Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет13/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71

қарсы.    Мұндай  жағдайда  оқытушы  сабақты  қыздарға  бөлек,  ұлдарға  бөлек  өткізе  алады.  Осы 
тақырып  бойынша  медицина  қызметкеріне  сабақ  өтукізуді  сұрауға  болады.  Бұл  жағдайда 
оқушыларға  осы  тақырыптағы  сұрақтарын  алдын  ала  дайындауды  сұраңыз.
Бұл  жаттығуға  барлық  топтың  қатысуына  болады  және  оқушылардың  білімін,  олардың 
сезімін  бағалауға,  осы  тақырыпта  әңгімелесуге  рұқсат  алады.  Қорытынды  шығарсақ,  ресурстық 
материалдарды  қолданыңыз.  Оқушылардың  назарын  жыныстық  даму  кезіндегі  өзгерістерге 
аударыңыз.  Бұл  дағдылы  процесс  және  әркімде  ол  әр  қалай  өтеді.  Қатысушылардың  осы 
тақырып  бойынша  сұрақтары  бар  ма,  сұраңыз.
1.2  ЖАТТЫҒУ
Жыныстық  қатынас  пен  жыныстылық 
Уақыт:    1  академиялық  сағат
Көрнекіліктер:  карточкалар,  фломастерлер,  флипчарт  (немесе  сынып  тақтасы),  қайшы, 
скотч.
Міндеті:
1. Жыныстық  қатынас  пен  жыныстылық  және  жыныстық  мінез-құлық  туралы  жалпы 
түсініктеме  беріңіз.
2. Жеткіншек  жастың  эмоционалды  және  психологиялық  ерекшеліктері  туралы 
таныстырыңыз.
Жүргізу  барысы:
1.  «Дәретхана  қағазы»  ойынын  өткізіңіз  (өткізу  тәртібін  оқытушыларға  ұсыныстан  қараңыз) 
2.  Оқушылардан  шеңбер  бойымен  отыруды  сұрау. 
3.Жаттығу  кезінде  сұрақтарға  дұрыс  емес  жауап  беруге  қорықпау  туралы  қатысушыларға 
түсіндіру.
4.  Қатысушыларға  бұл  тренингтік  жаттығу  жұмыстарының  міндеті  жыныс,  жыныстық  сезім 
мен  жыныстық  мінез-құлық  туралы  жеке  түсінікті  анықтау  болғандықтан  дұрыс  немесе  дұрыс 
емес  жауап  болу  мүмкін  еместігін  түсіндіру.   
5.  Әр  қатысушыға  бір  карточкадан  таратып  беру.  Карточкаларда  сурет  немесе  суреттеу 
арқылы  “жыныс”,  “жыныстық”  және  “жынысты  мінез    құлық”  туралы  өз  ойларын  білдіруді  сұрау.
6.  Әр  қатысушыға  карточканы  оқу  немесе  көрсетуді  ұсыну,  сосын  оны  тақтаға  немесе 
қабырғаға  ілуді  сұрау.
7.  Қатысушыларға  жоғарыда  атап  өтілген  сөздер  туралы  өз  ойларын  айтуды,  талқылауды 
және  мысал  келтіруді  рұқсат  етіп  және  пікірталасты  қорытындылаңыз  (30  минут)  .
8.  Қатысушылармен  келесі  сұрақтар  жөнінде  әңгімелесіңіз  және  пікірталасты 
қорытындылаңыз  (30  минут) 
Сіз  осы  жаттығуды  әр  түрлі  жыныс  түрімен  орындағанда  қандай  сезімде  болдыңыз? 
Неге?
Әйел  мен  еркектің  арасында  эмоционалды  көрініс  жағынан  айырмашылық  бар  ма? 
Қандай?
Қыздар  мен  ер  балалар  сымбатты  болуы  үшін  өздерін  қалай  ұстайды?
Ылғи  “жынысты  (сексуал)  қыз”  немесе  “жынысты  ұл”  деп  айтады.  Бұл  нені  білдіреді?
Гетеросексуалды,  гомосексуалды,  бисексуалды  деп  қандай  арақатынастарды  айтады?
Сіз  үйленгенге  дейінгі  жыныстық  қатынастарға  түсу  туралы  не  ойлайсыз?
Секске  жүгінбей-ақ  өз  махаббатын  басқа  адамға  көрсетуге  бола  ма?  Қалай?
Бағалау: 
1.  Жыныс  пен  жыныстық  сезім  туралы  түсініктеме  нені  түсіну  маңызды? 
2.  Жыныстық  терминология  жайлы  алған  білімнің  қарым-қатынас  жасауда  маңызды. 
Оқу  нәтижелері:
1. Оқушылар  “жыныс”,  “жыныстық”  және  “жынысты  мінез-құлық”  деген  ұғымдармен 
танысты.
2. Жыныстық  және  жыныстық  емес  мінез-құлық  жайлы  бірдей  түсінік  қалыптасу. 
3. Қауіпті  және  қауіпсіз  тәртіпке  дифферензациялау. 
ЕР
 ЖЕТУ.
 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
 АНАТОМИЯЛЫҚ,
 ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 ЖӘНЕ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
37


Оқытушыға  ұсыныс
1.  1.2  жаттығудан  бұрын  мына  жаттығулар  жасалсын.
Қатысушылардың  шеңбері  бойынша  дәретхана  қағазының  орамасын  жіберіңіз.
Әр  қатысушының  өзіне  керегінше  қағазды  жыртып  алуына  болатынын  айтыңыз.
Орама  біткеннен  кейін  ғана  ойынның  ережесімен  таныстыруға  болады.
Қатысушылар  өздеріне  жыртып  алған  қағаз  бөліктеріне  өздері  туралы  құпияларын 
жазады.  Неғұрлым  қағаз  бөліктері  көп  болса,  соғұрлым  құпиялары  да  көп.
Оқытушы  өзі  де  ойынға  қатыса  алады.
Әрқайсысынан  өздері  туралы  жазған  құпияларын  оқуды  сұрау.
Ең  көп  қағаз  бөлігі  немесе  ең  көп  құпиялары  бар  қатысушыға  сыйлық    дайындап  қоюға 
да  болады.
2.  Жаттығуын  аралас  топта  өткізген  жақсы  (қыздар  мен  ұлдар  бірге).  Бірақ  егер 
қатысушылар  өздерін  сезінбесе,  онда  қатысушыларды  жыныс  бойынша  бөліп  өткізуге  болады.
3.  Егер  қатысушылар  сөздерінде  сексуалдылықты  секс  жайында  қолданса,  онда  оқытушы 
оларды  түзеп  отыруы  қажет.
4.  Талқылау  қорытындысында  оқытушы  “жыныс”,  “жыныстық”  және  “жынысты  мінез-
құлыққа”  анықтама  беруі  тиіс,  сонымен  қатар  жеткіншек  кезіндегі  сексуалдылықтың  түзілуі 
нәтижесінде  пайда  болған  психологиялық  өзгерістерге  де  анықтама  беруі  керек.
1.3  ЖАТТЫҒУ
Аңыз  бен  шындық
Уақыты:    1  академиялық  сағат.
Көрнекіліктер:   
Тұжырымдалған  парақ  (қаржыланған  мәліметтерге  арналған  жаттығулар  1.3.), 
тақырыптары  “келісемін”,  “келіспеймін”,  “білмеймін”,  скотч,  қайшы.
Міндеттері:
1.  “Жыныс”,  “жыныстық”  және  “жыныстық  мінез-құлықты”  анықтау  және  түсіндіру.
2.  Жыныстық  қатынастың  қауіптерін  талдау  және  түсіндіру.
3.  Өзінің  денсаулығын  қорғау  және  қауіпсіз  жыныс  қатынасы  жайлы  мәлімет  беру.
Жүргізу  барысы:
1.  Қатысушыларды  “келісемін”,  “келіспеймін”,  “білмеймін”  деген  тақырыптарды  аудитория-
ның  әр  бұрышына  бөліп  қоямыз.
2.  “Аңыздар  мен  шынайылық”  атты  жаттығулар  секс  және  сексуалдыққа  (байланысты) 
арналғанын  түсіндіру.
3.  Әр  қоғамда  секс  және  сексуалдыққа  байланысты  немесе  түрлі  қате  сұрақтар  мен  қате 
ұғымдар  пайда  болғанын  айта  кету.
4.  Қатысушыларға  бұл  ойынның  шартын  түсіндіру.  Сіз  бір  нақтыланған  пікірді  оқисыз, 
қатысушылар  ол  ойға  келіссе  “келісемін”  деген  белгіленген  бұрышқа  барады,  ал  егер  келіспесе 
“келіспеймін”  деген  бұрышқа  жиналады  және  тағы  сол  сияқты.
5.  Әр  оқылған  пікірлердің  алынған  жауабына  байланысты  бұл  топтар  арасында  пікір-сайыс 
өткіземіз.  Олардың  неге  осындай  тұжырымға  келгендерін  анықтау  керек.
6.  Пікір-сайыстан  кейін  бұл  пікірлердің  дұрыс  шешімі  оқылады.  Бірақ  әр  қатысушының  өз 
ойы  өзінде,  ал  оның  өзгеруі  де  ықтимал.
7.  Қатысушылардың  өз  ойларын  немесе  өз  беттерінше  құрастырғандарын,  тұжырымдарын 
талдаймыз.
8.  Қатысушыларды  дөңгелек  үстелге  отырғызып,  келесі  сұрақтарды  талдауға  кірісеміз. 
Өткізілген  тапсырмаға  байланысты  қандай  ой  түйіндедіңіз?
Жаңадан  не  білдіңіз?  Нақты  нені?
Осы  тапсырманы  орындау  барысында  қандай  сезімде  болдыңыз?
Кейбір  сұрақтарға  байланысты  пікірлеріңіз  өзгерді  ме?  Нақты  қай  сұрақтарға 
байланысты?
38
ЕР
 ЖЕТУ.
 ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ
 АНАТОМИЯЛЫҚ,
 ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 ЖӘНЕ
 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау