32
бұл сұлулық, динамика және грация. Екінші себеп – ашық қарсыластықтың
мүмкіндігі, нақты ережелермен, шынайылық және қайсарлық таныта білу
мүмкіндігі. Бәсекелестік мүмкіндігі өзіндік жүзеге асырылуға және қандай да
бір спорт түрін таңдауына, онда шеберліктің жетістіктеріне және атақ-даңққа
қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілгендей, маркетингтің қалыптасуының басты шарты –
толыққанды нарықтық қарым-қатынастардың болуы. Бірақ, Қазақстандағы
нарықтық экономиканың құрылуы өндірістің құлдырауымен, жұмыссыздықтың
артуымен, сыртқы да, ішкі де көптеген өндірістердің банкротқа ұшырауымен,
инвестициялық белсенділіктің және өнімді тұтыну деңгейінің төмендеуімен,
отандық тауарлардың төмен бәсекелестігімен сипатталады.
Қазақстанда өтпелі кезеңнің алдын сипатталған ерекшеліктері нәтижесінде
маркетингтің экономиканың түрлі салаларында қалыптасуының өзіндік
арнайылығы бар. Бастапқыда ол сауда және қаржы секторлары сияқты біршама
бәсекелес
салаларда, соңынан өндірісте дами бастады.
Маркетингтің Қазақстанда дамуын шартты түрде екі кезеңге бөлуге
болады. Бірінші кезең шамамен 1990-шы жылдарда басталды және негізінен
коммерциялық бағытта болды. Сондықтан бұл кезеңді өндірістің маркетингті
қызметінің коммерциализациялануы деп айтуға болады, бұл кезде маркетинг
тұжырымдамасы толығымен жүзеге аспады, тек оның қағидалары мен
элементтері қарастырыла бастады.
1997 жылдардан қалыптаса бастаған екінші кезеңіне өндірістің маркетинг
операциясы тән. Сол кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін маркетинг
тұжырымдамасы өндірістің стратегиясы мен тактикасының қалыптасуындағы
басты идеясына айнала алмады, өйткені оның дамуына қажетті жағдайлар
жасалмаған. Республика экономикасы депрессия күйінен шығып, қалпына келу
кезеңіне енді, дегенмен де маркетингтің республикамызда дамуы толық
қалыптаспаған.
Сонымен ғылыми әдебиеттің талдауы мынадай түйін берді: маркетингтің
экономиканың өтпелі кезеңіндегі басты ерекшеліктері:
1. Отандық экономикада маркетинг теорияда да, практикада да өзіндік
дамуы бар динамикалық түсінік болып табылады. Оның экономиканың түрлі
салаларындағы өндірістердің іс-жүзінде қолданылуының кейбір теориялық
салалары мен мүмкіндіктерін қазақстандық мамандар мен ғалымдар зерттеу
үстінде. Дегенмен, ескере кететін жәйт, қазақстандық экономикадағы өтпелі
кезеңіндегі маркетинг тұжырымдамасының практикалық бағыттылығының
жеткіліксіздігін атай кеткен жөн.
2. Отандық өндірістердің практикалық қызметінде маркетингтің жекелей
қызметтері орындалуда. Өндірістер мен ұйымдардың маркетингтік қызметті
жүзеге асыруында жүйелілік пен кешендік жоқ. Өнеркәсіптер іс-жүзінде
маркетингтің жекелей элементтерін ғана қолданады, олардың бар қызметінде
қазіргі күнде кешенді тұтынушылық сұранысты, нарықтық конъюнктураны,