Инженерлік сызба



жүктеу 428,63 Kb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата20.05.2018
өлшемі428,63 Kb.
#14605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

38 


5.3.Сипаттізім 

 

Сипаттізім  –  жаңа  бұйымды  жобалауда  толтыратын  мәтінді 



конструкторлық  құжат.  Ол  құрастыру  сызбасын  оқуды 

жеңілдетеді.  Сипаттізім  бұйымның  құрам  бөліктерінің  санына 

қарай  бір  немесе  бірнеше  А4  пішімді  сызба  қағаздарына 



 

39 


орындалады.  Сипаттізімнің  бірінші  бетіне  арналған  негізгі  жазу 

5.1-суретте,  ал  қалған  беттерге  арналған  негізгі  жазу  өлшемдері 

5.2-суретте келтірілген. 

Сипаттізім  бірнеше  бөлімдерден  тұрады,  олардың  орналасу 

реті мен мазмұны жөнінде мәліметтер 5.1 кестеде берілген. Әрбір 

бөлімнің  атауы  «Атауы»  деп  аталатын  бағанға  асты  жіңішке 

тұтас  сызықпен  сызылып  жазылады  және  әрбір  бөлім  атауының 

үстінен және астынан бір бос жолдан қалдырылады. Мәліметтер 

бағандар мен  жолдардан шығып кетпеуі керек. 

 

Сипаттізім бөлімдері 



 

«Комплекстер», «Құрастыру бірліктері», «Тетікбөлшектер» 

бөлімі.  

Бұл  бөлімдердегі  жазбаша  мәліметтер  белгілену  индексіне 

кіретін әріптерді алфавиттік ретте, ал сандарды өсу реті бойынша 

жазу арқылы беріледі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

«Стандарт  бұйымдар»  бөлімі.  Бұл  бөлімдегі  бұйымдар 

стандарттар 

категориясының 

реті 


бойынша 

(алдымен   

мемлекеттік,  содан  соң  республикалық,  салалық,  кәсіпорындар 

стандарттары)  жазылады.  Әрбір  категорияға  кіретін  бұйымдар 

топтарға бөлінеді, мысалы: бекіту бұйымдары, арматура,  әртүрлі 

бұйымдар. 

Әр  стандарт  категориясы  бойынша  жазулар  алфавиттік 

ретпен,  ал  бұйым  атаулары  стандарттар  белгіленуінің  өсу  реті 

бойынша жазылады, мысалы: 

Болт М12 х 65.58 МЕСТ 7796-70 

Болт М20 х 75.58 МЕСТ 7798-70. 

Егер  бұйым  бір  стандартпен  дайындалған  болса,  онда 

ықшамдап жазуға болады, мысалы: 



 

40 


Болттар  МЕСТ 7796-70 

М10 х 65.58 

М20 х 65.58 

М24 х 75.58. 

яғни бұйым атауының жалпы бөлігін тақырып ретінде бір рет 

қана жазуға рұқсат етіледі. 

Сипаттізімде бекіту бұйымдары тобын мынадай ретпен жазу 

ұсынылады: болттар, винттер, гайкалар, шайбалар, шпилькалар. 

 

«Басқа  да  бұйымдар»  бөлімі.  Бұл  бөлімдегі  жазбалар 

бірыңғай  топтарға  бөлініп,  топ    ішінде  алфавиттік  ретпен 

жазылады. 

 

Кесте 5.1 



Сипаттізім бөлімдері және олардың мазмұны 

 

Бөлім атауы 



Бөлім мазмұны 

Құжаттар 

Сипатталатын  бұйымның  конструкторлық 

мәліметтерін 

құрайтын 

(сипаттізімнен 

басқа) 

құжаттар, 



мысалы: 

құрастыру  

сызбасы, 

монтаждау 

сызбасы, 

сұлба, 


түсіндірме  жазбалар,  паспорт,  техникалық 

талаптар және т.б.  

Кешендер 

(комплекстер) 

Сипатталатын  бұйымға  ғана  қатысты 

кешендер. 

Құрастыру 

бірліктері 

Сипатталатын 

бұйымға 


кіретін 

және 


әрқайсысының 

сызбасы 


орындалған  

құрастыру  бірліктері,  мысалы:  пісіру, 

дәнекерлеу  және  басқа  да  біріктірулер 

арқылы орындалған қосылыстар.  

Тетікбөлшектер  Сипатталатын 

бұйымға 


ғана 

кіретін 


тетікбөлшектер. 

Стандарт 

бұйымдар 

Мемлекеттік,  содан  соң  республикалық, 

салалық, 

кәсіпорындар 

стандарттарына 

кіретін бұйымдар. 

Басқа да 

бұйымдар 

Техникалық  талаптар,  каталогтар  мен 

прейскуранттар  бойынша  қолданылатын 

стандарт емес бұйымдар. 



 

41 


Материалдар 

Құрастыруда  қолданылатын  бұйымдар  мен 

сызбалары  орындалмаған  тетікбөлшектер. 

Мысалы: сым, мата, құрыш және т.б. 

Комплектілер 

Сипатталатын  бұйымға  ғана  қатысты 

комплектілер. Мысалы: монтаждау бөлігінің 

комплектісі, 

қосалқы 

бөлшектер 

комплектісі, құрал – жабдықтар комплектісі 

және т.б. 

 

Сипаттізім  бағандары 

 

«Пішім»  бағанында  тетікбөлшек  сызбасы  немесе  басқа 

конструкторлық  құжат  орындалған  пішім  өлшемі  көрсетіледі: 

баған  «Стандарт  бұйымдар»,  «Басқа  да  бұйымдар»  және 

«Материалдар» бөлімдері үшін толтырылмайды. 



«Аумақ»  бағаны.  Аумақ  белгіленуі  көрсетіледі  (МСТ  2.104-

68).    Егер  сызба  алаңы  «Құжаттар»  және  «Комплектілер» 

бөлімдері үшін екі  аумаққа бөлінсе бұл баған толтырылмайды. 

«Реті» 

(позициялар) 

бағаны. 

Құрастыру 

бірліктері 

бөліктерінің  реттік    нөмірі  сипаттізімге  жазылу  ретімен 

көрсетіледі.  

«Белгіленуі» 

бағаны. 

Бұл 


бағанда 

конструкторлық 

құжаттардың  белгіленуі  көрсетіледі.  «Стандарт  бұйымдар», 

«Басқа  да  бұйымдар»  және  «Материалдар»  бөлімдері  үшін 

толтырылмайды. 

«Атауы»  бағаны.  Бұйымдардың  атаулары  жазылады. 

Құрастыру сызбасы шығарылмаған тетікбөлшектер үшін олардың 

атауы,  материалы,  дайындауға  қажетті  өлшемдер;  стандарт 

бұйымдар мен материалдар үшін – атаулары мен стандартқа және 

техникалық талаптарға сәйкес шартты белгілері көрсетіледі. 

«Саны»  бағаны.  Бұйымның  құрам  бөліктерінің  саны 

көрсетіледі. 



«Ескертулер»  бағаны.  Бұйымға  және  құжаттарға  қатысты 

қосымша мәліметтер көрсетіледі. 

 

 

 

 



жүктеу 428,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау