А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

 
 
 
88 
пайдаланылса,  онда  –бөлшектің  3D  моделі  табылады.  Конструкторлық 
құжаттардың түрлерін ГОСТ 2.102-2013 тағайындайды. 
Бөлшек  сызбасы  -  бөлшектің  кескінінен  және  оны  жасау  мен  бақылау 
үшін қажетті өзге де мәліметтерден тұратын құжат.  
Бөлшектің  электронды  моделі  -  бөлшектің  электронды  геометриялық 
моделінен  және  оны  жасау  мен  бақылауға  қойылатын  талаптардан 
(өлшемдердің  шектік  ауытқуларын,  беттердің  кедір-бұдырлығын  және  т.б. 
қоса алғанда) тұратын құжат.  
Егер 
кәсіпорында 
екі 
өлшемді 
конструкторлық 
құжаттама 
пайдаланылса,  онда  құрастыру  бірлігі  үшін  негізгі  конструкторлық  құжат 
болып-  сипаттізім,  ал  егер  кәсіпорында  үш  өлшемді    конструкторлық 
құжаттама пайдаланылса, онда – бұйымның электронды құрылымы табылады. 
Бұдан  басқа,  құрастыру  бірлігін  жасау  үшін  құрастыру  сызбасы  немесе  екі 
өлшемді  және  үш  өлшемді  конструкторлық  құжаттамалар  үшін,  тиісінше 
құрастыру бірлігінің үш өлшемді моделі негізгі құжат болып табылады.  
Құрастыру  сызбасы  -  құрастыру  бірлігінің  кескінінен  және  оны 
құрастыру  (жасау)  мен  бақылауға  қажетті  өзге  де  мәліметтерден  тұратын 
құжат.  Құрастыру  сызбаларына  сондай-ақ    гидравликалық  монтаж  бен 
пневматикалық монтажды көрсететін сызбалар да жатады.  
Құрастыру  бірлігінің  электронды  моделі  -  құрастыру  бірлігінің 
электронды геометриялық моделінен ,құрамдас бөліктердің тиісті электронды 
геометриялық  модельдерінен,  қасиеттерінен,  мінездемелерінен  және  де 
құрастыру (жасау) мен бақылау үшін қажетті өзге де мәліметтерден тұратын 
құжат.  
Сипаттізім  -  құрастыру  бірлігінің,  кешеннің  немесе  комплектінің 
құрамын анықтайтын құжат.  Бұйымның электронды құрылымы – құрастыру 
бірлігінің, кешеннің немесе комплектінің құрамының және олардың құрамдас 
бөліктерінің арасындағы иерархиялық қатынастардың (байланыстардың) және 
оның неге арналуына байланысты өзге де мәліметтердің электронды үлгісінен 
тұратын құжат.  
ГОСТ 2.109-73 сәйкес құрастыру сызбасы мыналардан тұруы тиіс: 
а)  берілген  сызба  бойынша  біріктірілетін  құрамдас  бөліктердің 
орналасуы  мен  өзара  байланысы  туралы  түсінік  беретін  және  құрастыру 
бірлігін құрастыруды жүзеге асыруға және де кейін оны бақылауға мүмкіндік 
беретін  құрастыру  бірлігінің  кескіні.  Сызбада  бұйымның  құрамдас 
бөліктерінің  біріктіру  немесе  орналасу  сұлбаларын  орналастыруға  рұқсат 
етіледі; 
б)  құрастыру  процесі  кезінде  берілген  құрастыру  сызбасы  бойынша  
орындалуы немесе бақылануы тиіс өлшемдері, шектік ауытқулары және басқа 
да параметрлері мен талаптары;  
в)  егерде  түйіндесу  дәлдігі  өлшемдердің  берілген  ауытқуларымен 
қамтамасыз  етілмей,  таңдаумен,  дәлдеп  келтірумен  және  т.с.с.  қамтамасыз 
етілетін  болған  жағдайда  бұйымның  ажырайтын  бөліктерінің  түйіндесу 
мінездемесі  туралы  мәліметтер,  сызбада  ажырамайтын  бөліктерді  біріктіру 


 
 
 
89 
(пісірілген,  дәнекерленген    және  т.б.)  әдістері  туралы  нұсқамалар  келтірілуі 
мүмкін.  
г) бұйым құрамына кіретін құрамдас бөліктердің позиция нөмірлері
д) бұйымның негізгі мінездемелері
е)  ауқымдық,  орнатушылық,  жалғап  біріктірушілік  және  басқа  да 
қажетті  анықтамалық  өлшемдер.  Құрастыру  сызбасына  қоса  сипаттізім 
орындалады,  және  оған  бұйым  құрамына  кіретін  құрамдас  бөліктердің 
тізімімен, бұйымға орындалатын конструкторлық құжаттар енгізіледі. 
          7.2 Құрастыру бірліктері сызбаларының түрлері мен арналуы 
Құрастыру  бірліктерінің  сызбалары    бұйымдарды  жобалаудың  барлық 
кезеңдерінде  орындалады  және  олар  өздерінің  мазмұны  тәуелді    болатын 
арналулары  бойынша  бір-бірінен  ерекшеленеді.  Жобалау  құжаттамасын 
орындау кезеңінде – жалпы түр сызбалары,   ал жұмыс құжаттамасын орындау 
кезеңінде – құрастыру сызбалары шығарылады.  
Жалпы түр сызбасы (ГОСТ 2.120-73) - бұл бұйымның конструкциясын, 
және де оның құрамдас бөліктерінің өзара әрекет етулерін анықтауға, сондай-
ақ  бұйымның  жұмыс  істеу  принципін  түсіндіруге  арналған  конструкторлық 
құжат.  
Құрастыру  сызбалары  –  бұл  бірнеше  құрастыру  бірліктерінен  және  
бөлшектерден  тұратын  кешендердің,  машиналардың,  станоктар  мен 
аппараттардың  сызбалары.  Олар  жұмыс  құжаттамасының    комплектісіне 
кіреді және өндіріске арналып шығарылады. Құрастыру сызбалары бойынша- 
құрастыру  жұмыстары  орындалады,  бөлшектер  бұйымның  құрастыру 
бірліктеріне біріктіріледі, құрастырудың дұрыстығы бақыланады.  
Құрастыру  сызбасын  орындау  кезінде  тек  қана  эксплуатация  процесі 
кезіндегі конструкция жұмысының сенімділігі ғана емес, сондай-ақ құрастыру 
мен бөлшектеу тәртібі, эксплуатация кезіндегі қолайылық, дизайн және т.с.с. 
ескеріледі. Құрастыру сызбасынан өзге жұмыс сызбаларын жобалау кезеңінде 
құрастыру  бірліктерінің  ауқымдық,  монтаждық  және  жөндеу  сызбалары 
орындалады.  
Ауқымдық  сызба  бұйым  жасауға  арналмағандықтан,  ол  барынша 
қарапайымдандырылып  орындалады.  Бұл  сызбада  бұйымның  ауқымдық, 
орнату  және  қосып  біріктіру  өлшемдері,  ал  қажет  болғанда  –  шығыңқы 
бөліктерінің өлшемдері қойылады. 
  
Монтаждық  сызба  құрастыру  сызбаларына  тағайындалған  ережелер 
бойынша, бірақ қарапайым кескіндер түрінде орындалады. Мұнда бөлшектер 
тізімінің  орынына  шығару  сызығының  сөресінің  үстінде  монтаждалатын 
бұйымның,  сондай–ақ  монтаждау  үшін  қажетті  құрастыру  бірліктерінің, 
бөлшектер  мен  материалдардың  белгілеулерін  көрсетуге  рұқсат  етіледі.  
Монтаждалатын  бұйым негізгі  тұтас  сызықтармен,  ал  осы  бұйым бекітілетін 
құрылғы  тұтас  жіңішке  сызықтармен  кескінделеді.  Бұл  сызбада  орнату  және 
қосып  біріктіру  өлшемдері,  сондай-ақ    орнатудың  (бөлме  қабырғаларына 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау