139
әрбір перзентке анасын балағаттаумен бірдей әсер етіп отырғанын сол
саясаткерлердің өздері түсінбейтіні қасірет қой.
Тіл майданындағы талас-тартысқа қатысушылардың «орыстілділер»
жағы тек орыс ұлтының ғана өкілдері еместігін жоғарыда айттық. «Іштен
шықкан жау жаман» дегендей, тіл саясатына теріс ықпалын танытып
отырған, кейбір қағынан жеріген киіктей өз тілінен жиренген тоғышар,
енжар қаракөз бауырларымыздың іс-әрекеттері әлдеқайда қатерлі болып
отыр. Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазақпен қазақ
қазақша сөйлессін» деген талабы мұндайлардың санасына да кіріп-
шықпайды. Ет пен терінің арасында болатын ескі шаншудай жаныңды
мазалайтын осындай нигилистер (аттарын атамай-ақ қояйын, өздері
де түсінсе болады) халық атынан «қазылығын» айтып, қазақ тілінің
«кем-кетігін» бетіне басып, оны қорғаушыны айыптап, жығып беруге
тырысатын жандайшаптық танытып бағуда.
Тіл қатып қалған қасаң құбылыс смес, жанды организм. Ол – өмір-
бақи дамып, жаңғырып, жаңаланумен болатын, оның грамматикалық
құрылымы, сөз байлығы, дыбыстық жүйесі, мағына-мазмұны, атқаратын
қызметі, емлесі, әдеби нормасы, стилі жетіліп, дамып отыратын өте күрделі
құбылыс.
Бұлар жанды тілдердің барлығына тән. Ал ана тіліміздің кейбір
оппоненттерінің бұл саладағы «кемшілік-кемістіктерді» айтып, қазақ
тілінің өзін түгелдей жоққа шығаруға, мемлекеттік тіл болуға жарамсыз
етіп көрсетуге тырысатындары қанша?
Көп мысалдың ең соңғыларының біреуін ғана келтіре кетейік (бұлар
көбінесе орысша жазғыш), В.Нүсіпханов деген азамат өзінің «Дайте этому
языку спокойно умереть» атты мақаласында:
«Мне смешно и грустно наблюдать за тем, как у нас в стране идет
мистификация языка. Давным-давно всем ясно, что у казахского языка
нет ника ких перспектив с точки зрения его применения в будущем. Мир
говорит на английском. А мы что – будем отвечать ему на своем казахском?
Казахский язык – это язык застолья, песен и айтысов. Он был у нас
в кухне – там и останется. Сто последних лет сделали свое дело – мы
похоронили язык заживо, подрубили у самого корня. Так зачем надевать
на высохшее дерево праздничные букеты? Там должен висеть венок. Все
остальное – сплошное лицемерие, еловоблудство и пустая трата времени и
денег...», – деп жалғастырады ол өз пікірін («Известия», 14.XI.2002).
Бұл автордың айтқанына құлақ ассақ, мемлекеттік тіл туралы дау-
дамайға араласып, қара тер болудың еш қажеті жоқ сияқты... Міне, өз
140
қандасымыздың жүрегін жарып шыққан ойы осы. Ол «ана тілім өлетін
болды-ау!» деп қабағын да шытпайды, қайта «тиіспеңдер оған, өз жөнімен
өле берсін!» деп жұртқа ақылын айтып тұрған жоқ па? Сонда қазақ тілінің
тамырына балта шапқан, оның болашағын көзінен ғайып қылған кім?
Ағылшын тілін білу – өз тілінен ат-тонын ала қашу ма? Қазақ тілі таң-
тамаша, өлең-жыр, айтыс тілі болғаны айыбы ма? Ана тілін тірідей көмуге
дәтіңіз қалай шыдайды?
Ана тіліміздің әлеуметтік қызметіне байланысты түгел шешімін таба
алмай жатқан мәселелері, әрине, баршылық. Солардың біразын атап көрейік.
Иә, ана тіліміздің бүгінгі ахуалы, ертеңгі жағдайы, болашақ тағдыры
тіл маманы ретінде мені де ойландырмай, толғандырмай жүрген жоқ.
Әсіресе, соңғы он бес жыл бойы өз басым қанды майдан болмаса да, соған
бергісіз, ақын Қадырдың сөзімен айтсақ, «ықпыл-жықпылы джунглиден
бетер» қарбаласта, жауың да, досың да өз ішіңде, ашық айқас бол маса да,
етектен басып, шаужайыңнан тартатындар көп, бір табан ілгері бастырғысы
келмейтін «ғайып бір күшпен» арпалысып келе жатқандаймын.
Ол қандай күш, қандай құдірет? Мәселе, ең алдымен осыны анықтап
алуда тұрған сияқты. Менің «жаман» ойым: ол «қауіпті күш» – өзімізге
тән, өз халқымыздың бойындағы қасірет. Бірі – міне, осы болса, екіншісі –
сол қазақ халқының өзі табиғат сыйлаған тіл шеберлігіне ие халық, түркі
әлемінде одан асқан ділмәр халық жоқ.
Айқын шындық: өз алдыңа мемлекеті бар бүгінгі түркі халықтарының
ішінде қазақ тілінің жағдайы алаңдарлық денгейде әлі. Себебі неде?
Қазақ қауымында ана тіліміздің тағдырына, қажеттілігіне,
мүмкіншілігіне, дамуына, болашағына байланысты екі түрлі, бір-біріне
кереғар пікір қалыптасқаны белгілі.
Солардың бәрі мемлекеттік мәртебе алған тіліміздің кешегі мүшкіл
жағдайы мен бүгінгі ахуалын салыстыра бағалаудан туындаған екіұдай
пікірлер. Соның бірі: «тіліміз баяғы мүшкіл халінде, өзгеріс жоқ, қайта
бұрынғыдан да мүсәпірленіп барады, т.т.» деушілер. Екінші топқа
жататын пікір – «қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеру, беделін
арттыру және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірталай іс-
шаралар жүзеге асты. Олардың нәтижелері де жоқ емес, ақырын болса
да алға басушылық бар»– дегенге барып саяды.
Менің бүйрегім осы екінші пікірге бұратын сияқты. Сөйте тұра,
екі пікірдің екеуіне де айтар базынам бар. Бірінші пікірді кейбір
кереғар адамның аузынан есту «аузын қу шөппсн сүртіп», барды жоқ
деп айтуға дағдыланған, «түймедейді түйедей етіп көрсетуді» әдетіне
141
айналдырған, жаңалықты көре алмайтын қияс, жымысқы адамды көз
алдыңа елестетеді.
Екінші пікірді естігенде, «істеліп жатқан іс-әрекеттердің,
қабылданып жатқан қаулы-қарарлардың нәтижесі не болды екен?» – деп
жан-жағымызға қараймыз. Қараймыз да, олардың орындалу барысына
қарнымыз тоймайды. Өйткені ана тілімізге байланыс ты сананың оянуы,
ынта-жігер, ықылас-ниет қалың жұртшылықтың тұла бойына терең
сіңіп, ұлт табиғатына толық дарымай отыр. Сондықтан да, бұл саладағы
іс-әрекеттің бәрі, сайып келгенде, «міне, біз мемлекеттік тілді үйретіп
жатырмыз, іс-қағаздарын аудартып жатырмыз, тіл фестивальдерін
өткізіп жатырмыз, қаулы-қарарларды орындап жатырмыз...» – деген
сөздер тек ақпарат жүзінде ғана көрініс тауып отыр.
Бірақ, қалай болғанда да, мемлекеттік тілімізде бір табан болса да
ілгері жылжу бap. Қоғамдық өмір ортасына қайта орала бастады. Өз
үйінің құрметті төріне бірден шыға алмаса да, жетім баладай есіктен
қарауын қойып келе жатыр. Алайда, мемлекеттік тіліміздің өз деңгейіне
көтерілуінің ауылы әлі алыс, оның көкжиегі асыл армандай мұнарланып
қана көрінеді.
«Ол мақсаттың орындалуы үшін не істеу керек?» деген сауалға
менің өз басым: егеменді еліміздің ең бір игілікті шарасы ретінде
қоғамның барша құдіретті күш-қуаты, Конституция, Тіл заңы, қаулы-
қарарлардың пәрменді әрекеті ұлттық санамызды оятуға, елдігіміздің
рухын паш етуге бағышталуы керек деп білемін.
«Тіл туралы» Заңның соңғы бетін (VI тарауын) оқысаңыз, оның
жүзеге асырылуы, қаржымен қамтамасыз етілуі, орындалуын бақылау
– бәрі Үкіметке жүктелген. Заңды шығарып, бекітуші бүгінгі Парла мент
бұл міндеттен дін аман. Ең болмаса, «Заңның орындалуын қадағалау»
деген де тапсырма жоқ.
Сондықтан да, мен тіліміз егемендіктен бұрын да, одан кейін де өгей
баланың күйін кешуде деп ойлаймын. Олай дейтін себебім: мәселен,
Жапония ұлттық табысының пәленбай пайызын өз тілін көркейтуге
бағыштап отырады екен. 40-шы жылдары компьютер техникасы мен
технологиясын қай тілде дамытамыз – жапон тілінде ме, жоқ, әлде
ағылшын тілінде ме?» – деген проблема күн тәртібіне қойылғанда,
жапондықтар «тек жапон тілінде ғана дамыту керек» деген шешімге
келіп, бүгінде бұл салада АҚШ-пен тайталасып отыр.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін жай сөз, құрғақ уәде, жалған
мағлұмат емес, күшті мемлекеттік саясат, айқын идеология және қыруар
Достарыңызбен бөлісу: |