12
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеумен 100% қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Балапан»
бағдарламасын іске асыру мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды.
Бүгінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің мазмұнына баса
назар аударылып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және шетел
тілдерін оқытуды қамтитын Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары бекітілді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың стандарты мен оқу
бағдарламалары мектепке дейінгі және мектепте бастауыш білім берудің
арасындағы сабақтастық проблемаларын тиімді шешуге ықпал етеді.
Бүгінде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында «Балбӛбек»,
«Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз»
бағдарламалары, 90-нан астам басылымды қамтитын әдістемелік кешендері бар
«5-6 жастағы балаларды мектеп жағдайларында және 5-7 жастағы балаларды
балабақша жағдайларында мектепалды даярлаудың жалпы білім беру
бағдарламасы» қолданылады.
«Балапан» бағдарламасын іске асырудың аса маңызды міндеттерінің бірі
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үшін мамандар даярлау болып табылады.
Қазіргі уақытта кәсіптік және техникалық білім беретін (КжТБ) 31 оқу
орнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар
даярлау жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар үшін мамандар даярлауды 32 жоғары
оқу орны, оның ішінде 1 – ұлттық, 17 – мемлекеттік, 1 – халықаралық және 12 –
жеке меншік оқу орны, 1 – акционерлік қоғам жүзеге асырады.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша кәсіптік
және техникалық білім беретін оқу орындарына оқуға қабылдаудың ұлғайғаны
байқалып отыр
.
Осы мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының жыл
сайынғы кӛлемі
240 грантты құрайды.
Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда педагог жұмыс істейді.
«Ӛрлеу» БЖҰО деректері бойынша 2014 – 2020 жылдар аралығында 56 795
педагог біліктілікті жоғарылатудың қысқа мерзімді курстарымен қамтылатын
болады.
Орта білім беру
2013/2014 оқу жылында республикада …… мектеп жұмыс істейді.
2013 жылы ____мектеп пайдалануға берілді.
Білім беру жүйесінің маңызды сипаттамасы оның мекеме түрлеріне қарай
саралануы болып табылады, мұның ӛзі білім алушылардың әртүрлі білім алу
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
13
Республикада ----лицей, ----гимназия, жекелеген пәндерді тереңдетіп
оқытатын ---- мектеп, --- арнайы (түзету) мекемелері, жалпы білім беретін
мемлекеттік емес ---- мекеме жұмыс істейді.
Орта білім беру жүйесінде білім беру мазмұнының сапасын жақсарту
жӛнінде бірқатар шаралар қабылданды.
2013-2014 оқу жылынан бастап республика мектептерінде Білім берудің
жалпыға міндетті мемлекеттік жаңа стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім) (бұдан әрі – БЖМС) енгізілді. Жаңа БЖМС сәйкес барлық
мектептерде ағылшын тілін 1-сыныптан, «Информатика» пәнін 5-сыныптан
бастап оқыту енгізілді, бұдан басқа, жоғары сыныптардың оқушылары үшін
«Адам. Қоғам. Құқық» интеграцияланған пәні енгізілді.
Оқушылардың функционалдың сауаттылығын дамыту жӛніндегі 2012 –
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда.
Орта мектептерге арналған оқу бағдарламаларының бәрі оқушылардың
функционалдың сауаттылығын дамыту ескеріле отырып жаңартылды.
Орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін
республиканың білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы
нығайтылуда. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде республикалық
және жергілікті бюджеттердің есебінен жаңа үлгідегі пән кабинеттері
жасақталуда.
2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша …..мектепте жаңа үлгідегі физика
кабинеттері, – химия кабинеттері, – биология кабинеттері жасақталған.
Оқытудың жаңа нысандары мен технологиялары - балалардың интерактивті
парктері (ғылым қалашықтары), технопарктер, балалар ғылыми мұражайлары
енгізілген.
2013 жылы Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен
жасӛспірімдерге арналған Ұлттық интерактивті парк ашылды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желісін дамыту жалғасуда, олардың
саны бүгінде – 15 (2012 жылы – 7), оларда 9675 оқушы білім алуда. Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін
мектептеріне енгізу басталды.
Бұдан басқа, «Нұрорда», «Мирас», «Хэйлибэри Астана» халықаралық
мектептері ойдағыдай жұмыс істейді, олар халықаралық стандарттар мен
бағдарламаларға сәйкес арнайы бағдарламалар бойынша жұмыс істейді.
Кӛптілді білім беруді енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді.
Кӛптілді білім беру енгізілген мектептердің саны 2013 жылы 33 мектептен
90 мектепке дейін жетті.
Бүгінгі күні 3898 мектепте қазақ, орыс және шетел тілдерін оқыту үшін
мультимедиалық лингафон кабинеттері бар.
Білім берудің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын Оқудағы
жетістіктерін сырттан бағалау (ОЖСБ) және Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)
жүргізіледі.