109
Атқарушылық бөлік – бұл қандайда бір
қызмет атқаратын не элемент, не
құрылғы, не атқарушылық топ.
Атқарушылық тізбек деп нақты атқарушылық міндеті бар (мысалы,
байланыс каналы ) трактіні, желіні немесе каналды айтады .
Байланыс немесе өзара байланыс сызығы - бұйымның атқарушылық
бөліктерінің арасында байланыс бар екендігін көрсететін түзу кесіндісі.
9.2 Сұлбаның түрлері және типтері
Сұлбаларды орындау ережелерін, олардың түрлері мен типтерін,
сондай-ақ сұлбаларды орындаудың жалпы талаптарын ГОСТ 2.701-2008
тағайындайды.
Сұлбалар элементтердің турлеріне және бұйымды құрайтын
байланыстарға
тәуелді он түрге бөлінеді .
Сұлбаның түрлері орыс алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді:
электрлік –
Э, гидравликалық -
Г, пневматикалық -
П, газдық
(пневматикалықтан өзге) -
X, кинематикалық -
К, вакуумдық -
В, оптикалық -
Л, энергетикалық -
Р, бөлу -
Е, аралас -
С.
Бөлу сұлбаларын бұйымның құрамын анықтау үшін орындайды.
Егер бұйым әртүрлі түрдегі элементтерден тұратын болса, онда оған
аралас сұлба орындалады. Сұлбаларды олардың негізгі арналуларына сәйкес
сегіз
типке бөледі . Сұлба типі араб сандарымен белгіленеді:
1 - құрылымдық
сұлба,
2 - атқарушылық сұлба,
3 - принциптік (толық) сұлба,
4 - жалғау
(монтаждық) сұлба,
5 - іске қосу сұлбасы,
6 - жалпы сұлба,
7 - орналасу
сұлбасы,
0- біріктірілген сұлба.
Біріктірілген сұлба бір түрге жататын, бірақ екі немесе оданда көп
әртүрлі типтегі сұлбалардан тұрады (мысалы, біріктірілген электрлік жалғау
және іске қосу сұлбасы –
Э0).
Құрылымдық сұлба бұйымның негізгі атқарушылық бөліктерін
анықтау үшін, сондай-ақ оның неге арналғандығын және өзара
байланыстарын анықтап, бұйым туралы жалпы түсінікті қалыптастыру үшін
қажет. Мұндай сұлбада бұйымның жұмыс істеу принципі емес, тек
жекелеген атқарушылық бөліктер арасындағы өзара іс әрекеттері
анықталады. Мұнда бұйымның құрамдас бөліктері жәй ғана тік төртбұрыштар
түрінде кескінделеді. Бұған қоса шартты графикалық белгілеулерде
пайдаланылулары мүмкін.
Атқарушылық сұлба бұйымның әртүрлі атқарушылық желілерінде
немесе тұтас бұйымның өзінде жүріп жатқан процесстерді түсіндіру үшін
қажет. Мұндай сұлба бұйымның жұмыс істеуін зерттеу кезінде қолданылады;
бұдан басқа ол бұйымдарды жұмыс жағдайына реттеу, жөндеу және бақылау
кезінде қолданылады.
Принциптік сұлба элементтердің толық құрамын және олардың
арасындағы байланыстарын анықтауға арналған және көп жағдайда
бұйымның жұмыс істеу принципі туралы толық түсінік алуға мүмкіндік
береді. Принциптік сұлбаның негізінде басқа конструкторлық құжаттар