Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай


  Тұрмысы қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет46/54
Дата16.05.2018
өлшемі5,07 Kb.
#14161
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54

138 
 
11. 
Тұрмысы қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу 
кезіндегі халықаралық тәжірибе  
 
Кӛптеген  елдерде  Отбасылық  тәрбие  мен  отбасылық  консультация 
орталықтары  кең    тараған.  Бҧл  орталықтардағы  жҧмыс  психологиялық-
педагогикалық сипатта болуымен ерекшеленеді, оның негізгі мақсаты – балалар 
мен  ата-аналар  арасындағы  байланысқа  сызат  тҥскен  отбасыларға  немесе  
жҧбайларға  қол  ҧшын  беру.  Жҧмыс  негізінде  әңгімелесу  арқылы  жҥргізіледі, 
әңгімелесу  ерікті  тҥрде  болу  керек.  Отбасына  әлеуметтік-педагогикалық 
тарапынан қолдау кӛрсетудің жаңа тәсілдері де   қолданылады: отбасы ӛміріне 
әлеуметтік  жҧмыскердің  тікелей  араласуы,  яғни  клиенттің  рҧқсатымен 
әлеуметтік жҧмыскер отбасының кҥнделікті ӛмірін қадағалап отырады. Маман 
қадағалау  нәтижесін  отбасының  мҥшелерімен  талқыға  салып,  қалыптасқан 
жағдайдан  шығу  жолдарын  олармен  бірлесе  отырып  іздейді.  Бҧл  жҧмыс 
біршама  кҥрделірек,  себебі  отбасымен  ҧзақ  уақыт  бірге  болуды  талап  етеді 
және  отбасының  барлық  мҥшесі  келісім  берген  жағдайда  ғана  атқарылады. 
Мҧндай  кӛмек  консультацияның  және  әлеуметтік  қызмет  кӛрсетудің  басқа 
тҥрлері дҧрыс нәтиже бермеген кезде қолданылады. 
11.1.  Швециядағы  отбасымен  жұмыс  істеудің  қарым-қатынастық 
моделі  
«Отбасымен  жҧмыс  істеудің  қарым-қатынастық  моделі»  атты  ҧлттық  ерікті 
бағдарлама 1982 жылдан бастап Швецияда жҧмыс істей бастады.  
Бҧл бағдарламаның мәні -  әлеуметтік қамтамасыз етудің жергілікті комитеттері 
қиын  жағдайға  тап  болған  отбасыларға  қолдау  кӛрсету  ҥшін  отбасыларды 
немесе  жеке  тҧлғаларды  таңдайды.  Таңдап  алынатын  тҧлғалар  –  бҧлар  кәсіби 
тәжірибесі жоқ, бірақ байланысқа шығып, қолдау кӛрсетіп, басқаларға қол ҥшін 
бере  алатын  қарапайым  адамдар.  Қолдау  кӛрсетуден  басқа  отбасымен  жҧмыс 
істеудің  қарым-қатынастық  байланысы  мыналарға  мҥмкіндік  береді:  1) 
клиенттерге  қызмет  кӛрсету  жҥйесін  ҧлғайтуға;  2)  ата-аналар  мен  балаларды 
шеттетуге  жол  бермеу;  3)  балаларға  басқа  ересек  адамдармен  байланысқа 
шығуға  мҥмкіндік  беру;  4)  ата-аналарға  демалыс  кҥндерін  ӛзінің  қалауы 
бойынша ӛткізуге мҥмкіндік беру; 5) ӛз міндеттерін атқару кезінде ата-аналарға 
қолдау кӛрсету. 
Қарым-қатынастық  модельді  әртҥрлі  отбасылармен,  яғни  толық  емес, 
ажырасқан, ішімдік пен есірткіні қолданатын жанҧялармен, мҥгедек баласы бар 
және жас отбасылармен жҧмыс істеу кезінде қолданады.  


139 
 
Отбасымен  қарым-қатынастық  модель  бойынша  жҧмыс  істеу  ҥшін  тек  осы 
функцияны  атқаратын,  әлеуметтік  жҧмыскер  болып  табылатын,  қарым-
қатынастың  хатшыларын  дайындайды.  Швед  мамандары  осы  жҧмысқа 
маманданған  әлеуметтік  жҧмыскерлер  ӛз  жҧмысына  қызығушылықпен  қарап, 
ҧзақ уақыт бойы еңбектенетіндіктерін айтады. 
Қарым-қатынастық қызметтің хатшылары арнайы дайындықтан ӛтеді. Ол жеке 
кеңес  беруден,  сонымен  қатар  тренинг  тҥрінде  топтық  жҧмыстан  тҧрады.  Бҧл 
әлеуметтік  жҧмыскерге  әртҥрлі  дау-жанжалға  ҧшыраған  отбасы  мҥшелерінің 
рӛлін  терең  тҥсінуге  мҥмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  әртҥрлі  аудандардағы 
хатшылар тәжірибелерімен, пікірлерімен алмасу ҥшін курстар ӛткізіліп тҧрады.  
Мысалы,  Стокгольмдегі  алты  агенттіктің  қарым-қатынастық  қызмет 
хатшылары  отбасылық  жҧмыспен  байланысты  әртҥрлі  мәселелерді  талқылау 
ҥшін айына бір рет кездесіп тҧрады. 
Қарым-қатынас  орнату  ҥшін  отбасын  немесе  жеке  тҧлғаны  іріктеу  әртҥрлі 
тәсілдермен атқарылады. 
1.  Клиентке  бағдарланған  іріктеу.  Бҧл  жағдайда  белгілі  бір  клиентпен 
байланысқа шығу ҥшін жеке тҧлғаны немесе отбасын іздеу жҥргізіледі. Кейде 
клиенттің ӛзі сенетін адамды немесе жанҧяны ҧсынады.  
2. Жекеше бағдарланған іріктеу. Қарым-қатынасқа лайықты белгілі тҧлғаларды 
отбасымен жҧмыс істеуге шақырып, ӛздеріне жауапкершілікті арттыру.  
3.  Жалпы іріктеу. Байланысқа шығатын тҧлғаны іріктеп алуға болатын бірнеше 
адамдарды жҧмысқа тарту ҥшін бҧқаралық ақпараттар қҧралдарын қолдану.  
Отбасымен  немесе  тҧлғалармен  алғаш  жҧмыс  істеу  барысында  сол  немесе 
басқа отбасымен тілдесуді қалаған тҧлғаларда туындаған кӛптеген сҧрақтарды 
талқылау  керек.  Бҧл  сҧрақтар  қатынасқа  тҥсетін  отбасының  белсенділігіне 
байланысты  болады.  Олар  ӛздері  клиентке  телефон  шалуы  керек  пе,  әлде 
клиенттің ӛзі телефон соғуын кҥту керек пе? Байланыс қандай болу керек? Осы 
сҧрақтарды  талқылай  отырып,  қарым-қатынас  қызметінің  хатшысы  клиенттен 
не кҥтуге болатындығын міндетті тҥрде анықтайды. 
Отбасымен немесе тҧлғалармен әрі қарай жҧмысты жалғастыру кезінде топтық 
тәсілдер  қолданылады.  Туындаған  мәселені  бірігіп  талқылау  ҥшін 
отбасылармен  немесе  тҧлғалармен  кездесу  ҧйымдастырылады.  Әдетте  мҧндай 
кездесулер  айына  бір  рет  ӛткізіліп,  онда  жалпы  сипаттағы  тақырыптар  ортаға 
салынады. Жеке ахуалдар қатаң тҥрде кәсіби қҧпия ретінде талқыланады.  


140 
 
Байланыс  орнату  ҥшін  отбасылармен  немесе  тҧлғалармен  жҧмыс  істеудің 
мҧндай  тҥрінен  басқа  белгілі  бір  тақырып  бойынша  кешкі  семинарлар  немесе 
ҥйірме  тҥрінде  оқыту  қолданылады.  Ҥйірмелер  бірнеше  адамдардан  және 
арнайы  дайындалған  жетекшіден  қҧралады,  олар  аптасына  бір  рет  кездесіп, 
алдын-ала  қҧрылған  жоспар  бойынша  ӛздерін  қызықтыратын  тақырыптарын 
ортаға салады. Мысалы, мынадай тақырыптар сӛз болуы мҥмкін: 1) балаларға 
тӛнетін  қауіп;  2)  кҥйеуінен  таяқ  жейтін  әйелдерге  кӛмек;  3)  отбасылық 
қатынастар;  4)  байланыс  орнататын  тҧлға  ретінде  жҧмыс  істеу.  Швед 
мамандарының тәжірибесі білім беру бағдарламаларын жоспарлауға адамдарды 
тарту маңызды екендігін кӛрсетеді.   
Шешім  қабылданған  кезде,  мысалы,  жалғыз  басты  анамен  байланыс  орнату 
ҥшін  осы  ана  мен  қызмет  хатшысының  арасында  кездесуді  ҧйымдастырады. 
Бҧл дҧрыс таңдау жасау ҥшін жасалады. Швед мамандарының айтуы бойынша 
клиенттің  профилі  ӛте  айқын,  анық  болғаны  маңызды.  Әдетте  клиентпен 
алғашқы  кездесу  кҥнделікті  шаруаларға  арналады.  Ата-анаға  ӛзінің  балалары, 
отбасындағы  ахуал  жайында  айтуына  мҥмкіндік  беру.  Бҧл  кезде  клиент 
маманның  отбасылық  жағдайға  қызығушылық  танытып  отырғанын, 
мәселелерді сәтті шешуіне ықпал етуші екендігін сезіну керек.     
Қарым-қатынастық  қызметтің  хатшысы  клиентін  «дҧрыс»  отбасы  қалай 
іріктеліп,    екі  жақ  шешім  қабылдаған  кезде  келісім  шарт  қалай 
орындалатындығымен  таныстырады.  Қарым-қатынас  орнатылатын  отбасыны 
қызмет  хатшысы  ӛзі  таңдайды.  Екі  жақ  бірін-бірі  таңдамайды.  Егер  екеуінің 
арасында  қарым-қатынас  орнамаса,  онда  хатшы  дҧрыс  таңдау  жасай  алмаған 
деген  сӛз.  Міне,  сондықтанда  алғашқы  кездесуде  кӛптеген  сҧрақтарды 
талқылау 
керек. 
Бҧл 
отбасымен 
қатынас 
қҧру 
кезінде 
ӛкініш 
тудырмайды.Алғашқы  кезде  бабалар  байланысқа  шықпайды.  Берік  қатынасты 
орнату ҥшін уақыт керек.  
Клиент ҥшін «дҧрыс» қарым-қатынас орнататын отбасын табу ҥшін тҥйсік пен 
ойындағысын  айтатын,  тез  арада  жауап  бере  алатын  қасиет  керек.    Клиенттің 
талабын  тҥсініп,  осы  талаптарға  сәйкес  келетін  қажет  адамдарды  табу  қиын 
мәселенің екі жағы. Бҧл жерде барлығын бҥге-шігесіне дейін ойластырған жӛн. 
11.2.  АҚШ-дағы отбасындағы балаларды жәбірлеуден қорғау қызметі  
70-ші  жылдардан  бастап  әлеуметтік  жҧмыстың  халықаралық  тәжірибесінде 
бала қҧқығын қорғау деген қызмет берік орнықты. Әлеуметтік жҧмыста мҧндай 
бағыттың пайда болуына ата-анасының кӛзі тірі тҧрып балаларының қараусыз 
қалуы,  стационарлық  балалар  мекемесінде  және  бала  асырап  алған  отбасында 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау