21
аналарға да жҥктейді. Әр азаматтың қҧқықтары мен міндеттерінің тізбесі
Азаматтық Кодексте жазылған.
ҚР Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсанда қолданысқа енгізілді,
1995 жылғы 23 наурызда Кодекс қолданысқа енгізілген кҥннен бастап кҥшіне
енді және заңды кҥші бар деп танылды. Қазақстан Республикасының
30.06.2010ж., 25.03.11ж., 17.02.12ж., 27.04.12ж. Заңдарымен ӛзгерістер
енгізілді)
2-тараудың 1-параграфындағы 13-бапта «азаматтық құқыққа ие болып,
мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық
азаматтарға бiрдей деп танылады. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған
кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады» делінген.
ҚР Кодексіне сәйкес әр азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында, сол
сияқты одан тысқары жердегі дербес мҥлікке және шетелдік валютаға қҧқығы
бар. Қазақстан Республикасының азаматы мҧрагерлікке және мҧраға қалдыруға,
республика аумағы бойынша еркін жҥріп-тҧруға және тҧрғылықты жерді
таңдауға және т.б. қҧқығы бар.
22-бап. Он тӛрт жастан он сегiз жасқа дейiнгі кәмелетке толмағандардың
әрекет қабiлеттiлiгi. Аталған бап «он тӛрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi
кәмелетке толмағандардың мәмiлелердi олардың заңды ӛкiлдерiнiң
келiсiмiмен жасау, он тӛрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке
толмағандар ӛздерiнiң табысына, стипендиясына, ӛзге де кiрiстерiне билік
ету» қҧқығын бекітеді. Сондай-ақ аталған бапта 14 жастан 18 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандардың мәмілелер жасау бойынша жауапкершілігі
баяндалады.
№345 «ҚР балалар құқығы жайлы» Заң 8.08.2002ж., 23.11.2010ж. ҚР
заңына сәйкес ӛзгертулермен
Қолданыстағы заңнамалық актілердің ішінде бала қҧқықтары Қазақстан
Республикасының бала қҧқықтары туралы Заңында анағҧрлым толық жазылған.
Аталған заңға сәйкес «мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн
қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-
қасиетiн қатыгездiкпен, дӛрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық
қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және
қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген қҧқықтары мен
22
бостандығына қысым жасаудың ӛзге де тҥрлерiнен қорғауды жҥзеге асырады».
Жалпы, аталған Заңның баптар жинағы мҥдделерін ескере отырып балалардың
барлық қҧқықтарын сипаттайды, бҧл Бала қҧқықтары туралы конвенцияның
негізгі ережелеріне сәйкес келеді».
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы. Аталған бапта «тегiне, нәсiлiне және
қай ҧлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мҥлiктiк жағдайына, жынысына,
тiліне, бiлiмiне, дiнге кӛзқарасына, тҧрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына,
балаға және ата-анасына немесе басқа заңды ӛкілдерiне қатысты ӛзге де мән-
жайларға қарамастан, барлық бала тең қҧқыққа ие», сондай-ақ «некеден де
және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады»
делінген.
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға қҧқығы. Аталған бапқа сәйкес оның
денсаулық сақтауға қҧқығы бекітіледі. Бҧл ретте, мемлекет дені сау бала тууды
қамтамасыз ету ҥшін ана денсаулығын қорғау ҥшін жағдайлар жасайтыны
нақтыланады.
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы. Аталған бапта «әрбiр
баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн
қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар» екені баяндалған.
Ал 2-тармаққа сәйкес мемлекет мҧны «әлеуметтік және экономикалық
шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi».
14-бап.
Баланың тұрғын үйге құқығы. Әрбір баланың Қазақстан
Республикасының тҧрғын ҥй заңнамасына сәйкес тҧрғын ҥйге қҧқығы бар.
«Жетiм баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу,
емдеу және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша
оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы баланың тұрғын үй-жайға
меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал
құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы
заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар».
21-бап. Баланың отбасында ӛмiр сҥру және тәрбиелену қҧқығы. Аталған бап
«баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың
отбасында ӛмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, ӛзiнiң ата-анасын және
басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен
тәрбиесiн алуға құқығы бар» екенін белгілейді.
23
23-бап. Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен әлеуметтiк кӛмек беру
арқылы қолдау кӛрсетедi.
25-бап. Аталған бапқа сәйкес баланың ӛз ата-анасымен немесе басқа да заңды
ӛкілдерiмен бiрге тҧруға қҧқығы бар.
31-бап. Мҥгедек баланың толымды ӛмірге қҧқықтары. «Мүгедек баланың
толымды ӛмiрге денi сау балалармен бiрдей құқығы бар». Аталған жағдайда
толымды ӛмір деп тиісті ӛмір сҥру деңгейі және оның қоғам ӛміріне енуіне
ықпал ету ҥшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету тҥсініледі. «Мүгедек
бала ӛзiнің дене бiтiмiне, ақыл-ес қабiлетiне және тiлегiне сай бiлiм алуға,
қызмет түрi мен кәсiптi таңдауға, шығармашылық және қоғамдық
қызметтерге қатысуға құқылы. Ақыл-есiнiң немесе дене бiтiмiнiң дамуында
кемiстiгi бар балаларды қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған
балалар ұйымдарында медициналық-әлеуметтiк кӛмек алуға құқылы».
Сонымен қатар бала қҧқықтары туралы Заңда ата-аналардың міндеттері мен
аталған Заңды бҧзғаны ҥшін жауапкершілік туралы ақпарат қамтылған.
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, кҥтiп-бағу және асырау жӛніндегi
мiндетi. «Ата-анасы немесе басқа да заңды ӛкілдері ӛздерiнің қабiлетi мен
қаржы мҥмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы ҥшiн қажеттi жағдай
жасауға мiндеттi. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны кҥтiп-бағуды жҥзеге
асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға,
тҧрғын ҥймен қамтамасыз етуге міндеттi».
50-бапта «Қазақстан Республикасының бала қҧқықтары туралы заңдарының
бҧзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болатыны, салдары ата-аналық қҧқықтарынан айыруға немесе оларды
ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғатыны» туралы
айтылған.
Іс жҥзінде аталған Заң баяндау сипатына ие, ӛйткені онда балалардың
қҧқықтары суреттелген, бірақ бҥгінгі ӛмір шындығында оларды іске асыру
қиындаған, сондықтан да балалар қҧқықтары барлық жағдайларда дерлік
бҧзылуда. Мҧны балалар арасындағы суицид жағдайларының артуы растайды
Достарыңызбен бөлісу: |