103
жағдайда зат кескінінің үлкею 22% құрайды (1,22 есеге үлкейеді). Бұл
жағдайда аксонометриялық кескіндерді тұрғызу кезінде аксонометриялық
өстердің бағыттарына параллель заттардың өлшемдерін қысқартылмаған
күйінде салады (нақты шамасында).
Проекция
жазықтықтарына
параллель
жазықтықтарда
жатқан
шеңберлер аксонометриялық проекция жазықтықтарына эллипс болып
проекцияланады (8.3 сурет). Изометрияда
эллипстердің үлкен өстері осы эллипстер
проекцияланатын
жазықтықтарды
анықтамайтын бос өстерге перпендикуляр, ал
кіші өстері бағыты бойынша оларға параллель
болады.
Эллипстердің үлкен өстерінің өлшемі –
1,22
d, ал кішілерінікі – 0,71
d, мұнда
d -
кескінделетін шеңбердің диаметрі.
Бөлшектің
тілікпен
орындалған
изометриялық проекциясының мысалы 8.4
суретте кескінделген.
ҚҚБЖ-нің ГОСТ 2.317-2011 сәйкес
аксонометриялық проекциялардың қимала-
рындағы сызықтау сызықтары - қабырғалары координат өстеріне параллель
тиісті координат жазықтықтарында жатқан квадраттардың диагональдарының
проекцияларының біріне параллель жүргізіледі (8.5 сурет).
8.1.2 Диметриялық проекциялар.
Тікбұрыштық диметриялық проекция (диметрия) жақсы көрнекілікке ие
болғанымен, оны тұрғызу тікбұрышты изометрияға қарағанда күрделі. Тиісті
аксонометриялық өстердің орналасуы 8.6 суретте келтірілген.
8.3 сурет – Изометриядағы
шеңбердің
проекцияларын тұрғызу
8.4 сурет - Бөлшектің изометриялық
проекциясы
8.5сурет - Тікбұрыштық
изометриядағы
сызықтау
104
8.6 сурет - Тікбұрыштық
диметриядағы
өстердің орналасуы
8.7 сурет - Диметрияда шеңберлер
проекцияларын тұрғызу
OX және
OZ өстері бойынша бұрмалану көрсеткіштері 0,94 тең, ал
OY
өсі бойынша 0,47 тең. Тұрғызуды қарапайымдандыру үшін тікбұрышты
диметрияны
бұрмаланудың
келтірілген
көрсеткіштерінде
орындау
ұсынылады:
OX және
0Z өстері бойынша 1 тең, ал
0Y өсі бойынша 0,5 тең
нақты шамаға қатысты. Бұл жағдайда
кескін 1,06 есеге үлкейеді (үлкею 6%
құрайды).
Проекция
жазықтықтарына
параллель
жазықтықтарда
жатқан
шеңберлер
аксонометриялық
жазықтықтарға
эллипстер
түрінде
проекцияланады (8.7 сурет). Эллипстердің үлкен өсі барлық жағдайларда 1,06
тең, мұнда
d -
шеңбер диаметрі. Горизонталь және профиль жазықтықтарына
параллель жазықтықтарда орналасқан эллипстердің кіші өстерінің өлшемі
0,35
d тең, ал фронталь проекция жазықтығына параллель жазықтықтағы -
0,95
d тең.
Бөлшектің
тікбұрыштық
диметриялық
проекциясын
кескіндеу мысалы 8.8 суретте
көрсетілген. Беріктік қабырғалары,
жұқа қабырғалар, құлақшалар,
маховиктердің шабақтары және
соған ұқсас элементтер бойлай
тілінетін болса, онда олар 8.8
суреттегі
беріктік
қабырғасы
сияқты
аксонометрияда
сызықталып
кескінделеді.
Диметрияда сызықтау сызықтарын
жақтары аксонометриялық өстерге
параллель тиісті координаттық
жазықтықтарда жатқан квадраттар диагональдарының проекцияларының
біріне параллель жүргізеді (8.9,
а сурет). Құрастыру сызбаларында іргелес
8.8 сурет – Тікбұрыштық
диметриядағы
бөлшектің кескіні