27
«Бҥгінде ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру жҥйесін жаңғырту
міндетін алға қойып отыр.
12
Ол ҥшін
Қазақстан Республикасында білім
беруді
дамытудың
2011-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасы әзірленді. Аталған Бағдарламаны іске асырудың бастапқы
кезеңінің ӛзінде Білім туралы Заңға ӛзгерістер енгізілді, 7 заң қабылданды, 560
бҧйрық шығарылды, оның ішінде 41 бҧйрық нормативтік қҧқықтық акті кҥшіне
ие. Әлеуметтік, эмоционалдық және ӛмірлік маңызы бар дағдыларды
қалыптастыруда білім алу ерекше рӛлге ие, әсіресе жастық шақ кезінде алған
білімнің орны айрықша. Сондықтан, ел Президентінің министрлік алдына
қойып отырған міндеті мектепке дейінгі біліммен толық қамту болып
табылады. Әрине, кӛптеген істер атқарылды: жаңа мектептер салынып, балалар
бақшаларына қатысты жағдай едәуір жақсарды
13
, еуропалық стандарттар
енгізілді және т.б.» Алайда, ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша
2010 жылы 100 орынға 104,9 баладан келді, бҧл шамамен 5 бала
балабақшаларда ҧйықтауға және ойнауға арналған орындармен қамтамасыз
етілмей отыр деген сӛз, демек олардың қҧқықтары бҧзылуда. Тәрбие берумен
және оқумен қамтылған балалардың ҥлесі жылдан жылға артып келе
жатқанына қарамастан (мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту
коэффициенті пайыздық қатынаста типтік жастағы халықтан санағанда 2007
жылы 32,8%, ал 2010 жылы – 41,6%
қҧрады)
14
, бҧл мәселе бҥгінгі таңда тез
арада шешім қабылдауды қажет етеді.
Орта білім беруді жаңғырту мҧғалім мәртебесін арттыру, мҧғалімдер
біліктілігін кӛтеру және білім беру қызметтерінің сапасына бақылау жасауды
білдіреді. ҚР БҒМ Балалардың қҧқықтарын қорғау комитетінің ресми деректері
бойынша 2011-2012 оқу жылында мектепке бармайтын 317 бала анықталды,
олардың 138-і мектепке қайтарылды. Бірақ шын мәнінде бҧл сан одан
әлдеқайда артық, мысалы 2008 жылғы зерттеулер қорытындысы бойынша
республика бойынша 50 мыңға жуық бала мектепке бармай отыр
15
. Білім беру
мекемелері мен басқа билік органдары ӛкілдерінің кҥш-жігеріне қарамастан
біліммен қамтылмаған балалар туралы сенімді статистика жоқ. Әрине, олардың
арасында мектепке барғысы келмейтін немесе оған ӛзіндік себептері бар
балалар кездеседі, бірақ кӛбісінде қолжетімділік шектеулі екенін ҧмытуға
болмайды. Кедей және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың
мектепке баратын киім-кешегі жоқ, білім алуға арналған қосымша қаражаттары
да (сынып, мектеп қорлары, театрлар, сыйлықтар, репетиторда жаттығулар,
спорттық секциялар және т.с.с.) кемшін, ал кейбіреулері білім алудың орнына
12
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың ҚР Парламентінде сөйлеген сөзі, 2012 жылғы 18
маусым
13
«Балапан» бағдарламасының шеңберінде балабақшалар саны 41%-ға артты
14
«ҚР білім беру жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндама». ҚР БҒМ Ұлттық білім
беру сапасын
бағалау орталығы. Астана, 2011
15
«
Қазақстанда баланың орта білім алуға құқығын сақтау: жетістіктері мен проблемалары». ҚР БҒМ
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті. «Сандж» Зерттеу орталығы, Астана, 2008