110
Спорт клубында жарнама ұйымдастыру. Жарнаманың негізгі ережелері.
Дұрыс жарнама құру қағидаттары. Жарнама - маркетингтік қызметтің құрамдас
бөлігі ретінде. Жарнаманың құрамдас бөліктері. Жарнаманың негізгі түрлері.
Дұрыс жарнама жасау қағидаттары. Жарнама – маркетингтік қызмет саласы
ретінде. Түрлі салалы жарнама. Жарнама қарым-қатынас құралы ретінде.
Жарнаманы жоспарлау және оның түрлері. Жарнама компаниясы. Маркетинг
кешеніндегі жарнама. Жарнама қызметтері. Жарнамалық қызметті ақпараттық
қамтамасыз ету. Жарнамалық зерттеулер бағыты.
12 Шетелдердегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің маркетингі
АҚШ дене шынықтыру-сауықтыру қызметінің пайда болуы. Францияның
дене шынықтыру-спорт ұйымдары менеджментінің негізгі бағыттары.
Швейцарияның, Германияның спорт-сауықтыру көпсалалы орталықтарының іс-
тәжірибесі.
13
Қазақстандағы
дене
шынықтыру-сауықтыру
қызметінің
маркетингі
Қазақстанда ақылы түрдегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметін
дамытудың алғышарттары. Қазақстанда ақылы түрдегі дене шынықтыру-
сауықтыру қызметін дамытудың 90-жылдар басындағы бағыты.
Дене шынықтыру және спорт саласында ұйымдар маркетингі жеке
тұлғалар маркетингімен тығыз байланысты. Жеке басы дене шынықтыру-спорт
қызметін дамыту мақсатында қолданылатын субъектілер сауықтыру және
рекреациялы дене шынықтыруға (мысалы, дене шынықтыру-сауықтыру
орталықтарында шұғылдану кезінде оңтайлы тиімділік көрсете білетіндер),
кәсіби спортқа (жоғары білікті спортшылар), дене шынықтыру-спорт біліміне
(атақты жаттықтырушылар) қатысы болуы мүмкін. Айта кетерлігі, спортшылар
мен жаттықтырушылар маркетингі өзара және ұйым маркетингімен тығыз
байланысты. Мысалы, спорттағы жеке тұлғалар маркетингінің біршама кеңінен
тараған түрі – спортшылардың жүйелі түрде жарияланып тұратын рейтингілері.
Спортшылардың жетістіктері, өз кезегінде олардың ұстаздарының және дене
шынықтыру-сауықтыру
ұйымдарының
жоғары
рейтингті
ұстанымын
қамтамасыз етеді. Жеке тұлға маркетингі шеңберінде сондай-ақ спорттық және
білім беру басымдылықтары, танымал саяси және қоғамдық қызметкерлер, елге
танымал азаматтардың, тіпті кино кейіпкерлерінің тәжірибелері қолданылуы
мүмкін. Олардың таңдауы, ең алдымен маркетингтік қызмет нысандарының
жасымен және олардың әлеуметтік жетілгендік деңгейімен анықталады.
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың тартымдылығын
күшейту факторы – дене шынықтыру-спорт қызметінің коммуникативтік
құрылымы, шұғылданушылар ұжымы ішіндегі конструктивтілік, сондай-ақ
шұғылданушылар және ұйым қызметкерлері арасындағы өзара қарым-
қатынастар болып табылады. Сондықтан, дене шынықтыру-спорт қызметіне
деген сұранысты басқару бойынша іс-шаралар жүйесінің маңызды құрылымы
өзара қарым-қатынастар маркетингі болып табылады. Ол өндірушілер мен
тұтынушылар арасында тығыз байланыс қамтамасыз етуге арналған және
111
тұрғындардың біршама маңызды мақсатты топтарымен байланыстар
ұйымдастыруын, сондай-ақ бар қарым-қатынастардың сапалы бағасы мен
түзетулерін қамтамасыз етеді. Өнімді дамыту саласында өзара қарым-
қатынастар маркетингі құрал ретінде ең алдымен тұлғалық және
телекоммуникациялық байланыстарды, арнайы акцияларды ұйымдастыруды
(мысалы, білім беру ұйымдарындағы «Ашық есік күндері») іс-шаралар
маркетингі (өткізілетін спорттық әсерлі іс-шаралар жарнамасы, қабылдау
туралы хабарлама және т.б.), мамандандырылған клубтар құруды қолданады.
Өзара қарым-қатынастар маркетингін тиімді ұйымдастыру үшін келесі
талаптарға бағдарлану қажет:
– ақпаратты қамтамасыз ету: коммуникациялардағы қолжетімділік,
жариялылық және ашықтық;
– өзара әрекеттерді ұйымдастыру, жеке байланыстарға басымдылық беру,
коммуникацияға қатысушылардың кәсіби біліктілігі, жұмыстың дербес
жүргізілуі және т.б.
Маркетингтің маңызды мақсатты қызметі – тауарлар мен қызмет көрсетуді
дамыту болып табылады. Дамыту тауар мен қызметтің жағымды бейнесін және
тұтынушыларға қызмет көрсетудің және соңында өнім алуды қамтамасыз
ететін маркетингті қызмет болып табылады.
Ұсыну түрлері өздігінше, сондай-ақ кешенді түрде қолданылады. Дене
шынықтыру-спорт ұйымдарының маркетинг қызметін ұйымдастырудың
біршама тиімді түрлері:
– жарнама – спорттық маркетингте бірқатар маркетингтік іс-шаралар
жүргізіледі: а) тележарнама, телебағдарламалар кезіндегі жарнамалық
қойылымдар, спортшылардың жарнамалық көріністерге қатысуы, олардың
жарнамалық фильмдерге, бейнеклиптерге түсірілуі және т.б.; б) басылымды
жарнама – жарнамалық ақпараттардың спорттық газеттерде, журналдарда,
буклеттерде, бағдарламаларда, кіру билеттерінде және т.б. жариялануы; в)
сыртқы жарнама – спорт ареналарында және басқа жарамды орындарға
жарнамалық қалқандар ілу; спортшылардың демеушінің танылымды белгісі
басылған киімдермен немес құрал-жабдықтармен шығуы;
– жариялылық – танымал спортшылардың, жаттықтырушылардың, қоғам
және саяси қайраткерлердің қандай да бір дене шынықтыру-спорт қызметтері,
ұйымдары туралы оң, сенімді пікірлері арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру.
Дене шынықтыру-спорт қызметі жүйесінде бұл әдіс нақты бір спорт түрін, дене
шынықтыру-спорт ұйымдарын танымалдандыру бойынша, салауатты өмір
салтын және спортпен шұғылдануды үгіттеу бойынша қызмет саласына
көшірілуі мүмкін;
– паблик рилейшнз – ұйымның жағымды бейнесін (имиджін)
қалыптастыру, яғни сенімділік, салиқалық, міндеттілік имиджін ұстап тұру;
тұтынушылармен, серіктестерімен мәмілелі диалог жүргізу; өз қызметкерлері
бойында маркетинг нәтижесіне деген қызығушылық сезімін қалыптастыру;
– жекелей сатылым, тікелей маркетинг – сенімді де, шынайы
Достарыңызбен бөлісу: |