10
Балалардың сау-саламатты болуы олардың тәрбиелеу, оқыту және дамыту
үшін қажетті жағдай жасаумен тығыз байланысты.
ҚР Конституциясына сәйкес балаларға орта білім берудің жалпыға бірдей
қолжетімді әрі тегін болуына кепілдік берілген.
Білім беру саласын қаржыландыру кӛлемі жыл сайын ұлғаюда.
2012 білім беру бюджеті 1 трлн. 311 млрд. теңгеден асып түсіп, ЖІӚ-нің
4,2%-ын құрады. 2013 жылы 1 трлн. 376 млрд. теңге құрайды.
Республикада ақпараттық және технологиялық тұрғыдан жарақтандырылған
ашық білім беру жүйесін дамыту жалғасуда, бұл жүйе сапалы білім берудің
қолжетімді болуын қамтамасыз етеді, білім алушылар мен әлеуметтің білім алу
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың негізгі басымдықтар мен қағидаттары
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарында, «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту
Мектепке дейінгі тәрбиелеуде және оқытуда 2010 – 2014 жылдарға арналған
«Балапан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – 3-6 жастағы балаларды тәрбиелеумен және
оқытумен қамту үшін жағдай жасау.
Аталған Бағдарлама шеңберінде 2014 жылға дейін балалардың 70%-ын
мектепте дейінгі оқытумен қамтуға қол жеткізу жоспарланған.
Бүгінгі күні балаларды қамту 71,5%-ды құрайды (ауыл – 64,8%, қала – 76,9).
Қостанай (100%), Қарағанды (97,8%), Павлодар (95,6%), Батыс Қазақстан
(95,3%) облыстары мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуда жоғары кӛрсеткіштерге
қол жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан (12 бірлік), Маңғыстау (11 бірлік), Шығыс Қазақстан (7
бірлік), Қызылорда (6 бірлік), Алматы (5 бірлік) облыстары мен Астана қаласына
(18 бірлік) республикалық бюджет есебінен салынып, қолданысқа берілген
балабақшалар саны кӛп.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың арқасында балабақшалар
салу проблемасы шешіле бастады.
2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында
мектепке дейінгі ұйымдар желісі 139 бірлікке ұлғайды (94 балабақша, 45 шағын
орталық).
Желінің ӛсуі мыналардың есебінен қамтамасыз етілді:
- 20 балабақша салу (3,9 мың орын), оның ішінде 11 бірлік республикалық
бюджет есебінен (2,8 мың орын);
- жеке меншік 60 балабақша ашу (3,5 мың орын);
- қолданысқа берудің басқа тәсілдері – 8 балабақша (1,4 мың орын);
11
- тұрғын үй кешендерінің 1-ші қабаттарында ашу – 6 балабақша (630
орынға);
- 45 шағын орталық ашу (1,5 мың орын).
2013 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың саны 8729 бірлікті құрады, оларға
655,3 мың бала, оның ішінде жеке меншік балабақшаларға 933 бала барады.
Қазіргі уақытта
мектепке дейінгі ұйымдар санының артуы
негізінен, шағын
орталықтар желісінің дамуы есебінен қамтамасыз етілген (шағын орталықтар –
63%, балабақшалар – 36,9%). Мектепке дейінгі қызметтердің сапасын арттыру
мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі үлгілік балабақшалар мен балалар
күні бойы болатын, тиісінше жарақталған шағын орталықтарды дамыту есебінен
шағын орталықтардың санын азайту жӛнінде жұмыс жүргізіп жатыр.
Балалар күні бойы болатын шағын орталықтардың саны – 2 197, бұл
олардың жалпы санының 39,8%-ын құрайды.
Шағын орталықтардағы білім беру процесін одан әрі жетілдіру және оның
сапасын арттыру үшін «Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығы
«Балалар күні бойы болатын шағын орталықтарда балаларды тәрбиелеу мен
оқыту бағдарламасын» әзірледі.
Балабақшалардан орын күтіп жүрген балалар санының кезегіне жүргізілген
мониторинг 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана олардың саны 51,9
мыңға немесе 12,7 %-ға ұлғайғанын кӛрсетті.
Елдегі демографиялық және кӛші-қон процестері – республиканың
мектепке дейінгі ұйымдарынан орын алу үшін кезектің ӛсуінің басты
факторларының бірі.
Білім беру органдарының деректері бойынша республикада балаларын
мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үшін ата-аналар берген 458,6 мың (2012
жылы – 406,6 мың) ӛтініш тіркелген.
Оңтүстік Қазақстан (65,2 мың), Алматы (35,3 мың), Жамбыл (32,5 мың)
облыстары мен Алматы (48 мың), Астана (71,6 мың) қалаларында кезектің ӛте
жоғары екені байқалып отыр.
Бұл ӛңірлерде мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар тапшылығының
жоғары болуы қамтудың республикалық кӛрсеткіштен тӛмен болуына негіз
болды: Алматы (55,9%), Жамбыл (65,1%), Маңғыстау (63,9%), Оңтүстік Қазақстан
(58%) облыстары және Астана (62,4%), Алматы (53,1%) қалалары.
Ата-аналарға консультативтік кӛмек кӛрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ
балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту үшін республикада
үлгілік балабақшалардың жанынан ашылған 1046 консультациялық пункт жұмыс
істейді.
«Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығы «Консультациялық
пункттер жағдайында ата-аналардың сауатын ашу бағдарламасын», «Балалар
ойынының тілі» білім беру курсын, «Тәрбиеші-гувернер бағдарламасын» және
басқаларын әзірледі.