А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35

 
 
 
45 
3)  Басты  көріністі  тұрғызу  үшін,  оның  пішіні  мен  өлшемдері  туралы 
неғұрлым толық түсінік беретін бөлшектің орналасуын таңдау. 
4)  Кескіндердің  қажетті  санын  анықтау  –  көріністердің,  тіліктердің, 
қималардың, шығару элементтерінің .  
Негізгі кезең
1) Кескін масштабын таңдау. 
2)  Өстік және центрлік сызықтарды жүргізу, бөлшек кескіндерінің және 
конструктивтік  элементтердің  (қиықжиектер,  арықшалар  және  т.б.) 
контурларын  сызу.  Стандартты  элементтер  болған  жағдайда  олардың 
стандартты кескіндері пайдаланылады. 
3)  Шығару  және  өлшем  сызықтарын  түсіру,  сонымен  бірге  сыртқы 
элементтердің өлшемдерін көрініс жағынан, ал ішкілерінікін – тілік жағынан 
қою ұсынылады. 
4)  Бөлшектің тіліктері мен қималарында сызықтауды орындау. 
5)  Қажетті  жазуларды  (кескіндер  атаулары,  техникалық  талаптар  және 
т.б.) орындау. 
6)  Негізгі жазуды орындау. 
 
6  Біріктірулер  туралы  ұғым.  Бұрандалы  біріктірулер  және  оларды 
сызбада кескіндеу 
 
Егер  бұйым  бір  емес,  бірнеше  бөлшектен  тұратын  болса,  және  олар 
бірігіп, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс болса,  онда  бұл бөлшектер 
өзара  белгілі  бір  ретпен  біріктірілулері  тиіс.  Конструкциясына  және 
пайдалану  шарттарына  байланысты  бөлшектерді  біріктірулер  жылжымалы 
және  жылжымайтын  болып  бөлінулері  мүмкін.  Жылжымалы  біріктірілген 
бөлшектер  жұмыс  жағдайында  өзара  белгілі  бір  траекториямен  орын 
ауыстырулары  мүмкін.  Жылжымайтын  біріктіру  бөлшектері  жұмыс 
жағдайында орын ауыстыра алмайды. 
ГОСТ 23887–79 сәйкес біріктірулер келесі түрлерге бөлінеді: 
а)  ажырайтын,  яғни  көп  рет  ажыратылып  және  біріктірілетін,  бірақ 
біріктіруді 
де, 
сондай–ақ 
бекіту 
бөлшектерін 
де 
бұзбай 
және 
деформацияландырмай  біріктіретін.  Ажырайтын  біріктірулерге  бұрандалы, 
кілтекті, ойма кілтекті және сыналы біріктірулер жатады; 
б)  ажырамайтын  –  біріктіруді  қалыптастыратын  бөлшектердің, 
болмағанда  біреуін  зақымдамай  ажыратуға  болмайтын  бөлшектердің 
біріктірулері.  Ажырамайтын  біріктірулерге  пісірмелі,  дәнекерленген, 
желімделген,  армирленген,  тойтармаланған  және  кейбір  басқа  да 
біріктірулерді жатқызуға болады. 
6.1 Бұрандалы біріктірулер 
6.1.1 Бұранда және оны сызбада кескіндеу. 
Бұрандалы 
біріктірулер 
неғұрлым 
кең 
тараған 
ажырайтын 
біріктірулердің  түрі  болып  табылады.  ГОСТ  22887-79  бойынша  бұрандалы 


 
 
 
46 
біріктіру    деп  бұйымның  құрамдас  бөлігі  ретінде  бұрандасы  бар  бөлшек 
қолданылған 
біріктіруді 
айтады. 
Бұранда 
деп–берілген 
профильді 
қалыптастыратын  жазық  контурды  цилиндрлік  немесе  конустық  бетпен 
винттік  қозғалысынан  жасалған  бетті  айтады.  Бұрандалардың  барлық  негізгі 
типтері стандартталған. 
Бұранда бірнеше белгілері бойынша жіктеледі: 
а)  профиль  пішіні  бойынша  бұрандаларды  үшбұрышты,  трапециялық, 
домалақ, тікбұрышты және т.б. профильдегілерін ажыратады; 
б)  бұранда  салынатын  бет  пішіні  бойынша  олар  цилиндрлік  және 
конустық болып бөлінеді; 
в)  бұранданы,  бетте  орналасуына  қарай  сыртқы  (бұрандама)  және  ішкі 
(сомын) деп бөледі; 
г)  бұранданы қолданып мақсатына қарай  бекітпелі (метрлік, құбырлық, 
дюймдік) және жүрісті (трапециялық, тікбұрышты профильмен) деп бөледі. 
д)  винттік  беттің  бағытына  байланысты  бұрандалар  оң  және  сол  деп 
бөледі. Әдетте, бұйымдарға оң бұранда ойып салынады; 
е)  кірмелер  саны  бойынша  бұрандалар  бір  кірмелі  және  көп  кірмелі 
болып бөлінеді.          
Әрбір бұранда бір қатар параметрмен сипатталады, төменде оның  
негізгілері қарастырылады (6.1 сурет). 
 
Бұранда  профилі  –  бұранда  өсі  арқылы  өтетін  жазықтықтағы  бұранда 
қимасының контуры. 
Профиль бұрышы α – профильдің бүйір беттерінің арасындағы бұрыш.  
Бұранданың  сыртқы  диаметрі    d  (D)  –  бұл  сыртқы  бұранданың 
дөңестері және ішкі бұранданың ойыстары орналасқан диаметрлер. 
Бұранданың ішкі диаметрі d
1
  (D
1)
  –  бұл  сыртқы  бұранданың  ойыстары 
6.1 сурет – Бұранданың негізгі параметрлері  
бұранданың өсі  


 
 
 
47 
және ішкі бұранданың дөңестері орналасқан диаметрлер. 
Бұранда  адымы  Р  –  бұранда  өсіне  параллель  бағыттағы  профильдің 
көршілес бір есімді бүйір беттерінің арасындағы арақашықтық. 
Бұранда  жүрісі  Р
n 
–  тек  бір  ғана  винттік  сызыққа  тиісті  болатын 
профильдің  жақын  бір  есімді  бүйір  беттерінің  арасындағы  арақашықтық. 
Жүріс шамасы келесі өрнекпен анықталады Р

= Р∙ n, 
мұнда 
n –
 бұранданың 
кірмелер саны. Бір кірмелі бұранда үшін Р

= Р
яғни бұранда жүрісі бұранда 
адымына тең.  
6.2  суретте  бұранданы  ою  кезінде  жасалатын  немесе  пайда  болатын 
бұранданың конструктивтік элементтері көрсетілген.    
Бұранданы  ою  кезінде  бұранданың  бөлшектің  тегіс  бөлігіне  өтетін 
аймағында бұранда сілемі деп аталатын профильдің толық емес бөлігі пайда 
болады.  Сызбада  әдетте  сілемі  кескінделмейді,  бірақ  қажеттілік  болған 
жағдайда оны өске шамамен 30
о 
бұрышпен жүргізілген жіңішке сызықтармен 
кескіндейді.  Бұранда  ұзындығы  деп  бөлшектің  бұранда  салынған  бөлігінің, 
оған  сілемді,  бұранданы  және  қиықжиекті  қосқандағы  ұзындығын  айтады 
(6.2,а сурет). Егер бұранданы қандай да бір бетке дейін оятын болса, және ол 
бет  бұранда  оюшы  құралды  түбіне  дейін  жылжытуға  мүмкіндік  бермейтін 
болса,  бұрандада  жеткізбеу  пайда  болады.  Сілем  мен  жеткізбеудің 
қосындысына тең бөлігі бұранданың шалаойымы деп аталады. (6.2,б,в сурет).
 
 
Толық  профильдегі  бұранданы  алу  үшін  алдыменен  бұранданың  
соңында  бұранда  оятын  құралды  шығару  үшін  арықша  жасау  қажет  (6.3 
сурет).  Арықша  диаметрі  сырықтағы  ішкі  диаметрден  кіші  болуы  және 
тесіктегі  бұранданың  сыртқы  диаметрінен  сәл  үлкен  болуы  тиіс.  Бұранда 
6.2 сурет – Бұранданың конструктивтік элементтері 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау