82
ЭЛЕКТРОДИНАМИКА БӚЛІМІ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІ
ЕСЕП ШЫҒАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Кожабаев Р.Г., Тулегенова А.Қ.
Кӛкшетау қ., Ш.Уалиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті
Anar080476@mail.ru
Электродинамикада негізгі ҧғым – заряд. Бірақ оны таситын
бӛлшектердің, денелердің қандай екендігін қарастырмайды. Заряд мӛлшерін
анықтау ҥшін 2 зарядтың әсерлесу кҥшін табады. Олардың бірі- эталондық
заряд етіп қабылданады.
Бірақ электродинамика зерттейтін негізгі объект - заряд емес,
электромагниттік ӛріс. Ӛріс - нақты физикалық объект, затпен қатар ӛмір
сҥретін материяның бір тҥрі. Ӛрісті электр зарядтары туғызса да, ол зарядтан
бӛлек те ӛмір сҥре алады. Мысалы: жарықтың, электромагниттік сәулелердің
тууына себепші – электр зарядтарының қозғалысы. Пайда болғаннан кейін бҧл
сәулелер зарядтан бӛлек ӛздігінен ӛмір сҥреді. Электромагниттік ӛріс
кеңістіктің макроскопиялық аумақтарына таралады, бҧл аумақтардың анық
шекаралары болмайды. Ӛріс зарядталған денелерге кҥштік әсері арқылы
білінеді.
Электродинамика физикалық қҧбылыстардың ӛте кең аумағын қамтиды.
Ол макроскопиялық ӛрістерге, токтарға, зарядтар ҥлестірімдігіне арналған кез
келген есепті теориялық жолмен шеше алады. Осы тҧрғыдан ол механика
саласы сияқты теорияның ең кӛрінекті моделі болып табылады. Ол белгілі бір
қҧбылыстарды, жеке заңдарды тҥсіндіріп қана қоймай, жаңа эффектілерді
болжауға да шамасы жетеді. Мысалы: Максвеллдің электромагниттік
толқындардың мҥмкіндігі жӛніндегі болжамы дәлелденіп қана қоймай,
жарықтың теориясына айналды [1: 62].
Физика сабақтарында эксперименттік есептер шығару оқушылармен
жҧмыс жасау барысында әрбір мҧғалімнің негізгі әдістемесінің қҧраушысына
айналуы керек. Себебі, қазіргі заман талабына сай, оқушыларды техникалық
бағыттағы пәндерге атап айтқанда физика саласына бағыттау ең басты
қажеттілік болып табылады.
Эксперименттік есептерде тәжірибені қажет болғанда ғана қояды, кейбір
есептерде фронтальды тәжірибе қойылуы мҥмкін. Мысалы, зертханалық
жҧмысты ӛткізу барысында оқушылар электр шамынан ӛтетін ток кҥшін
есептейтін электр сызбасын мҧғалім демонстрациялық ҥстелде кӛрсетіп
бергендей жинайды, олар біршама икемдіктер мен дағдылар алады, бірақ
жалпылама сипаттағы ебдейліктер қалыптаспайды.
Физиканы оқыту ҥдерісі барысында демонстрациялық эксперименттер
тҥрлерін ҥйлесімді қолданған дҧрыс. Мҧғалім оқушылардың ӛткізілген
демонстрациялық эксперименттерге кӛп кӛңіл бӛліп, оқу ҥдерісіндегі зерттеу
сипатындағы кӛрнекілеулерді енгізіп, оларды кӛбінесе оқушылардың дҧрыс
қабылдауын қадағалайды. Оқушылар орындалған әрбір жҧмыста олардың алған
83
білімдерін тереңдетуге, нақтылауға және практикада қолдана білуге ҧмтылады.
Оған қоса әрбір жҧмысты орындағанда оқушылар жаңа бір нәрсені білуге
ҧмтылуы тиіс: шамаларды ӛлшеудің тиімді әдісін қолдану; олардың басқа
шамалармен жаңа тәуелділігін орнату; бір шаманы ӛлшеуді келесі бір ӛлшеуге
ауыстыру ебдейлігін жҥзеге асыру және тағы басқалар. Оқушыларға
жалпылама жоспар бойынша жҧмыс істеуді ҥйрету ӛте тиімді.
Есеп шарты мен талабының тҥрлі болуына қарамастан, оқушылар
олардың ортақ қҧрылысын, ҧқсас есептерді шығарудың ортақ әдісі мен
тәсілдерін байқай білу керек. Бҧлар қарапайым ҧқсас есептер, олар белгілі бір
есептің жекеше тҥрлері болып табылады. Есеп шығару ҥрдісі кҥрделі, оны
мынадай кезеңдерге бӛлуге болады:
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ҧғымдардың
мағынасын тҥсіндіру.
2. Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу.
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын
физикалық ҥрдістер мен заңдарды тҥсіну, физикалық шамалардың арасындағы
тәуелділікке кӛңіл аударылады.
4. Шығарудың жоспарын қҧру, тәжірибе жасау, есепке керекті
тҧрақтылар мен кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау
жасау.
5. Физикалық шамаларды ХБЖ жҥйесінде жазу.
6. Ізделініп
отырған физикалық шамамен берілген шамалардың
арасындағы заңдылықты тауып, оны жазу.
7. Теңдеулерді қҧру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны
жасау).
8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, тәжірибе нәтижесіне талдау жасау.
9. Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру.
10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен
тиімдісін алу.
Эксперименттік есептерді шығару ҥшін, арнаулы қҧрал-жабдықтардың
кӛмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп
шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару ҥрдісінде оқушылардың
қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, қҧрал-жабдықтармен жҧмыс
істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық қҧбылыстар
мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі. Осы мақсатта эксперимент жасай
Физика сабағында оқушыларға эксперименттік есептерді шығартудың
маңызы ӛте зор. Эксперименттік есептер-қҧрылысы жағынан, шығару тәсілдері
бойынша, мәселе есептерге ҧқсас, бірақ қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде
алынады. Оқушылар мҧндай есептерді шығару ҥшін қойылған проблемаға
байланысты қажетті заңдылықтарды анықтап, ӛз кҥшімен тәжірибелер
жҥргізеді, ӛлшеулер жасайды. Қажетті шамалар алынғаннан кейін,
эксперименттік есеп мәселе есепке айналады. Физиканы оқып ҥйренуде, оның
мағынасын терең тҥсінуде, эксперименттік есептер орындаудың мәні ерекше.
Оқушылар қҧрал-жабдықтармен танысып, ӛлшеулер жасау техникасын
Достарыңызбен бөлісу: |