердегі спорт
ұйымдары жүйелері. Шетелдердегі спорт-сауықтыру клубтары дамуының
келеңді ұстанымдары. Шетелдердегі спорт-сауықтыру клубтарының қаржылық
маркетингі.
2 модуль
7 Дене шынықтыру-спорт қызметі нарығындағы бәсекелестік: оның
түрлері мен ерекшеліктері,
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі нарығындағы бәсекелестік түсінігі
мен түрлері. Бәсекелестіктің үш түрлі мәні бар, ол: құрылымды, функционалды
және іс-әрекетті. Дене шынықтыру және спорт қызметінің бәсекеге
қабілеттілігінің негізгі факторларын «біліктіліктегі басымдылық» және
«байлықтағы басымдылық» деп екі түрге бөлуге болады. Дене шынықтыру
және спорт қызметінің бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау әдістемесі.
8 Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетингтік
қызмет – басқару нысаны ретінде
Дене
шынықтыру-спорт
ұйымдарындағы
маркетингтік
қызметті
басқарудың негізгі элементтері. Сыртқы және ішкі ортаның сараптамасы. Дене
шынықтыру-спорт ұйымдарының маркетингтік қызметі тиімділігінің негізгі
көрсеткіштері.
9 Ұйым басшысы имиджі мен ұжымдық мәдениет маркетингтік
мақсаттарға қол жеткізу құралы ретінде
«Имидж», «басшы имиджі» түсініктерінің мәні. Басшы имиджі мен
ұжымдық мәдениеттің құрамдас бөлімдері. Ұйымдардың маркетингтік
мақсаттарына қол жеткізу құралдарының сипаттамасы.
10 Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтің маркетинг
шеңберіндегі сапасы
Қызмет сапасы түсінігі мен салалары. Дене шынықтыру-сауықтыру
ұйымдарында қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері. Қызмет көрсету
сапасы мен сертификатталуы.
11 Маркетингті дамыту кешенінің негізгі құралдары. Маркетинг
жүйесіндегі жарнама.
Маркетинг жүйесіндегі жарнама түсінігі, мақсаты мен міндеттері. Public
relation және маркетинг жүйесіндегі үгіт жұмысы. Дене шынықтыру-сауықтыру
қызметін көрсетуді жігерлендіру маркетингтік коммуникация құралы ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |