17
Балалардың қосымша білім беруге қатысу деңгейі Батыс Қазақстан
облысындағы 83,3%-дан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7%-ға дейінгі
аралықта құбылады.
Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында балалардың қосымша білім берумен 30-дан 50%-ға дейін қамту
кӛзделген.
Мазмұны жағынан балаларға қосымша білім беру әртүрлі бағыттарды
білдіріп, әртүрлі салаларды қамтиды.
Қосымша білім беру жүйесі әлемдік мәдениет пен шығармашылыққа қол
жеткізуді қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық жетістіктерін анықтау
және тарату мақсатында конкурстар, фестивальдер, кӛрмелер ӛткізіледі.
Республиканың қосымша білім беру ұйымдарында 16,6 мыңнан астам
педагог қызметкер жұмыс істейді, олардың 5,6 мыңы ауылдық жерлерде жұмыс
істейді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жӛніндегі 2012 –
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында балаларға қосымша білім
беру жүйесін дамыту жӛніндегі шаралар кӛзделген.
Аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып,
оқытудың жаңа технологиялары енгізіледі.
Мұның бәрі жеке тұлғаның кәсіпте ӛзін-ӛзі тануы мен оқушылардың
бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті
қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Балалар мен жастарды тәрбиелеу
Қазақстанның білім беру жүйесінде балаларды тәрбиелеу мемлекеттік білім
беру саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Білім беру ұйымдарының бәрінде де Оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдауышын күшейту жӛніндегі үлгілік кешенді жоспар іске асырылады,
ӛңірлік жоспарлар әзірленген.
Жалпы орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысымен 7,2 мың директордың
тәрбие жұмысы жӛніндегі орынбасары, 7,8 мың психолог, 3,6 мың әлеуметтік
18
педагог, 4,5 мың аға вожатый, полицияның 1,7 мың мектеп инспекторы
айналысады. Барлығы 25 мыңнан астам педагог.
Олардың бәрі 1 млн. 400 мың оқушының (оқушылардың 60%-ы) сабақтан
тыс уақытта іспен айналысуын қамтамасыз етеді. Бұл мамандар балаларға және
балалы отбасыларға педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік-құқықтық
кӛмек кӛрсетеді.
Балаларды қоғамға ойдағыдай әлеуметтендіру, кӛбінесе, балалардың
азаматтық позициясының қалыптасу деңгейіне, балаларды рухани-адамгершілік,
патриоттық рухта тәрбиелеуге байланысты болады.
Оқыту процесінде әрбір мұғалім ӛзінің қандай пәннен сабақ беретініне
қарамастан, оқушының жеке тұлғасының рухани-адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуына ерекше назар аударады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында «Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқытудың рӛлі
маңызды.
2010-2011 оқу жылынан бастап «Ӛзін-ӛзі тану» пәні білім берудің барлық
деңгейлерінде (балабақшалар, мектептер, ЖОО-лар) оқу жоспарларының
құрамына кірді, ол қазіргі заманғы қоғамда жалпы адамзаттық құндылықтарды
қалпына келтіру проблемасын шешуге бағытталған және адамның адамгершілік-
рухани дамуының негізіне айналмақ.
Балаларға арналған музыкалық және театрлық іс-шараларды ӛткізу
балаларды адамгершілік-рухани дамытудағы аса маңызды бағыт болып табылады.
Республикада 7 қуыршақ театры мен балалар мен жасӛспірімдерге арналған 6
театр жұмыс істейді. 2012 жылы балаларға 200-ден астам, 2013 жылдың 1-ші
жартыжылдығында – 100-ден астам спектакль кӛрсетілді.
Балалар кітапханаларының желісі жұмыс істейді, «Бiлiм» телеарнасы
жұмыс істейді, оның қызмет бағыттарының бірі мектеп оқушыларын рухани-
адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу және сауаттарын ашу болып табылады.
Әскери-патриоттық клубтар қазақстандық патриоттықты қалыптастыруда
маңызды рӛл атқарады.
Қазіргі уақытта мектептердің базасында мектеп жасындағы 49 мыңнан
астам бала баратын 1 736 әскери-патриоттық клуб, тереңдетілген әскери және
физикалық даярлық ӛткізілетін, 500-ден астам оқушыны қамтитын облыстық 3
кадеттік мектеп-интернаты, сондай-ақ 1 228 оқушысы бар 48 кадет сыныптары
жұмыс істейді.
Әскери-патриоттық клубтардың республикалық слѐттерін, «Ұлан», «Алау»
әскери-спорттық ойындарын, «Мамыр жұлдыздары» солдат әндерінің
конкурстарын, Батылдық сабақтарын, «Іздеу» операцияларын, Әскери даңқ
күндерін, әскери бӛлімдер мен жоғары әскери училищелерінде ашық есік
күндерін, «Отанының лайықты ұлдары» кештерін, «Патриот», «Қамқорлық»
республикалық әскери-патриоттық акцияларын ӛткізу дәстүрге айналды.
19
12 жылдық білім беруге кӛшу шеңберінде әскери-патриоттық клубтардың
қауымдастықтары мен бірлестіктер құрылады, іздестіру-ӛлкетану жұмысы мен
мұражай жұмысы жандандырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191
қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.
Балалар мен жастардың барлық санаттарын қамту және кәсіподақтар,
бизнес, азаматтық қоғам қатысатын ведомствоаралық ӛзара іс-қимылдың жаңа
моделі жаңа Тұжырымдаманың ерекшелігі болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру жӛніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды
(2013 жылғы 18 маусымдағы № 603 ҚРҮҚ).
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.
Мемлекеттік жастар саясатын қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын
ұлғайып келеді.
Қаржыландыру кӛлемі
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
Республикалық деңгейде қаржыландырудың
жалпы кӛлемі (млн. тг.)
991,2
1 159,3
1 508,9
Мемлекеттік
әлеуметтік
тапсырыс
шеңберіндегі қаржыландыру кӛлемі (млн. тг.)
554,0
716,3
590,0
Балалар мен оқушы жастар арасындағы патриоттық тәрбие желісі тәрбиелеу
мен оқыту процесінде балалар мен жастардың қоғамдық қозғалыстары мен
ұйымдарын, шығармашылық одақтар құруды кӛздейді. Бұдан басқа, қоғамдық
жастар ұйымдары балалардың бос уақыттарын ӛткізу проблемаларын шешуде
айтарлықтай әсерін тигізеді.
Балалар мен жасӛспірімдер ұйымдарын дамыту жӛніндегі 2013 – 2015
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 1073 жастар бірлестіктері жұмыс істейді (2012
жылы – 1086). Олардың ең кӛбі Шығыс Қазақстан (124), Қостанай (102), Батыс
Қазақстан облыстарында (86), ең азы – Атырау (27) және Ақтӛбе (29)
облыстарында.