37
қорғау», «Қызыл желі» телефон арқылы тегін (жасырын) консультация беру
жобалары бар.
Мүгедек балаларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету
Мүгедек балаларға сауықтыру кӛмегі республикалық маңызы бар 2
орталықта: Алматы қаласындағы «Балбұлақ» республикалық балалар сауықтыру
орталығында және Астана қаласындағы республикалық балалар сауықтыру
орталығында кӛрсетіледі.
Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық сауықтыру және
оңалту кӛмегі ӛңірлік деңгейдегі сауықтыру орталықтарында да кӛрсетіледі,
олардың қызметі мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік тұрғыдан кешенді сауықтыруға бағытталған.
Всего центров регионального уровня – 55, принадлежащие к различным
ведомствам (МЗ РК, МТСЗ РК, МОН РК, НПО и частным структурам).
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық кӛмек кӛрсетуді одан әрі
жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық бірыңғай денсаулық
сақтау жүйесін енгізу шеңберінде амбулаториялық және стационарлық деңгейдегі
ұйымдардың құрамындағы сауықтыру орталықтарының, қалпына келтіру-емдеу
бӛлімшелерінің желілерін кеңейтіп, стационарды алмастыратын нысандар
(күндізгі стационар) мен кешенді сауықтыру және емдік-диагностикалау
технологияларының заманауи аспектілерін енгізуде.
«Денсаулық
сақтау
объектілеріне
қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 87 қаулысымен
мүгедектердің, оның ішінде балалардың церебральды сал ауруымен ауыратын
мүгедектердің қоғамдық орындарда болуына қолайлы жағдайлар жасау үшін
белгілі бір санитариялық нормалар бекітілген.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа денсаулық сақтау объектілерін салған
кезде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуде, атап айтқанда, арбамен
қозғалатын мүгедектер үшін кіреберіс жолдарын, ішкі ӛткелдер мен қатты
жабыны бар жаяу жүргіншілер жолдарын, пандустарды және дәретханаларда
арнайы кабиналарды кӛздейді. Сондай-ақ, баспалдақпен жүру үшін балаларға
және ересектерге арналған қосарлы тұтқалар, зағиптар мен нашар кӛретіндер үшін
– бұдыр тұтқалар мен тұтқа учаскелерін, баспалдақтың бірінші және соңғы
тепкішегін қарсы түстерге бояу кӛзделеді.
Қазақстан Республикасында балалардың иммундық профилактикасы
жөніндегі іс-шаралар
38
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы егу барлық
тұрғындар үшін міндетті болып табылады. Қарсы егу жүргізілетін жұқпалы
аурулар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан
Республикасында бала тұрғындарды вакцинациялау тегін медициналық кӛмектің
кепілдік берілген кӛлеміне кіреді және республикалық бюджет қаражатының
есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттің тұрғындарды иммундау саласындағы нысаналы саясатының
арқасында елімізді ДДСҰ полиомиелиттен еркін аумақ ретінде сертификаттады,
дифтериямен, сіреспемен, кӛкжӛтелмен сырқаттану бірлі-жарым жағдайларға
дейін жеткізілді, вирусты «В» гепатитімен, эпидемиялық паротитпен сырқаттану
азайды. Қызылша мен қарамықты элиминациялау бойынша ДДСҰ бағдарламасын
іске асыру жалғасуда, сондай-ақ елдің полиомиелиттен еркін аумақ ретіндегі
мәртебесін қолдау жӛнінде жұмыс жүргізілуде.
Нәрестелердің шетінеуі мен ауруға шалдығуын азайту мақсатында ҚР
Денсаулық сақтау министрлігі «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау жүйесін
дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
шеңберінде балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егуді біртіндеп енгізуді
жүргізуде.
2010 жылы Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, 2011 жылдан
бастап Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 2012 жылдан бастап
Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды
иммундау басталды. 2015 жылға қарай пневмококк инфекциясына қарсы егу бүкіл
республика бойынша жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында балалар арасындағы
ауруға шалдығуды 2010 – 2013 жылдары салыстырмалы талдау ӛкпенің
қабынуымен сырқаттану деңгейінің тиісінше 43%-ға және 49,6%-ға; жіті ортаңғы
оитпен – 21,3%-ға және 2,13%-ға; ӛкпенің қабынуынан болатын ӛлімнің тиісінше
15,5%-ға және 57,1%-ға тӛмендегенін кӛрсетіп отыр.
Оқушыларды профилактикалық медициналық тексеру
Республикада балалардың ауруын уақтылы анықтау және сауықтыру үшін
жыл сайын профилактикалық медициналық тексерулер ӛткізіледі.
2013 жылы оқушыларды тереңдетілген медициналық тексерумен қамту
98,3%-ды (2012 жылы 98%) құрады.
0 – 18 жастағы балалардың профилактикалық тексеру нәтижесі
2012
жылдың
9 айы
2013 жылдың
9 айы
Тексерілген балалар – барлығы, мың
3516,32
3579,83