20
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар-жасӛспірімдер ұйымдары еліміздің орта
оқу орындарының бәрінде ақпараттық-насихат жұмыстарын ұдайы жүргізеді.
Айталық, 2013 жылғы 10 – 24 шілде аралығында «Балдаурен» РОБО
базасында «Елім менің, тағдырым сенімен мәңгілік бірге!» тақырыбына «Жас
Ұлан» жас кӛшбасшыларын ауыстыру ӛтті, 25 – 27 шілдеде «Ұланымыз Ұлы
елдің» кӛшбасшыларының ІІ Республикалық форумы, «Есірткісіз болашақ»
семинары-тренингтері ӛткізілді.
Бүгінде «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарында 1 млн. астам оқушы бар.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мүгедек балалардың білім
алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету
Инклюзивті білім беруді дамыту арқылы жасына, денсаулығының
жағдайына қарамастан, барлық балалардың сапалы білім алуға қол жеткізуі
мемлекеттік білім беру саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
2013 жылы республикада даму мүмкіндігі шектелген 150 мыңға жуық бала
анықталды.
Республикада даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқытуға арналған
арнайы білім беру ұйымдарының сараланған желісі бар.
39 арнайы балабақша мен
315 арнайы топта мектепке дейінгі жастағы даму
мүмкіндігі шектелген 15 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, білім алуда (2012
жылы – 4 945 бала).
21
106 арнайы (түзету) мектептерінде және жалпы білім беру мектептерінің
жанындағы 1219 арнайы сыныпта мектеп жасындағы 25 мың бала негізгі сегіз
түр мен үлгі бойынша білім алуда.
Қазақстан Республикасында 65 844 мүгедек бала тіркелген, олардың ішінде
үйде оқытылатыны – 8 796 (2011 ж. – 8527 адам).
Есту қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында кемшілік бар, сӛйлеу
қабілетінде ауыр кемшілігі бар және психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды
оқыту жалпы білім беру мектептеріне арналған оқулықтар бойынша жүзеге
асырылады. Нашар кӛретін оқушылар ірі қаріппен басылған оқулықтар бойынша,
зағип оқушылар Брайль қарпінің кӛмегімен жазылған оқулықтар бойынша оқиды.
Балалардың осы санаттарын үйде оқыту үшін Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі «Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының» шеңберінде 2011 – 2013 жылдарға 4
млрд. тг сомасында қаржылай қаражат кӛздеген
.
Айталық, 2011 жылы жеке
ерекшеліктері, мүмкіндіктері, қажеттіліктері ескеріле отырып, интернетке
қосылған компьютер техникасымен және бағдарламалық қамтумен қамтамасыз
етілген мүгедек балалардың саны 2725 болды, 2012 жылы – 2637, 2013 жылы –
973.
Тірек-қимыл аппаратында кемшілігі бар балалар үшін қозғалудың жеке
құралдарымен бірге бүгінгі күні арнайы клавиатуралар мен манипуляторлар,
нашар еститін балалар үшін – жеке құлақ аппараттары, микрофоны бар дыбыс
зорайтқыш жүйе, тифлотехникалық құралдар сатып алынады.
Бүгінде арнайы мектептерді қоса алғанда, білім беру ұйымдарының 43%-ы
мүмкіндігі шектелген балалардың танымдық тұрғыдан дауын ынталандыратын
мультимедиалық білім беру жүйелерімен (Eduplay, Multikid, Sound beam),
қамтамасыз етілген. Арнайы мектептердің 20%-ында интерактивті тақталар
орнатылған.
Кӛзі нашар кӛретін балалар үшін 46 компьютерлік тифлокешен сатып
алынды.
Арнайы мектептердің 95%-ға жуығы Интернетке қосылған. Арнайы білім
беру ұйымдарының 41%-ы логопедтік тренажерлармен, 37%-ы - есту-сӛйлеу
тренажерларымен жарақталған.
КжТБ жүйесінде 1650 мүгедек бала білім алуда.
Мүгедек балалардың қатарынан білім алушылардың негізгі санатын бала
кезінен мүгедек, нашар еститін және нашар кӛретін балалар құрайды.
1 және 2 топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек балалар, мүгедек балалар
үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түскен кезде 0,5%
қабылдау квотасы белгіленген. Білім алушылар қатарына қабылдау кезінде
кӛрсеткіштері бірдей болса, мүгедек балалардың, жетім балалардың мемлекеттік
тапсырыс бойынша білім алушылар құрамында қабылдау үшін басым құқығы
болады.
22
КжТБ жүйесінде кәсіп алу үшін адамдардың аталған санаттарына бірдей
мүмкіндік
беру
мақсатында
инклюзивті
оқыту
насына
енгізілуде,
интеграцияланған оқыту жүргізіледі, жеке сабақтар ӛткізіледі.
Қазіргі уақытта КжТБ оқу орындарында мүмкіндігі шектелген балалар үшін
кадрлар даярлау күрделі емес кәсіптер бойынша жүргізіледі: «құрылыстағы әрлеу
жұмыстарының шебері», «сылақшы – маляр», «ұста», «емдеу ісі», «слесарь – ауыл
шаруашылығы техникасын жӛндеуші», «автомеханик», «аспаз», «тігін ӛндірісі
және киімді модельдеу», «аяқ киім жӛндеу шебері», «есептеу техникасы және
бағдарламалық қамтамасыз ету», «тамақтандыруды ұйымдастыру», «аударма ісі»,
«іс жүргізу және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйелер»
және т.б.
Мүгедектер қатарындағы азаматтарға қолдау кӛрсету мақсатында ЖОО-
ларға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27
қаңтардағы № 296 қаулысына сәйкес 1 % мӛлшеріндегі квота белгіленген. Бұрын
бұл 0,5 % болатын.
2012-2013 оқы жылында білім беру гранттары 273 мүгедекке тағайындалды,
оның ішінде белгіленген квота шеңберіндегісі – 204.
Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде 713 мүгедекке грант тағайындалған.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 116 қаулысына сәйкес кӛру қабілеті бойынша мүгедектер мен есту қабілеті
бойынша мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалар жоғарылатылған (+ 75 %)
мемлекеттік стипендия алуға құқылы.
Мүгедектер оқитын жоғары оқу орындарында олардың еркін жүріп-тұруы
үшін жағдайлар жасалуда (пандустар), оқытудың арнайы құралдары
пайдаланылуда.
Балалардың
жағдайы
туралы
2012
жылғы
баяндаманы
қарау
қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
берген тапсырмаға сәйкес инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмыс
жалғасатын болады.
Оралмандар, аз ұлттар, босқындар, көшіп-қонушылар балаларының
білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету
Республикада Қазақстан Республикасында ұдайы тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығы қамтамасыз
етіледі
.
Шетелдік азаматтардың балаларын оқуға қабылдау
«Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.