Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет39/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99

78 
 
А.С.Макаренко ӛз тәжірибесінде ойынның рӛлін былай тұжырымдай келе: «Кез келген 
баланың  бойында  ойынға  деген  қызығушылық,  ынта-жігер  болады,  міне,  осыны 
қанағаттандырып отыру керек. Бала ӛмірі-ойын арқылы дамиды»,-деп атап кӛрсетті [7,66б.]. 
Міне,  сондықтан  сӛйлеу  қабілеті  бұзылған  балаларды  жеке  тұлға  ретінде  жан-жақты 
тәрбиелеу  және  сӛйлеу  тілін  қалыптастыруда  әртүрлі  ойын  түрлерін  ұйымдастырудың 
маңызы ӛте зор. 
Балалардың сӛйлеу тілін дамыту барысында тӛмендегідей ойындар пайдаланылды.  
1. Ойын: «Ненің дауысы».   
Мақсаты:  балаларды  жануарларды  балаларынан  дауысы  арқылы  ажыратуға  үйрету, 
үлкен жануарлар мен олардың балаларының аттарын бір – біріне сәйкес келуін үйрету. 
Материалдар: ойыншықтар: тауық – балапан,сиыр – бұзау, жылқы – құлын, ит – күшік. 
Жұмыстың ӛту барысы: Балаларға қонаққа жануарлар келеді. Балалар кімнің  дауысые 
естігенін  тауып  алу  керек  (Мяу?  Былау  не  сӛйлеуді?  (мысық),  жіңішкерек  не  мяулдайды 
(мысықтың баласы). Балалар жұрнақтарды жануарлардың балаларын айтуда дұрыс қолдану 
керек. 
Нәтижені  талдағаннан  кейін,  мынадай  қорытындыға  келдік,  бұл    тәжірибелік  топтағы 
балаларға  ойындар  арқылы  сӛйлеу  тілін  қалыптастыруға  болатынын  кӛрдік.  Бұған  куә 
ретінде  қателер және ойын барысында балалардың қиналуы байқалды. 
 
2. Ойын «Мені еркелетіп айтшы». 
Мақсаты: балаларға заттың  атын атай білуге  үйрету. 
Материалдар: ойыншықтар: қоян, піл, бегемот, кірпі. 
Жұмыстың  жүргізілу  барысы.  Бұл  ойын  әр  баламен  дербес  ӛткізіледі.  Балаға  қонаққа 
қоян,  піл,  бегемот,  кірпі  келеді.  Олар  баламен  танысып,  оның  атын  еркелетіп  айтып,  одан 
кейін  баладан  еркелетіп,  әдемілеп  бізді  айтшы  деп  (сүйкімді  қоян,  сыпайы  кірпі  т.с.с.) 
сұрайды [6,85б.]. 
Нәтижені талдағаннан кейін, мынадай қорытындыға келдік, ойын баланы қызықтырып, 
оны одан әрі ойнады. Балалардың бәрі бұл тапсырманы орындады. 
3. Ойын: «Асхана». 
Мақсаты: асханада ӛз-ӛзіне қызмет ете алуын үйрету. 
Материал: ыдыс-аяқтар. 
Жұмыстың  жүргізілу  барысы:  ойын  фронтальды  ӛткізіледі.  Балаларға  «Асханаға» 
келулерін  сұраймыз.  Бала  заттарды  қарау  керек,  олардың  қандай  зат  екенін  айту  керек. 
Ыдыс-аяқтарды  сындырмай,  күтіп  ұстау  керек.  Апайларына  дастархан  жасауға  кӛмектесіп, 
ӛз-ӛзіне  қызмет  ете  білулері  керек.  Нәтижені  талдағаннан  кейін,  мынадай  қорытындыға 
келдік,  бұл  тапсырманы  мүмкіншіліктеріне  қарай  орындады.  Орташа  деңгейдегі  балалар 
тапсырманы  жеңіл  орындады,  тӛмен  деңгейдегі  балалар  қатты  қиналды,  олар  кӛп  қателер 
жіберді. 
4. Ойын: «Үлкен және кіші заттарды ажырат».  
Материал:  10  жұп  үлкен  және  кіші  заттар  бейнеленген  суреттер  (кішкентай  қасық  – 
үлкен қасық, кішкентай доп – үлкен доп). 
Жүргізілу  барысы:  баланың  алдына  үлкен  және  кіші  жұп  суреттер  қойылады  да, 
мынадай  тапсырма  беріледі:  «мен  саған  үлкен  заттар  туралы  айтамын,  ал  сен  кішкентай 
заттар туралы айт». Нәтижені талдағаннан кейін, мынадай қорытындыға келдік, балалардың 
барлығы дерлік логопедтің кӛмегімен орындады [2,16б.]. 
5. Ойын: «Не қалай дыбыстайды?»  
Материал: ойыншықтар: сиыр, қораз, мысық, ит. 
Жүргізілу барысы: баланың алдына ойыншықтар қойылады, мынадай сұрақ қойылады: 
«Мысық  қалай  дыбыстайды?  (  мяу  –  мяу!)  Ол  не?  (мысық).  Ол  не  істеп  жатыр?  (мяулап 
жатыр) ». 
Ерте жастағы балалар дидактикалық ойынның арқасында білім мен дағдыны ғана емес, 
оларда  сол  немесе  басқа  формалардың  дамуының  дұрыстығын  сезеді,  бұл  дидактикалық 
ойынның  оқыту  құралы  екенін  дәлелдейді  және  белсендігін  кӛрсетеді.  Жұмыс  бағытталып, 


79 
 
жүйелік және кешенді түрде ӛткізіледі. Дидактикалық ойындарды әр түрін қолдану жұмысты 
одан  әрі  қызықты  және  әр  түрлі  екендігін  кӛрсетті,  балалардың  танымдық  белсенділігінің 
деңгейін белсендіреді. 
 
 
«Тәрбие  басы  -  тал  бесік,  тәрбие  құралы  –  тіл»  дейтін  болсақ,  сӛйлеу    тілі  –  бұл  тек 
адамға ғана тән қарым-қатынастың ерекше бір түрі. Сӛйлеу тілі балаға барлық адамгершілік 
мәдениеттердегі  жетістіктерге  жетуіне  есігін  ашады.  Баланың  сӛйлеу  тілі  дамуымен  қоса 
жеке тұлғасы қалыптасады, негізгі психикалық процестері дамиды. Ақыл-есі бұзылысы бар 
балаларының  сӛйлеу  тілін  дамытуда  қоршаған  орта  заттарына,  үлкендердің  ӛнімді 
еңбектеріне, ӛз құрдастары мен үлкендердің  қарым  –  қатынасына  тұлғаның  жағымды  және 
жағымсыз қасиеттеріне адамгершілік қатынасын қалыптастыру маңызды орын алады. 
Ойын  технологиясы  –  сӛйлеу  тілі  дағдыларын  бекіту  құралы  болып  табылады. 
Ойынның  балаға  динамикалығы,  эмоционалдығы  және  ӛту  қызығушылығы  қызықтырса, 
бұлардың  бәрі  ерте  жастағы  сӛйлеу  тіл  кемістігі  бар  балаларға  керекті  сӛз  формаларын 
қайталауын  жаттықтыра  беруге  болады.  Дидактикалық  ойындар    ойыншықтармен, 
заттармен,  суретпен  жүргізілуі  мүмкін,  кӛрнекілік  заттарсыз  да  –  сӛздік  ойындар  түрінде 
жүргізіледі. 
Ойын  - балалар үшін,  кӛрнекі  материалдар ретінде, ӛткен тақырыпты бекіту, сабақтан 
тыс  уақытта  балалардың  ойлау,  кӛру,  есте  сақтау  қабілетін  дамыту  сӛздік  қорын  молайту  
мақсатында  жүргізіледі.  Әрбір  ойын  түрлері  ӛзіндік  білімділік  мақсатты  кӛздейді.  Атап 
айтқанда,  ойын  терапиясы  -  ойын  арқылы  емдеу.  Ойын  терапиясы  барысында  дамыту 
ойындары,  ойын  түрлерінің  материалдары,  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына  сәйкес 
алынып,  тиімді  әсер  етті.  Ойын  терапиясы  ойнауға  жеңіл,  әрі  қарапайымдылығымен 
ерекшеленеді. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде балалар үшін сӛйлеу тілін дамытуға арналған 
ойын  түрлерін  және  жұмыс  жоспарын  даярладық.  Жүргізілген  жұмыс  барысында,  сӛйлеу 
тілінде  бұзылысы  бар  балаларды  түзете-тәрбиелеуге  ойын  технологиясының  зор  ықпал 
ететіндігін анықтадық.  
С.Л.Рубинштейн, Л.В.Элькониндердің пікірінше, ойын технологиясын қолдана отырып, 
жүргізілген  сабақтар  байланыстырып  сӛйлеуге,  сӛздік  қорын  дамытуға  ықпал  ететіндігі 
сӛзсіз.  Осы  орайда,  түзету-дамыту  сабақтары  топ  бойынша  және  дербес  баламен  жас  және 
даму ерекшеліктерін ескере отырып  жүргізілуі тиіс.[2,72б.] 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Арушанова А.Г.   Развитие речи и игры  //  Дошкольное  воспитание. 2004. 
2. Бондаренко А.  Дидактические игры в детском саду. – М.: «Просвещение»,2000. 
3. Забрамная СофияДавыдовнаПсихолого-педагогическая диагностика умственного 
развития детей . - М. : Просвещение,2005. 
4. Гвоздев А.Н.  Вопросы изучения  детской  речи  –  М.:  «Просвещение»,2001.       
5.Михайленко Н. Я.  К вопросу о строении игр с правилами //  Дошкольноевоспитание. – 
2008 
6. Сорокина А.  Дидактические игры в детском саду  –  М.:  «Просвещение»,2002.  
7. Ушакова О.С.  Развитие речи дошкольников – М.: «Академия»,  2001.   
8. Ушакова  О.С.   Придумай  слова  –  М.:  «Издательство   Института Психотерапии», 
2001.  
Аннотация 
Мақалада  ақыл-есі  бұзылысы  бар  балалардың  даму  ерекшеліктері,  олардың    сӛйлеу  тілінінің 
дамуы,қоршаған ортаға, ойынға деген қызығушылықтары туралы айтылған.Сонымен қатар олардың 
сӛйлеу  тілін  тексеруде  қолданылатын  зерттеу  әдістері  ұсынылған.  Ақыл-есі  бұзылысы  бар 
балалардың сӛйлеу тілін дамытудың маңыздылығы, оны дамыту бойынша жүргізілетін логопедиялық 
жұмыста пайдаланылатын  дидактикалық ойындар қарастырылған.  
Аннотация 
В данной статье описываются особенности развития умственно отсталыых детей,  развития их 
речи,интересы  на  окружающий  мир,  на  игры.  А  также,  предложены  методы  исследования  для 
применения  в  определении  речи  детей  данной  категории.  Рассмотрены  значимость  развитие  речи 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау