72
кӛңілдегі кӛрікті ойдың айқын, әсерлі жетуі мен екі ұдайы ойдың болмауы дискурсивтік
құзыреттілігі жоғары, сӛзге шешен тұлғаға тән кӛрсеткіштердің бірі болып табылады.
Егер полемикалық дискурстың күрделі әрі жауапты әрекет және полемикада ешқандай
сауатсыздық пен әдепсіздікке жол берілмейтіндігін ескерсек, сонымен бірге тұлға бойында
риторикалық шеберлік жоғары деңгейде қалыптасар болса, онда оның полемикалық
дискурсқа түскен жағдайда ӛз мақсатына айқын жете алатындығына күмән жоқ. Себебі,
риторикалық шеберлігі жоғары, сӛйлеу мәнері мен мәдениеті қалыптасқан тұлға рухани
дамыған және ӛз пікірін, кӛзқарасын айқын, нақты, дәлелді, мәдениетті, әдепті түрде жеткізе
алары сӛзсіз. Ал мұндай жағдайда студент жастар бойында риторикалық мәдениеттің
қалыптасуы, біздің пайымдауымызша, бәсекеге қабілетті интеллектуалды ұлт
келешегін тәрбиелеудің, адамды ӛзгертудің, оның рухани тұрғыда қайта жаңғыруы
мен ілгері дамып жетілуінің тиімді алғышарттарының бірегейі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Сәтенова С.К. Тұрақты тілдік бірліктер мен шешендік ӛнер сабақтастығы// Л.Гумелев
атындағы ЕҰУ. – 2014. – 12 б.
2. Бейсенов Қ. Қазақ топырағындағы қалыптасқан ғаклиятты ой кешу үрдістері. -
Алматы, 1994. – 63 б.
3. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Ана тілі. - 1993. – 34 б.
4. Жиренов С. Шешендік ӛнердің тілтанымдық сипаты - [Электрондық журнал]. -
http://e-history.kz
– (жарияланған күні 17.12.2014)
5. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері. -Алматы: Қазақстан. - 1965. -186
б.
6. Уәлиев Н. Сӛз мәдениеті / Н. Уәлиев. – Алматы. - 1984.
7.
Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық
// Тілдік норма және оның қалыптасуы. – Астана: Елорда. - 2001. - 230 б.
8. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сӛздігі. – Астана. - 2008. – 238 б.
9. Чапек К. 208 избранных страниц. – Москва:
Вагриус
. - 2001. – 208 б.
Аннотация
Мақалада қазіргі қоғамда полемикалық дискурстың орны мен полемикаға түсу
барысында тұлғаның сауатты, шебер, шешен, әдепті, мәдениетті және мәнерлі сӛйлеу
алуының маңызы жайлы айтылды. Осы айтылған ұғымдарға жіті тоқталып, олардың шығу
тарихы жайлы сӛз қозғалып, олардың тілдік ерекшеліктері кӛрсетілді. Сонымен қатар сӛз
шеберлігі, сӛз мәдениеті мен әдебінің полемикалық дискурстағы маңызы анықталды.
Аннотация
В статье рассмотрена роль полемического дискурса в современном обществе и
значимость использования риторики, аргументации, культуры и этикета речи в
полемическом дискурсе. Даны определения значений вышеназванных понятий, также
рассмотрена их история происхождения в коммуникативном акте и определены некоторые
лингвистические особенности.
Annotation
The article describes the role of a polemical discourse in modern society and the importance of
the use of rhetoric, argumentation, culture and etiquette of speech in the polemical discourse. The
definitions of their values, their history of using in a communicative act and some linguistic features
were given.
73
ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ,
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
ӘОЖ 378.078.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Абилдаева Л.Ш.
№7 балабақша меңгерушісі, Тараз қ.
«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген сана мен ұлттық психология
қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, ӛсіру, білім беру бүгінгі
таңда отбасының, балабақшаның барша елдің, халықтың міндеті»
Н.Ә.Назарбаев
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
балалардың ӛмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі
құзыреттіліктерін
қалыптастыруға
бағытталған.
Мектепке
дейінгі
ұйымдардағы
педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді
дамуына себебін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың ӛзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін
қолданудың маңызы зор.. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи
білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және
практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту
мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Балаларды оқыту мен тәрбилеудің негізгі міндеттері мына тӛмендегідей:
- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және
жетілдіру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы
педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
- педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін
дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар
арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық
технологиясын қолдану арқылы олардың ӛзара әрекет ету үлгісін ӛзгерту.
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның ӛзін-ӛзі дамыту идеясы,
оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі ауысады. Енді ол
интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің
ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы оқытушының
белсенді рӛлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.
Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін –
ізденгіштігін; ӛз бетімен шығармашылық (ойлау, кӛркемдік) және әртүрлі іс-әрекет
түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял – елесі;
- коммуникативтік – ересектермен және құрдастармен сӛйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті – басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- ӛзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сӛйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу
қабілетін дамытуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |