Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66

26 
 
Кестеде  қарастырылғанды  түйіндесек,  біздің  зерттеуіміздің  аясында 
бұқаралық спорт басым. Сонымен қатар, маркетингтің спорттық ұйымдардағы 
қызметін  ары  қарай  анықтасақ,  соңғы  жылдары  жастар,  орта  және  ересек 
жастағылардың  арасындағы  уәждеменің  басты  факторы  сәнді  спорттық  киім, 
аяқ киім, спорттық стильдегі безендірулер болып есептелінеді. 
Бұдан  басқа,  спорттық  рәміздер  және  басқа  да  спорт    атрибуттары 
парфюмерия,  ойыншықтарды  жасау,  қол  сағаттарын  жасау  және  т.б.  сияқты 
«спорттық  емес»    салаларға  да  белсенді  түрде  көшіріле  бастады.  Спорттық 
стильге  және  спорттық  тауарларға  деген  сәнділік  спорттық  индустрияны 
қоғамдық  өндірістің  шынайы  бұқаралық  және  әлеуметтік  маңызды  саласына 
айналдырды.  Дене  шынықтыру  және  спортпен  шұғылданудың  тағы  да  бір 
маңызды  уәждемесі  –  қарым-қатынаста  болу,  спорттық  ортада  өзі  іспеттес 
адамдарды табу, олармен пікір алмасуда. Достық қарым-қатынаста болу, басқа 
көпшілік  адамдарға  спортшылармен  әлеуметтік  топ  ретінде  қарым-қатынаста 
болу маңызды. Бұл жағдай  тұлғаның әлеуметтік  мәртебесін арттыруы мүмкін. 
Жанкүйерлер  үшін  маңызды  уәждеме  –  тынығуға  деген  сұраныс,  солар  үшін 
күйіп-пісу, өз эмоцияларын шығару, психологиялық стрессті шығару.  
Дене  шынықтыру  және  спортты  енгізу  мен  қолдануға  қызығушылық 
танытып  отырған  мемлекеттің,  өндірістің  және  спорттық  ұйымдардың 
уәждемелері туралы айта кеткен жөн. Өйткені мұндай енгізу жұмысшылар мен 
қызметкерлердің  еңбек  өнімділігін  арттырады,  олардың  зияткерлік  және 
денелік мүмкіндіктерін дамытады, дүниетанымдылығы мен қызығушылықтары 
ауқымын  кеңейте  түседі  және  ұлттың  жалпы  сауықтырылуына  ықпал  етеді. 
Командалық-әкімшілікті  жүйеден  нарықтық  экономикаға  көшу  мемлекеттік 
билікті,  тоталитарлық  бақылауды  азайтуға  және  дене  шынықтыру  және  спорт 
саласы ұйымдарына көбірек еркіндік беруге бағдарланады.  
      Маркетингті  өндірісті  басқару  жүйесін  жасауға  және  енгізуге  даярлық 
кезеңдері  2-кестеде қамтылған (О.Н. Биленов, 2001) [158]. 
 
Кесте 2 - Өндірістің маркетингтін басқару жүйесін жасау мен енгізудің даярлық 
кезеңдері   
 
Кезеңдер 
Сипаттамасы 


Стратегия жасалуы 
Ескі өнімдерді жетілдіру және жаңа өнімдерді шығару жолдарын 
анықтау.  
Негізгі тұтынушылар мен өндіру саясатын анықтау. 
Нарықтың зерттелуі 
Өнім өндіру сараптамасы. Нарықтарды зерттеу. Тартымды 
нарықтық өндірістерді анықтау.  
Өнімдерді нарыққа 
шығару  
Көрмелер, презентациялар, жарнама, сұранысты ынталандыру.  
Соңғы тұтынушыларға 
шығу 
Сатып алушылармен тікелей байланыстар (қоңырау шалу,  тікелей 
араласу). Өндіріс өнімдеріне деген тұтынушылар реакциясын 
анықтау.  


27 
 
2– кестенің  жалғасы 
 


Арадағы тұтынушыларға 
шығу 
Арадағылармен байланыстар (қоңырау шалу, тікелей араласу).  
Өндіріс өнімдеріне деген тұтынушылар реакциясын анықтау. 
Нарыққа шығуға 
әкімшілік қолдау 
көрсетілуі  
Өнім өндіру және қызмет көрсету туралы ақпараттың өңделуі.  
Өндіріске материалдық-техникалық қолдау көрсету.  
Логистика 
Өнімді жеткізу мен сақтауды басқару  
Төлемдерді басқару 
Төлемдерді бақылау, дебютерлік қарыздарды басқару. 
Заңдық мәселелер 
(контрактация) 
Өнім  өндірумен  немесе  өнеркәсіп  қызметімен  байланысты 
заңнамалық құжаттарды дайындау.  
 
Барлық ұйымдар нақты бір тіршілік циклдерінен өтеді, осыған орай әрбір 
тіршілік циклінің кезеңінде өндірістің маркетингті қызметі өз қызметінің басты 
бағыттарын айқындауы қажет.  
        Көпшілік  өндірістердің  шынайы  жағдайы  сондай,  маркетинг  басқару 
қызметі  мен  іс-әрекет  бейнесі  ретінде  барлық  қызмет  бөлімдерінің  күнделікті 
іс-әрекеті қалыпты күйге айналмады. Төменде 3-кестеде біз  ұйымның тіршілік 
цикліне байланысты маркетингтік қызметті орындауына басты негіз бердік.  
 
Кесте 3 - Ұйымның тіршілік цикліне сәйке маркетингтік қызметті жүзеге асыру  
басымдылығы  
 
Ұйымның тіршілік 
циклінің сатысы  
Маркетинг қызметінің басым бағыттары  
 0 - сатысы - құрылу  Маркетингтік зерттеулер жүргізу. Өндіру нарығын бөлімдерге бөлу 
және ұстанымдандыру. Өнім тұтынушылары мен бәсекелестерді 
зерттеу. Кәсіпкерлік қызметтің қоршаған ортасын зерттеу.  
 1 - саты - даму 
Өндірілетін өнімнің, бағаның, жеңілдіктердің номенклатурасын 
анықтау.  
Өндірілетін өнім сапасын қамтамасыз етуге қатысу. Қызметкерлерді 
үйретуді ұйымдастыру.   
 2 - саты - тұрақтану  Тауарлы маркасын жасау. Жарнамалық компаниялар өткізу. Тауар 
таңбасын дамыту.  
 3 - саты - дағдарыс 
Технологиялық жаңалықтарды болжау. НИОКР бағыттарын 
нақтылау.  Екінші қорлар нарығын ұйымдастыру.  
 
Өндіріс  маркетингінің  тиімді  қызмет  етуіне  кедергі  келтіріп  отырған 
мәселелердің  негізгілерін  шартты  түрде  екі  түрге  бөлуге  болады:  өндірістен 
тысқары болатын – сыртқы;  өндірістің ішінде болатын және басшылық немесе 
қызметкерлер тарапынан жіберілетін қателіктері бар – ішкі
Өндіріс  орындарында  маркетингтік  зерттеулерді  жүргізу  тәжірибесі 
осындай жұмыстардың жүргізілуі барысында кездесетін қателіктерді жинақтап 
келтіруге мүмкіндік береді (А.С. Грузинов, 1998) [159]. 


28 
 
Осы қателіктер, біздің есептеуіміз бойынша, дене шынықтыру-сауықтыру 
қызметі саласына да тән, атап айтқанда:  
Міндеттерді анықтаған кезде: 
- зерттеу мақсаты мен құрылымы туралы түсініктің болмауы;  
- жекелей міндеттерді шешудің әдістемелік тәсілдерінің болмауы;  
- болжаудың уақытша үзілістерін дұрыс анықтамау;  
- уақытылы орындамау (жедел орындалмау).  
Маркетингтік ақпаратты жинақтау кезінде (П. Доил, 2002) [160]: 
- ақпарат көздерін дұрыс таңдамау;  
-  ақпарат көздері сенімділігін дұрыс бағаламау;  
-  тікелей  мамандыққа  қатысты  мәселелер  бойынша    сарапшылар  пікірінің 
объективтілігін тым асыра бағалауы;  
- сандық көрсеткіштердің маңыздылығын арттырып жіберу;  
Нарық сараптамасы кезінде: 
-  аймақтың  немесе  тауар  нарығының  экономикалық  жүйесіндегі  берілген 
нарықтың орны туралы түсініктің болмауы;  
-  берілген  тауар  нарығындағы  жекелей  экономикалық  субъектілердің рөлі 
мен өзара байланысы туралы түсініктің болмауы;  
- мемлекеттік басқару рөліне көңіл бөлмеуі.  
Нарық көлемін бағалау кезінде: 
- фактілі төленім қабілеттілігіне деген сұранысқа емес, декларацияға деген 
сұранысқа бағдарлану; 
- қоршаған ортаның қолда бар сәйкес емес сұраныстарына қатысты тұтыну 
нормативтерін қолдану.  
Маркетингтің  сыртқы  ортасы  ұйым  үшін  маркетингтік  қызметті  жүзеге 
асырудың  құралы  болып  табылмайды.  Дегенмен,  кейде  ұйымдар  қоршаған 
ортаға  деген  өздерінің  талпыныстарында  біршама  белсенді,  тіпті  агрессиялық 
тәсілді  қолданады,  бұл  жерде  ең  алдымен,  ұйымның  қызметі  туралы  пікірін 
өзгертуге деген талпынысы тұрады [161] . 
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы өндірістерді қарастыра 
отырып,  ескеретін  жайт,  көбіне  оларда  арнайы  маркетингті  қызметтер 
болмайды да, маркетинг қызметін ұйым директоры орындайды. Бұл жағдай, бір 
жағынан,  идея  мен  оның  іс-жүзінде  орындалуы  арасындағы  уақыт  мерзімін 
біршама  қысқартады,  бірақ  екінші  жағынан,  қате  шешім  қабылдау  құны  тез 
артады және бастаған істің соңына дейін жетпеу қаупі басым болады. Сонымен 
қатар,  маркетингті  жиірек,  нақтырақ  айтқанда  оны  ұйымның  сыртқы  ортамен 
өзара  байланыс  жүйесі  ретінде  қарастыру  ұсынылады,  бұл  жердегі  басты 
мақсат  –  барынша  кіріс  алуы  өзгеріссіз  қалады.  Берілген  жүйе  маркетингтің: 
ұйымның  тауарлы  және  құнды  саясаты,  өндіріс  қызметі,  өнімді  нарыққа 
шығару,  нарықты  зерттеу  және  маркетингті  басқару  (маркетингтің  басты 
қызметтері)    сияқты  бірқатар  басты  құрылымдарының  үйлесімді  қызмет  етуі 
болып табылады. Ары қарай маркетинг жүйесі өндірістің сыртқы ортамен өзара 
байланысын  анықтайды,  яғни  екі  жақты  байланысты  қарастырады:  бір 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау