76
факторлардың адам хромомосының мутацияға ұшыратуына себепші екені ғылыми тұрғыдан
да дәлелденіп жүр. Кӛптеген әдебиеттерде радиация, химиялық улы препараттар, кейбір
дәрілік препараттар, эндогенді метоболизмдік бұзылыстар, организмнің қартаюы, вирустық
инфекциялар мен қоршаған орта факторларының мутагенді қасиетке ие болатыны
кӛрсетілген. Ақыл-ес бұзылысының пайда болуына әсер етуші экзогенді факторларға
анасының организмі арқылы немесе бала ӛмірінің алғашқы постнотальді кезіндегі бас миын
зақымдайтын жағымсыз әсерлер жатады [3,69б.].
Сӛйлеу бұзылысы бар ақыл-ойы бұзылысы бар балалардың коммуникациясының
шыңдалу қажеттілігі мен осы категориядағы балалардың сӛйлеу біліктілігін қалыптастыру
үшін ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жетіспеушілігі арасында қарама-қайшылық бар.
Ақыл-есі бұзылысы бар балалардың сӛйлеу тілін дамытуды қамтамасыз ететін, сӛйлеу тілі
біліктілігін қандай жағдайда қалыптастыруға болады?
Ақыл - есі бұзылысы бар бала қоршаған ортаға ӛте әлсіз қызығушылық білдіреді,
ойыншықтарға қызықпайды. 3-4 жаста дұрыс дамып жатқан балалар үлкендердің іс-
әрекетіне белсенді, мақсатты түрде еліктесе, ақыл- есі кем мектеп жасына дейінгі балалар
ойыншықтармен жаңадан таныса бастайды.
Пәндік - ойын әрекеттері (арнайы оқытусыз) оларда тек мектепке дейінгі кезеңнің тек
ортасында пайда болады. Арнайы балабақшаға бармаған, үй жағдайында маман-
дефектологтармен немесе қамқор, есті ата- аналармен байланыста болмаған ақыл- есі кем
балаларда мектепке дейінгі кезеңнің соңына дейін графикалық әрекеттері қысқа мерзімді,
мақсатсыз, астан- кестен шимақтау деңгейінде болады. Кӛп жағдайда ақыл- есі бұзылысы
бар балаларда еркімен кӛңіл аудару зардап шегеді. Оларға бір уақытта әрекеттің бірнеше
түрін жасау, зейінін бірнеше уақытқа қалыпты ұстап тұру мүмкін емес. Бұл балалардың
сенсорлы дамуы мектепке дейінгі және мектеп жасында сенсорлы даму қалыптасу
уақытынан әлдеқайда кешеуілдейді. Олар заттың қасиетін ескермей не астан- кестен, не ерте
меңгеру тәсілімен әрекет етеді, жаңа жағдайда ӛздерін адекватты ұстамайды.
Ақыл-есі бұзылысы бар балалардың қабылдауы дифференциалды емес, таяз
сипатталады. Ақыл- есі кем балалардың барлығында белгілі бір мӛлшерде коррекцияға
кӛнетін сӛйлеу әрекетінің бұзылысы байқалады. Ақыл- есі кем балаларда сӛйлеу әрекетінің
дамуы үлкен кешігумен және ауытқулармен ӛрбиді. Осының салдарынан оларда былдырдың
кеш пайда болуы немесе мүлдем болмауы байқалады. Ақыл-есі бұзылысы бар балаларда
сӛйлеудің қалыптасуының тоқтап қалуы да тән. Ол оған айтылған сӛздерді кеш түсіну мен
оларды қолданудағы ауытқулармен сипатталады. Кейбір ақыл- есі бұзылысы бар балаларда
4- 5 жаста да сӛйлеудің болмауы кездеседі.
Ақыл-есі бұзылысы бар балаларға кӛрнекі- бейнелі ойлауды қажет ететін
тапсырмаларды шешу, яғни, бейнелерді кӛз алдына келтіру арқылы ақылмен әрекет ету
үлкен қиындық туғызады. Мектеп жасына дейінгі ақыл- есі бұзылысы бар балалар суреттегі
бейнелерді әрекет етуге тырысып жатқан шынайы ситуация сияқты қабылдайды. Олардың
есте сақтау қабілеті кӛлемі аздылықпен, сақталу үстіндегі ауызша және кӛрнекі материалдың
аз дәлділігі және тӛзімділігімен сипатталады [4,25б.].
Ақыл- есі бұзылысы бар балалар әдетте еріксіз есте сақтауды қолданады, яғни, олар
ӛздерін еліктіретін жарқын, ерекше заттарды есте сақтайды. Ерікті сақтау оларда анғұрлым
кешірек- мектепке дейінгі кезеңнің аяғында, мектеп жасының басында қалыптаса бастайды.
Ерік процесінің әлсіз дамуы да білінеді. Бұл балалар кӛбінесе ынтасыз, жалтақ, импульсивті
болады, басқа адамның қалауына қарсы тұру оларға қиындық туғызады. Оларға
эмоционалдық жетілмеу, дифференциалдылықтың жетіспеушілігі, сезімнің тұрақсыздығы,
әсерленушілік диапазонының шектелуі, шеткі деңгейдегі қуаныш, реніш, шаттық сезімдері
тән. Ақыл-есі бұзылысы бар балалардың сӛйлеу тілін тексеруде бірнеше зерттеу
әдістемелерді қолдануға болады:
1. Ӛз-ӛзімен сӛйлесу әдісі.
Сәби сіздің жаныңыздан алыста емес отырған жағдайда, сіз ӛзіңіз тыныш не кӛріп
тұрғаныңызды, естіп тұрғаныңызды, ойлап тұрғаныңызды, сезіп тұрғаныңызды айтыңыз.
77
Сӛзді айтқанда асықпай, қысқа, анық , есептеп, жай ғана баланың түсінуіне жетерліктей етіп
айту керек. Мысалыға: ―Ыдыс қайда?‖, ―Мен ыдысты кӛріп тұрмын‖, ―Ыдыс стол үстінде
тұр‖, ―Ыдыста сүт бар‖, ―Нұржан сүт ішеді‖ және т.б. Бұл әдіс баланың айтқанды кӛру
арқылы түсінуі үшін қолданылады.
2. Параллель сӛйлесу әдісі.
Бұл әдіс алдыңғы әдістен баланың барлық қимылдарын айтылуымен ӛзгешеленеді: ол
не кӛріп, естіп, сезіп түртіп тұр. ―Параллель сӛйлесуді‖ қолдану арқылы, сіз баланың сӛзін,
тәжірибесін арттыратын сӛздерді айтасыз, нәтижесінде оның ӛзі кейін қолдана алатын
болады.Мысалы: Нұржанның үстінде кӛк кӛйлек бар. Сен қандай кӛйлек киіп отырсын?
3. Қарсылық білдіру, немесе әдейі баланы түсінбеу әдісі.
Бұл әдіс балаға ӛзінің керегін нақты айтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде үлкендер
уақытша ―естімейтін, кӛрмейтін‖ болуы керек. Мысалы бала сӛреде тұрған ойыншықты
кӛрсетсе, сіз оған басқа ойыншықты алып беріңіз. Баланың алғашқы реакциясы сіздің
түсінбегендігінізге наразылық кӛрсетеді.. Бұл оның алғашқы қарсылық білдіру белгісі
болады. Сіз балаға: ―Мен сені түсінбеймін, сен не қалайсың? Қуыршақты ма, әлде қонжықты
ма? ‖ Бұл жерде бала ӛз керегін айту үшін алғашқы сӛз тіркестерін пайдаланады [1,54б.].
4. Кең ауқымдылық әдісі.
Бала айтқан сӛздерге сын есімді, шылау тіркестерді қоса отырып толықтырып
отырыңыз. Ол сізді естіп отыру жеткілікті. Мысалы: Сорпа-кӛкӛніс сорпасы ӛте татті екен.
т.б.
5. Таңдау әдісі.
Баланың қандай ойыншықпен ойнағысы келетінін ӛз таңдауына беріңіз. Екі жасқа
келгенде бала не ішкісі келетіндігін, не істегісі келетіндігін айтуға бейімделеді.Нақты ӛзі
атап бермесе де ыммен нұсқаумен білдіре алады.Бала бұл жерде белгілі бір дәрежедегі
ӛзіне деген жауапкершілікті,ӛзіндік бағалануы, орның сезінеді. Мысалы: Сен сүт
ішесінбе әлде су ішесінбе деп сұрау керек, немесе сенің ұйқын келдіме, жатқын
келеме әлде ойнай тұрасынба деген сұрақтар түрінде болуы тиіс.
6. Табиғи материалдармен ойнау әдісі.
Сӛйлеу және таным бесенлілігін арттыруда әр түрлі заттар мен обьектілерпді
уақытты ауыстыра отырып зерттеп кӛру үлаен әсер етеді. Кішкентай балаларға барлық
затты жеп кӛру, оларға ұзақ қарап отыру, ұстап кӛру, сол заттармен әр түрлі кішкене
жаналықтар ашу , қабілеті болады. Бұл кезеңде бала алғашқы жылында суға, топыраққа,
ағашқа , қағазға, шӛпке ұмтылады. Бұл ұмтылыста үлкен мағына бар: бала ол заттың
қандай материалдан жасалғандығын, құрлысымен, қызметімен және т.б. танысып, үлкен
жұмыс үстінде болады. Баланың ең жақсы кӛретін ойыншығы ол ӛзі жасаған ойыншық
болып саналады. Мысалы: таяшалардани жасалған қамал, топырақтан жамсалған үйлер,
қасықпен қазған шұңқырлар ,қағаздан жасалған қайықтар, қағаздан, матадан,сабан
шӛптен жамсалған қуыршақтар .т.б.Бұл кезеңде балаға зиянсыз табиғи материалдан
жасалған ойыншық бергеніміз абзал болады. Мысалы: ағаш, пластмасса.
7. Баланың іс-әрекетін ӛзгертіп отыру әдісі.
Сӛйлеу тілі дамуының ерте кезеңінде бала әр түрлі сӛзді ауыстыра алатын
тілдерді білетін болады .Ол ӛзіне қол жетерлік басқа сӛздермен айтады: жестік,
мимкалық дыбысқа еліктеу арқылы, жылау арқылы, сурет салу арқылы, т.б. Бала ӛз ойын
білдіргісі келеді, бірақ соны айтатын сӛздерді білмейді немесе айта алмайды. Бұл жерде
ол сурет салуды, конструкторларды, аппликацияларды пайдаланады. Бұл баланың
лигвистикалық қабілеттерін ғана дамытып қоймайды сонымен қатар сенсорлы таным
әрекеттерін дамытады: Әйгілі Л.С.Выготский айтып кеткендей баланың суретті
«Графикалық сӛйлеу» деп есептеді [5,87б.].
Бала ӛмірінде ойын үлкен орын алады. Балалар үшін ойын-ол оқу, еңбек, тәрбиелеу
әдісінің негізгі бір тәсілі болып табылады. Ал, ойын сӛйлеу тілін қалыптастырудың негізгі
бірден-бір жолы болып табылады. Ӛздеріміз күнделікті ӛмірде байқағанымыздай, қазір, ойын
ойнаймыз десек болды, олардың кӛздері күлімдеп, қуаныштарында шек болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |