93
Стандарттардың әрбір категориясының шегінде жазбаны бұйымдар
топтары бойынша алфавиттік ретпен, ал әрбір атау шегінде - стандарттар
белгілеулерінің өсу реті бойынша, мысалы:
1) Бұрандама М20
×
70.58 ГОСТ 7805-70.
2) Бұрандама М24
×
75.58 ГОСТ 7798-70.
Бір стандарт шегінде белгілеулерді бұйымның негізгі параметрлерінің
7.3 сурет - Сипаттізім
Негізгі жазу ГОСТ 2.104-2006 бойынша
94
немесе өлшемдерінің өсу реті бойынша жазады, мысалы:
1) Бұрандама М12
×
70.58 ГОСТ 7798-70.
1) Бұрандама М24х
×
65.58 ГОСТ 7798-70.
Бекіту бұйымдарының тобын сипаттізімге алфавиттік ретпен жазады:
бұрамалар, бұрама сұқпалар, бұрандамалар, сомындар, тығырықтар және т.б.
Сипаттізімнің әрбір бөлімінен кейін қосымша жазбалар үшін бірнеше
бос жол қалдыру қажет. Сипаттізімде қойылатын резервленген жолдарды
толтыру кезінде позициялар нөмірлерін резервлеуге болады.
Сипаттізім графалары келесідегідей толтырылады: "Пішім" графасында
бөлшек сызбасы немесе өзге конструкторлық құжат орындалатын пішімнің
өлшемі көрсетіледі; "Стандартты бұйымдар", "Басқа бұйымдар" және
"Материалдар" бөлімдері үшін графа
толтырылмайды;
сызбалары
орындалмаған бөлшектер үшін графада "БЧ" (без чертежа - сызбасы жоқ) деп
көрсетеді.
"Аймақ" графасында бұйымның құрамдас бөлігінің жазылатын позиция
нөмірі орналасқан аймақ белгілеуі көрсетіледі; графа тек сызба аймақтарға
бөлінген жағдайда толтырылады.
"Позиция" графасында сипаттізімде келтірілген кезекпен бұйымдардың
құрамдас бөліктерінің реттік нөмірлері (позициялары) көрсетіледі.
"Белгілеуі" графасында конструкторлық құжаттың белгілеуін көрсетеді,
мысалы: ГР 44.06.12.006.
"Материалдар" бөлімі үшін графаны толтырмайды. "Атауы" графасында
мыналар көрсетіледі: спецификацияланатын бұйымның негізгі құжаттарының
комплектісіне кіретін құжаттар үшін-тек қана олардың атаулары, мысалы:
"Құрастыру сызбасы", "Сұлба" және т.с.с; бөлшектер үшін-бұл бөлшектердің
сызбаларындағы негізгі жазуға сәйкес олардың белгілеулері. Сызбалары
орындалмаған бөлшектер үшін-атауы, белгілеуі, материалы, сондай-ақ оларды
жасау үшін қажетті өлшемдері көрсетіледі. Стандартты бұйымдар мен
материалдар үшін - стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес атауы
мен шартты белгілеуі көрсетіледі.
"Саны" графасында бір бұйымға кіретін құрамдас бөліктердің саны, ал
материалдар үшін - өлшем бірлігі көрсетілген бір бұйымға қажетті материал
мөлшері.
"Ескертпе" графасында сипаттізімге енгізілген бұйымдар мен
құжаттарға қатысты қосымша мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, сызбалары
орындалмаған бөлшектер үшін салмағын көрсетеді.
Қарағып боялған немесе қалыңдығы бойынша жұқа бұйымдар (мысалы,
төсемдер) үшін нүктені нұсқамамен (7.4,а сурет, 7 позиция) алмастырады.
Шығару сызықтары басқа бөлшектердің кескінін қимауы, өзара қиылыс-
паулары және өлшем мен шығару сызықтарымен қиылыспаулары (мүм-
кінділігінше) немесе сызықтау сызықтарына параллель орналаспаулары тиіс.
95
Позиция нөмірлері тек тиісті құрамдас бөліктері негізгі көріністерде
және оларды алмастырушы тіліктерде көрінетін болып проекцияланатын
кескіндерде көрсетіледі.
Позиция нөмірлерін кескін контурынан тыс сызбаның негізгі жазуына
параллель орналастырады және мүмкіндігінше бір сызықтың бойына бір
бағанға немесе бір жолға топтастырады.
Сызбада позиция нөмірлерін ережеге сай бір рет қана көрсетеді.
Негізделген жағдайда оларды қайталап көрсетуге рұқсат етіледі. Позиция
нөмірлерінің қаріп өлшемі берілген сызбадағы өлшем сандары үшін
қабылданған қаріп өлшемінен бір-екі нөмірге үлкен болуы керек.
Өзара байланысы айқын білдірілген бөлшектер тобы (7.4,б,в сурет) үшін
позиция нөмірлері тігінен орналасқан ортақ шығару сызығын жүргізуге рұқсат
етіледі. Бұл жағдайда шығару сызығы қай бөлшектен жүргізілсе, соның
позиция нөмірі үстіңгі сөреде көрсетіледі.
7.6 Құрастыру сызбаларындағы шарттылықтар мен
қарапайымдылықтар
Құрастыру сызбаларын жылдам және қатесіз оқу және орындау үшін
мемлекеттік стандарттармен (ГОСТ2.109-73) тағайындалған шарттылықтар
мен қарапайымдылықтарды білу және қолдана білу қажет. Төменде олардың
кейбіреулері келтірілген:
а)
б)
в)
а)
б)
в)
в)
7.4 сурет - Позиция нөмірлерін қою
96
а) құрастыру сызбасында мыналарды көрсетпеуге болады:
1) қиықжиектерді, галтельдерді, дөңгелектеулерді, арықшаларды,
тереңдемелерді, дөңестерді, тегістіктерді, кертіктерді, сыртқы қаптамаларды
және басқа да ұсақ элементтерді;
2) сырықпен тесік арасындағы саңылауларды;
3) бұранданың жеткізбеуін және бітеу тесіктің конустық бөлігін;
4) өту сызығының лекалдық қисықтарын; олар шеңбер доғаларымен
немесе түзу сызықтарымен алмастырылады;
б) бұрандамалар (жеңілдету тесіктерінсіз), бұрамалар, тойтармалар,
кілтектер, сырықтар, тұтас біліктер, шпиндельдер, тұтқалар, сомындар,
стандартты тығырықтар, тістер, тісті дөңгелектерді бойлай орындалған
тіліктерде (ГОСТ2.305-2008) тілінбеген күйінде кескіндейді, яғни көріністер
түрінде сызады. Көлденең тіліктерде бұл бөл-шектер тілініп, сызықталады.
Шариктер әрдәйім тілінбеген күйінде көрсетіледі (7.5 сурет);
в) құрастыру сызбаларында тіліктердің орындалуы сызбаны оқуды
жеңілдетпей, керісінше қиындататын жағдайда тек қарапайым (көрінбейтін)
элементтерді кескіндеу үшін көрінбейтін контур сызықтары қолданылады;
г) тесікке бұрандасы бар сырықты (бұрандама, бұрама сұқпа) бұралған
күйінде кескіндеген кезде сырықтағы бұранда тесіктегі бұранданы жабады
(7.5 сурет);
д) құрастыру сызбаларында қозғалмалы бөлшектерді ережеге сай жұмыс
жағдайында көрсетеді. Механизмнің немесе құрылғының жеке бөліктерінің
шеткі немесе аралық жағдайларын ГОСТ 2.303-68 сәйкес қос нүктелі үзілмелі
сызықпен кескіндейді;
е) өткізгіш құбырларының крандары ашылған күйінде кескінделеді.
Тығындағы тесіктің орналасу жағдайы құбырлармен сұйықтардың, газдардың
немесе ауаның қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай шартты кескінді
тілінбей көрсетіледі
7.5 сурет - Шарттылықтар мен қарапайымдылықтар
Достарыңызбен бөлісу: |