136
–
Егер Тіл Заңы жайлы айтар болсам, ондағы мемлекеттің және
оны бекітіп отырған Парламенттің жауапкершілігі аз. Айтқан болады, олай
істеу керек, былай түсу керек деп. Бірақ аяғына дейін күреспейді. Соны
орындатуға құлықсыз. Бұл бір. Екіншіден, егер біз қазақ тілін шын мәніндегі
мемлекеттік тіл жасағымыз келсе, бұдан батыл, жылдам қимылдауымыз
керек. Жедел арада бетбұрыс жасайтын кез келді. Олай дейтінім, мемлекеттік
жетекші қызметкерлердің, әкімдердің қазақ тілін білуін қатаң қадағалау
қажет. Өзге ұлт өкілі болса, жедел арада тілді үйренсін, қазақ болса, ол
қайткен күнде ана тілін білуге тиіс. Одан соң мемлекеттік жауапты жоғары
орындарға Иманғали Тасмағанбетов сияқты мемлекеттік тілді жетік білетін
азаматтарды тағайындау керек. Үшіншіден, заң талаптарын орындау үшін
мемлекет қаржы бөлуге тиіс. Сонан кейін ол ақша шенеуніктердің қолында
жүрмей, тиісті мақсатқа жұмсалса. Міне, сонда ғана заң пәрменді болады.
Осы жерде айта кеткеніміз орынды болар, «Кедейді кезеңде бір тонаса,
ойпаңда күтіп алып екі тонайды» дегендей, бүгінгі таңда біз үшін екі тілдің
проблемасы аздай, енді үшінші тіл тағы қосылды. Ол – ағылшын тілі.
Глобализация туралы конференцияда осы мәселені айттым мен. Нағыз
глобалдық проблема – бұл тіл... Енді, міне орыс тілі де қалатын болып
отыр. Қазір халық бәрін тастап, шет тілін үйренуге кірісті. Әрине, уақыт
талабына сай шет тілін білген жөн. Бірақ өз тіліңді ұмытпауың керек. Ана
тілін ұмытады екенсің, онда ұлт өмірінен шет қаласың деген сөз. Міне, тілге
байланысты осындай кереғар құбылыстың да алдын алғанымыз жөн.
- Уақыт бөліп әңгімелескеніңіз үшін рахмет!
«Алматы ақшамы», 2002. 25 шілде. (Сұхбаттасқан М. Мұқаштегі)
Ұлтты ұйыстыратын құдіретті ұйытқы
Қазақ тілі тағдырдың тәлкегіне түскелі кашан? «Тіліміз туралы
бүгінгі әңгіменің көбісі бұдан жүз жыл бұрын басталған еді» десек,
біреу сенер, біреу сенбес. Ал, шынында да солай. Мәселен, Әлихан
Бөкейханов 1905 жылы маусым айында Қоянды жәрмеңкесінде
жазылған «Қарқаралы петициясында» қазақ қоғамының ұлттық мүддесі
етіп қойылған негізгі талаптардың бірі ретінде: «ауылдарда сабақ орыс
тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу, мемлекеттік
аппаратта, сот орындарында, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу,
олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою, т.с.с.» мәселелерді
атап көрсетті (Ә.Бөкейханов. Шығармалары. Алматы, 1994, 13-б.). Тіл
туралы талас-тартыстар бұдан кейін де тоқтаған емес. Мәселен. Сәкен
Сейфуллин кезінде (1923-1925 ж.ж.) қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе
137
берілуіне байланысты кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу жайында
«Енбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бетінде 9
мақала жариялапты. Соның бірінде: «Біздің қазақ коммунистерінің
кейбіреуі қазақ тілі туралы қатты кірісуге бара алмай жүрсе, енді
біреулері «ұлтшыл» деп айта ма деп бой тартады. Бірақ бұл қылық
– коммунистік кылық емес, ол – жарамсақтық, жағымпаздық» деп
жазыпты. Ол оларға: «жас буынға ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса
да, оқу ісіне жәрдем қылмасаңдар, жас буынның қолы жағаңда кетеді!»
деп ескертті. Бұл кездерде қазақ тілінің тағдырына, жастарға ана
тілінде білім беру, т.б. мәселелерге белсенді түрде кіріскен зиялы қауым
өкілдерінен Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов. Тұрар Рысқұлов,
Сұлтанбек Қожанов, т.б. осы сияқты мемлекет қайраткерлерінің есімін
ерекше атауға болады.
Тіліміз туралы сол дау-талас күні бүгінге дейін толастаған емес.
Бұрынғы әңгіме мен бүгінгі әңгіменің бір-ақ айырмашылығы бар. 20-30
жылдары қазақ зиялылары қазақ тілінің мүддесін ашық айтып, талабын
айқын білдіре алмады. Өйткені «ұлтшыл» деген «қарғыдан» (ярлыктан)
қорықты, ал бүгінгі таңда демократияның арқасында тіл туралы не
айтам десең де өз еркің.
Бірақ тіл үшін күресу тәсілі әр кезде әр түрлі болғанымен, кезінде
«батпандап кіргенімен, мысқалдап шығып кете алмай жатқан» қасиетті
ана тіліміздің кеселі біреу-ақ, ол – өз жерінде, өз елінде мемлекеттік биік
мәртебеге ие бола тұрса да, қоғамдық өмірде өзінің сан алуан қызметін
өз дәрежесінде атқара алмай, өрісін кеңейтіп, өз деңгейіне көтеріле
алмай, әлі күнге дейін мүшкіл жағдайды басынан кешіруі.
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (Абай) дегендей, бүгінде сол
тіліміз пікір айтушылардан кенде емес. Бірақ бүгінгі пікір кешегідей
емес. Пайымдап қараған адам, бейнелеп айтқанда, ит талаған терідей
додаға түсіп, серкедей бұтарланған тіліміздің мүше-мүшелерін әр
көкпаршының қолынан көруге болады. Бәрінен бұрын ұлт тілінің иесі
– қазақ халқының жанына жара салып, жан дүниесін күйзелтетіні –
кешегі академик В.В.Радлов, қазақ тілін зерттеген П.Мелиоранский,
демократ поляк жазушысы А.Янушкевич таңдайын қағып, таңғалған,
«дала демосфендерінің тілі» деп мақтап-мадақтап кеткен тілін бүгінгі
саясаткерлердің «көп ұзамай өлетін тіл» деп, кәлимаға келтірмей,
жаназасын шығаруы, «мемлекеттік тіл болуға жарамайтын қойшы-
қолаң тілі» деп қорлауы, «орыс тілімен теңдесе алмайтын «тесік
қоржын» деп күстаналауы...т.т.
138
Miнe, мемлекеттік тіл туралы ширыға түскен дау-дамайдың
бір жағындағы топтың ол жөніндегі өзіндік ұғым-түсінігі, ұстанған
принцип-үрдісі осылар және әр жерде әркімде өзінше туындап, осы
төңіректен өрбіп жатқан қияли, қитұрқы, кияс ойлар. Бұл топтағылар –
Қазақстанда орыс тілінің өктемдігінің мәңгі-бақи болуын армандайтын,
өздерін «орыстілділер» деп санайтын орыс, қазақ, т.б. ұлт өкілдері,
қазақ тілінің дұшпаны екендігін ашық танытып келе жатқан бір топ
зиялы қауым.
Тіліміз туралы дау-дамайдың екінші жағында жүргендер –
қазақ зиялылары: ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер, тіл
жанашырлары. Бұлардың максаты – талас-тартыспен әрең алған ана
тілінің мемлекеттік мәртебесін қорғап қалу, қоғамдық-әлеуметтік
өмірде оның өз қызметін толық атқаруына қажетті жағдай жасап, оған
қатысты шараларды жүзеге асыру. Өкініштісі, осы бір аса қарапайым да
заңды талапты орындаудың өзі күні бүгінге дейін қиямет-қайымдай ең
қиын істердің бірі болып отыр.
Сайып келгенде, қоғамдағы текетірестің түп мақсаты: бір жағынан,
орыс тілінің үстемдігін сақтап қалу болса, екінші жағынан, қазақ тілінің
үстемдігін орнату. Бірақ осы тұста ақын Олжас айтқан «Асқар тауларды
аласартпай, жазық даланы асқақтатайық» деген идеяны жүзеге асыру
оңайға түспей отыр. Өткен он жылдан астам уақыт ішінде «Батпандап
кірген ауру, мысқылдап қана кетеді» деп білген өкімет мемлекеттік тілді
бірден емес, біртіндеп жүзеге асыру саясатын ұстанды, егемендігіміздің
іргесі қаланып, белі бекігенше ауадай қажет тыныштықты сақтауға
тырысты. Елдегі келісім, бейбіт өмір үшін ұстанған осы саясаттан
мемлекеттік тілдің ұтқанынан да ұттырғаны көбірек деп ойлаймын.
Әйтпесе, көрінген көк аттының тіліміздің жағасынан алып, шаужайына
жабысатын не қақысы бар еді? Мемлекеттік тіл о бастан-ақ өз мінезін
таныта алмады, өз құқығын жүзеге асыра алмады. Оның негізгі екі
себебінің бірі – Қазақстанда қалыптасқан демографиялық баланс болса,
екіншісі – қазақ халқының болмысына тән құлдық психология.
Әлі де осы екі фактордың зардабын тартып келеміз. Тіл туралы
ашық талас-тартыстарда орыс тілінің елдегі мәңгі-бақи үстемдігін
қалайтындар бұрынғы партократия заманыңдағыдай астарлап емес,
пікірлерін жасырмай айтатын болды. Халқымыз қадірлеп, қастерлеп
келген қасиетті ана тілімізді аяғымен таптап, түкке тұрғысыз етіп
көрсетуге тырысуда. Тілімізге жасалып жатқан «лингвотеракт» деп
бағаланған (Ә.Жүнісбеков) ашық шабуылдар ана тілін сүйіп өскен
Достарыңызбен бөлісу: |