А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

 
 
 
60 
орындалу түріндегі, ұсақ  адымы 1,25 мм болатын - Сомын 2М12×1,25 ГОСТ 
5915-70. 
Тығырық  –  бұрандасыз  тесігі  бар  бөлшек,  оны  тірек  бетінің  ауданын 
үлкейту үшін сомынның немесе бұрандама басының астына салады, сондай-ақ 
біріктірілетін  бөлшектердегі  жүктемені  беру  мен  тарату  және  де  олардың 
бұралуын  тежеу  үшін  қолданады.  Дөңгелек  тығырықтар  бөлшек  бетін 
зақымданудан  қорғау  үшін  қолданылады.  Соққылы  жүктеменің,  дірілдің 
болуының  нәтижесінде  бөлшектердің  өздігінен  бұралып  ағытылуын 
болдырмау  үшін  серіппелі  тығырықтар  мен  қайыруға  арналған  жиегі  бар 
тежегіш тығырықтар қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Серіппелі  тығырықтар-көлденең  қимасы  квадрат  болатын,  оралу 
бағыты-сол бағытты серіппе орамы болып табылады. Серіппелі тығырық тірек 
бетіне  70º-80º  бұрышпен  көлденең  тілінген.  Оның  өткір  қырлары  сомынмен 
сығылу кезінде бөлшек материалы мен сомын бетіне енуге ұмтылғандықтан, 
соның  нәтижесінде  сомын  мен  бұрандаманың  кері  айналуы  тежеледі.  Бұған 
қоса  серіппелі  тығырық  бұрандамамен  сомын  бұрандаларының  орамдары 
арасындағы  тұрақты  керілісті  қамтамасыз  етеді,  сондықтан  мұнымен  ол 
сомынның кері айналуын тежеуге ықпал етеді. 
Қайыруға  арналған  жиегі  бар  тежегіш  тығырықты,  ол  бөлшектің 
қайыруға  арналған  ұзын  жиегін  бүгуге  мүмкіндік  бар  конструкцияларда 
қолданады.  Қайыруға  арналған  жиекті,  сомынды  таңдап  алынған  қалпында 
орнықтыру үшін оның бүйір бетіне жапсыра бүгеді. 
Тығырық 
конструкциясы 
мен 
оның 
белгілеуі 
стандартпен 
тағайындалады,  және  оның  арналуы  мен  жұмыс  жағдайына  сәйкес 
анықталады,ал  типтік  өлшемі  негізгі  бекіту  бөлшегінің  диаметріне  тәуелді. 
Сондықтан  тығырықтың  шартты  белгіленуіне  мыналар  енгізіледі:  оның 
жасалу  түрі  (тек  біріншісінен  өзгелері),  тығырыққа  арналған  бекіту  бөлшегі 
сырығының  диаметрі  және  стандарттың  белгілеуі.  Мысалы,  бұрандасы  М16 
болатын  бұрандамаға  арналған  ГОСТ  11371-78  бойынша  1  жасалу  түріндегі 
кәдімгі жазық тығырық былай белгіленеді - Тығырық 16 ГОСТ 11371-78. Дәл 
а, б – дөңгелек; в – серіппелі; 
              г – тежегіш, қайыруға арналған деформацияланатын жиегі бар.  
6.22 сурет - Тығырықтардың типтері 
 
 


 
 
 
61 
сондай  диаметрі  16  мм  сырыққа  арналған  2  жасалу  түріндегі  тығырық  - 
Тығырық 2.16 ГОСТ 11371-78.  
Серіппелі  тығырықтың  конструкциясы  мен  типтік  өлшемдерін  ГОСТ 
6402-70 тағайындайды, және олар жеңіл (Л), қалыпты (Н), және ерекше ауыр 
(ОТ)  болып  бөлінеді.  Тығырықтың  сериясы  оның  белгілеуінде  (қалыпты 
сериядан өзгесі) көрсетіледі. Мысалы, диаметрі 16 мм сырыққа арналған, 65Г 
маркалы  болаттан  жасалған  жеңіл  серіппелі  тығырық  -  Тығырық  16Л.65Г 
ГОСТ 6402-70.  
Қайыруға  аралған  жиегі  бар  тежегіш  тығырықтың  конструкциясы  мен 
өлшемдерін    ГОСТ  13463-77  тағайындайды.  Диаметрі  16  мм  сырық  үшін  –
Тығырық 16 ГОСТ 13463-77
Бұрама  –  бір  ұшында  басы  бар,  екінші  ұшында  біріктірілетін 
бөлшектердің  біріне  бұрап  бекітуге  арналған  бұрандасы  бар,  цилиндрлік 
сырықтан тұратын бұрандалы бұйым. Арналуы бойынша бұрамаларды бекіту 
және орнықтыруға арналған  деп бөледі (6.23 сурет). 
 
 
 
 
Бекітуші  бұрамалар  –  негізгі  бөлшекке  көмекші  бөлшек  біріктірілетін 
кезде  бөлшектердің  ажырайтын  біріктірулерін  орындау  үшін  қолданылады. 
Орнықтырушы  бұрамалар-  бір  бөлшекті  екінші  бөлшекке  қатысты  таңдап 
алынған  қалпында  орнықтыру  үшін  қолданылады.  Олар  бекітуші 
бұрамалардан  сырықтың  бүкіл  ұзындығына  ойып  салынған  бұрандасымен 
ерекшеленеді,  ал  сырықтың  өзінің  жанасатын  бөлшектің  сәйкес  ойығына 
кіретін қыспа ұшы (жазық, конустық, сфералық) болады. 
Бұрамаларды  шартты  белгілеудің  мысалдары:  1  жасалу  түріндегі 
жасырынатын басы бар, бұранда диаметрі 12 мм, ұзындығы  40 мм, бұрандасы 
ірі адымды - Бұрама М12×40 ГОСТ 17475-80. Дәл сондай 2 жасалу түріндегі, 
диаметрі 12 мм, бұрандасы 1,25 мм ұсақ адымды, ұзындығы 40 мм Бұрама 
2М12×1,25× 40 ГОСТ 17475-80
а, б, в – бекітуші;  г- орнықтырушы; д – тежеуші. 
6.23 сурет - Бұрамалар типтері 
 


 
 
 
62 
 Бұрама  сұқпа  –  екі  ұшында  да  метрлік  бұрандасы  бар  цилиндрлік 
сырықтан тұратын ажырайтын бұрандалы біріктіруге арналған бекіту бөлшегі. 
Бөлшекке  бұралатын  бұрама  сұқпаның  бұрандалы  ұшы  b
1
  сұқпа  ұшы  деп 
аталады.  Сомын  бұрап 
бекітілетін екінші ұшы b  
қыспа ұшы деп аталады. 
Бұрама 
сұқпаның 
есептік  ұзындығына  l 
қыспа 
ұшының 
ұзындығы  b    мен  тегіс 
цилиндрлік 
бөліктің 
ұзындығы  кіреді  (6.24 
сурет). 
Бұрама сұқпаның бұрап бекітілетін сұқпа ұшы мен қыспа ұшына адымы 
бірдей бұранда немесе бір ұшына ұсақ адымды бұранда, ал екінші ұшына ірі 
адымды бұранда ойып салынады. Бұрама сұқпамен біріктіруді бұрандамамен 
біріктіру мүмкін болмаған жағдайда немесе конструктивтік тұрғыдан тиімсіз 
болған жағдайда қолданады. 
Сұқпа  ұшының  ұзындығын  (b
1
)  бұрама  сұқпа  бұрап  бекітілетін 
бөлшектің материалына қарай келесі ұсыныстар бойынша таңдап алады: 
а)  b
1
=d  (ГОСТ  22034-76  ⃰  -  қалыпты  дәлдіктегі  бұрама  сұқпалар  үшін, 
ГОСТ 22033-76 - жоғары дәлдіктегі бұрама сұқпалар үшін) болаттан, қоладан, 
жезден  және  титан  қорытпаларынан  жасалынған  бөлшектердің  бұрандалы 
тесіктері үшін;  
б)  b
1
  =1,25   –  (ГОСТ  22034-76  және  ГОСТ  22035-76)  және  b
1
  =1,6d  - 
(ГОСТ  22036-76  және  ГОСТ  22037-76)  -  соғылымды  және  сұр  шойыннан 
жасалынған бөлшектердің бұрандалы тесіктері үшін;  
в) b
1
  =2d  (ГОСТ  22038-76  және  ГОСТ  22039-76)  және  -  b
1
=2,5d  (ГОСТ 
22040-76  және  ГОСТ  22041-76)  -  жеңіл  қорытпалардан  жасалынған 
бөлшектердің бұрандалы тесіктері үшін. 
Бұрама  сұқпамен  біріктіруді,  бұрандамамен  біріктіру  мүмкін  болмаған 
жағдайда  немесе  конструктивтік  тұрғыдан  тиімсіз  болған  жағдайда 
қолданады.  Бұрама  сұқпамен  біріктіру  былай  қалыптасады.  Алдыменен 
сенімділік  шартына  сәйкес  бұранданың    d  өлшемі  мен  сұқпа  ұшының    b
1
  
өлшемі таңдап алынады. 1 позициядағы бөлшекте (6.24 сурет) таңдап алынған 
бұрама  сұқпа  үшін,  бұрандасының  ішкі  диаметрі  d

  бойынша  бұранданың  Р 
адымын      ескере  отырып  тағайындалатын  l

тереңдігіне  (l
1
=b
1
+(6...8)Р) 
бұрғылап  тесік  жасалынады.  Бұрғылап  жасалынған  тесіктің  ішкі  бетінің  бір 
бөлігіне l

 = b
1
 + 2Р бұранданы ойып салады. Бұрандасы бар тесікке бұрама 
сұқпаны 2 бұрап бекітеді. Бұдан соң біріктірілетін бөлшекті 3 бұрама сұқпаға 
кигізіп,  онан  соң  тығырықты  4  кигізіп,  соңында  оларды  сомынмен  5  бұрап 
бекітеді. 
Бұрама сұқпа ұзындығы мына формула бойынша есептеледі 
6.24 сурет – Бұрама сұқпа 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау