Инженерлік сызба



жүктеу 428,63 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата20.05.2018
өлшемі428,63 Kb.
#14605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

21 


 

егер  нүкте  кесіндіні  қандай  да  бір  қатынаста  бөліп  тұрса, 

онда  нүктенің  аксонометриялық  проекциясы  да  кесіндінің 

аксонометриялық проекциясын сондай қатынаста бөледі; 

 

жалпы  жағдайда  шеңбердің  аксонометриялық  проекциясы 



эллипс болады, ал жеке жағдайда – шеңбер немесе түзу. 

 

 



Сызбада қолданылатын 

Аксонометриялық проекциялар 

 

Нәрселердің 

аксонометриялық 

проекцяларын 

тұрғызу 

ережелері  2.317-69  МЕСТ  –  да  қарастырылған.  Мемлекеттік 

стандарт  аксонометриялық  проекциялар  түрлерінің  ішінен  нәрсе 

кескінінің  аз  бұрмаланатынын  және  сызбасын  тұрғызуға 

қолайлысын ұсынады. 

Аксонометриялық  проекциялардың  барлық  түрі  де  екі 

параметрмен: аксонометриялық остер бағытымен және белгілі бір 

аксонометриялық 

жүйе 

түзетін 


остердегі 

бұрмалану 

көрсеткіштерімен сипатталады. 

2.317-69  МЕСТ  –  да  келтірілген  көптеген  аксонометриялық 

проекциялар  ішінен  оқу  сызбасында  кеңінен  қолданылатыны 

тікбұрышты изометрия және тікбұрышты диметрия.  

Тікбұрышты  изометриядағы  аксонометриялық  остердің 

орналасуы 2.28 суретте келтірілген. Х, У, Z остеріндегі бұрмалану 

көрсеткіштері 0,82-ге тең. 



 

22 


Тікбұрышты  диметриядағы  остердің  орналасуы  2.29  суретте 

келтірілген.  Бұрмалану  көрсеткіші  У  осінде  0,47-ге,  ал  Х,  Z 

остерінде 0,94-ке тең. 

Аксонометриялық 

проекцияларды 

тұрғызуда 

мұндай 

бұрмалану  көрсеткіштерін  қолдану  ыңғайсыз  болғандықтан, 



2.317-69 МЕСТ-на сәйкес тікбұрышты изометриялық проекцияны 

Х, У, Z остерінде бұрмаланусыз, яғни бұрмалану көрсеткішін 1-ге 

тең етіп орындайды. 

Тікбұрышты  диметриялық  проекцияны  орындағанда,  У 

осіндегі  бұрмалану  көрсеткіші  0,5-ке,  ал  Х,  Z  остерінде  1-ге  тең 

етіп алады. 

Шеңбердің аксонометриялық проекциялары 

Тетікбөлшектердің аксонометриялық проекцияларын тұрғызу 

барысында  шеңберлердің  де  аксонометриялық  проекцияларын 

салу  жиі  кездеседі.  Проекция  жазықтықтарына  параллель 

жазықтықтарда 

жатқан 


шеңберлер 

аксонометриялық 

проекциясында эллипске проекцияланады. 

Эллипстерді дұрыс сызып орындау үшін алдымен оның үлкен 

және кіші остерінің орналасуын білу керек. 

 

 



Аксонометриялық проекциялардың қай-қайсысында да үлкен 

ось жетіспей тұрған оске перпендикуляр орналастырылады (2.30, 

2.31),  ал  кіші  ось  қашанда  үлкен  оске  перпендикуляр. 

Эллипстерді 

тұрғызуда 

қолданылатын 

қосымша 

остер 


аксонометрияның  негізгі  остеріне  параллель  болады.  Егер 


 

23 


тікбұрышты  изометрияны  келтірілген  коэффициенттері  арқылы 

орындайтын  болса,  онда  1,  2,  3  эллипстердің  үлкен  осі  1,22,  ал 

кіші  осі  -  0,71  берілген  шеңбер  диаметріне  тең  болады  (2.30 

сурет). 


Келтірілген 

коэффициенттері 

арқылы 

тікбұрышты 



диметрияны  орындайтын  болса,  1,  2,  3  эллипстердің  үлкен  осі 

1,06 шеңбер диаметріне тең, ал 1 эллипстің кіші осі 0,95 және 2, 3 

– 0,35 шеңбер диаметріне тең болады (2.31 сурет). 

 

Аксонометриялық проекцияларда тілік орындау 



 

Ішкі 


жағында 

қуыстары 

бар 

тетікбөлшектердің 



аксонометриялық  проекцияларын  орындағанда,  оның  пішінін 

айқындау  үшін  тіліктерді  қолданады.  Бұл  екі  немесе  үш 

жазықтықты 

қолдану 


арқылы 

жүзеге 


асырылады, 

жазықтықтардың әрқайсысы координата жазықтығына параллель 

орналастырылады.  Көбіне  қиюшы  жазықтықтар  тетікбөлшектің 

симметрия  жазықтықтарымен  сәйкес  келеді.  Аксонометриялық 

проекцияларға  тұтас  тілік  орындамайды,  себебі  тетікбөлшектің 

сыртқы пішіні көрінбей қалады. Көп жағдайда ширек бөлігі (2.35 

сурет),  кейде  сегізден  бір  бөлігі  алынып  тасталады.  Қиюшы 

жазықтық  арқылы  алынған  бұрыш  әрқашан  көрінетін  етіп 

сызылады.  

Штрихтау  сызығы  әрбір  қиюшы  жазықтықта  белгілі  бір 

бағытта  жүргізіледі,  олар  тікбұрышты  изометрия  үшін  2.32 

суретте, ал тікбұрышты диметрия үшін 2.33 суретте көрсетілген.  




 

24 


Тетікбөлшектің  аксонометриялық  проекциясына  орындалған 

тіліктің,  оның  проекциялық  кескініне  орындалған  тіліктен 

айырмашылығына көңіл аудару керек, яғни қатаңдық қыры, жұқа 

қабырғалар, ушко сияқты тетікбөлшек  элементтері штрихталады 

(2.34 сурет). 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аксонометриялық проекция көрінісін таңдау 

 

 

 

Тетікбөлшектің  аксонометриялық  проекциясын  тұрғызбас 



бұрын  оның  орындауға  ыңғайлы  және  көрнекілігін  айқын 

көрсететіндей көрінісін таңдап алуымыз қажет. 

Тетікбөлшектің  барлық  көрінетін  жақтары  біркелкі  болған 

жағдайда  (2.35  сурет)  тікбұрышты  изометрияны  пайдаланған 

жөн.  Тікбұрышты  диметрияны  тетікбөлшектің  ерекшелігін 



жүктеу 428,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау