Мектебінде



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет19/28
Дата16.05.2018
өлшемі0,82 Mb.
#14142
түріЛитература
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

96

97

 Г.БЕРКУТОВА,                                                                                      



№9 орта мектеп.

Шығыс Қазақстан облысы,  

Семей қаласы

   ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ 

СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ

 Біздің  тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың 

тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз.Тіл 

- ойдың құралы. Адамның  ойлауы тек тіл арқылы ғана 

баяндалады.

   Қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема   

-  тіл   мен сөйлеу үдерісін жіктей оқытып, оқушының 

дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім 

қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып 

сөйлеуге айрықша назар аударуы тиіс.

Әр  мұғалім  қазақ  тілі  сабағында  тіл  дамыту 

жұмыстарын  шығармашылықпен  жүргізіп,  дұрыс 

ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі 

құбылысты  жан-жақты  түсіне  және  білген  нәрселерін 

ауызекі сөзде қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, 

оқушының  тілін  дамыту  жұмысы    -    баланың  ойын 

дамыту  деген    сөз,  өйткені  оқушы  қай  пәнді  оқып-

үйренсе  де  өзінің    істеген  жұмысы,көрген-білгені 

туралы  күнбе-күн  сөйлеп,  ойын  қалыптастырып 

отырады. Сондықтан, қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту 

жұмыстары  оқушылардың  жалпы  ойын  дамытуға 

бағытталып,ойлау  қабілетімен  байланыстырылғанда 

ғана сөйлеу үдерісінің бірлігі ұйымдастырылады.

Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген оқушы ойын 

жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады.

Тіл  дамытудың  негізгі  мақсаты    -  тіл  мен  сөйлеу 

үрдісін дифференциялау. Ол көп жұмысты талап етеді, 

өйткені оқушылардың дұрыс сөйлеуі, жазуы, өз ойларын 

баяндай білуі тіл дамыту сабақтарында айрықша орын 

алады. Сондықтан мұғалім қазақ тілі мен тіл дамытуды 

байланыстырып жүргізеді.

   Тіл дамытудың негізгі бағыттары, мақсаты:

   - мәдени-әдеби сөйлей білудің нормаларына үйрету, 

яғни, орфографиялық дағдыны меңгерту, мәнерлеп оқу 

дағдыларын қалыптастыру;

  -  лексикалық  жұмыстар  жүргізу  арқылы  сөздік 

қорларын байыту;

   - есту, сөйлеу қабілетін дамыту;

   - естіп, көріп, қабылдауын меңгерту;

   - қате берілген  дыбыстарды  дұрыс қою (түзету), 

коррекциялық жұмыстар.

  -  жаңа  сөздер  үйрету,  сөз  бен  сөздің  байланысын, 

сөйлем  құрату,  сөйлемнің  құрылысын  меңгерту, 

синтаксистік лексикадан мәлімет беру;

-  оқушылардың  ойын  жазбаша  дұрыс,  сауатты 

жазуға, сөйлей  білуге үйрету.

   Тіл үйретудің негізгі мақсаты-оқушылардың сөздік 

қорын байыту, сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Жаңа  үйренген  сөздер  оқушылардың  есінде    ұзақ 

сақталуы үшін үнемі қайталанып, дыбыстардың дұрыс 

айтылуын  үнемі  қадағалап  отырылуы  тиіс.Сөздерді 

қайталағанда  бұрын  өтілген  сөздер  жаңа  мәтінде 

кездескенде  оқушылардың  оны  қалай  түсінетінін, 

ұққанын байқап, естеріне салып, тексеріп отырған жөн.

   Тіл үйретуде жазба жұмыстарын да ұйымдастыруға 

болады. Мысалы: бір сөз түсіріліп берілген сөйлемдерді 

толықтырып  көшіру,  жалпылама  мағына  беретін 

сөздерді  ататып  айтқызу  немесе    керісінше  жалқы 

мағыналы  сөздерді  жалпы  мағыналы  сөздермен 



98

99

байланыстырып оқыту.



      Мұғалім  үйреткен  сөздердің  оқушылардың 

естерінде  сақталуы  үшін  оларды  жақсы  меңгертіп, 

күнделікті  сабақта  пайдалану  үшін  сөздерді  белгілі 

тәртіпке  келтіріп,  топтап,  жүйелеп  отырылуы  керек.

Мысалы:

   а) пісті, қайнады.



   ә) жүрді жүгірді,тоқтады.

   б) жоғалтты, іздеді,тапты.

   в) кеше, бүгін, ертең, т.б.

  Сөздер  өзара  мағына  жағынан  байланысты  келген 

жағдайда  оқушыларға  тіл  үйрену,  есте  сақтау  онша 

қиынға  соқпайды.  Әрі  ойлау  қабілетін  де  жақсы 

дамытады.  Мысалы:  От  жанды.  От  өшті.  Арамен 

аралады. Күрекпен  күреді. Жазу жазды. Оқу оқыды.

   Тіл сабақтарында сөзден сөйлем құраудың негізгі 

мақсаттарының  бірі-практикалық  жолмен  түсіндіру.

Оқушылар  сөйлем  құрауды  практикалық  жолмен 

үйренеді.  Олар  алдымен  сұрақтармен  танысады.  Сол 

сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, сөйлемдер құрап 

үйренеді.

    Алғашқыда  оқушылар  сөздерді  өзгертпей  тек 

бастапқы сөзге жақын сөздермен танысады. Сөйлемнің 

жаңа түрін өз бетінше құруды меңгерту мынадай жұмыс 

жолдарымен іске асырылады.

    1.Сөйлемнің бір сөзі түсіріліп, оның орнына сұрақ 

қойып,  сұрақтың  орнына  керекті  сөзді  толықтырып 

айту, жазу.

   2. Жазбаша, ауызша сұрақ беріп, оған жауап беру.

   3. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.

   4. Мәтінді оқытып,мазмұнын айтқызу.

   5. Сурет бойынша сөйлем құрату,әңгіме айтқызу.

Осы жұмыс түрлері кезінде мұғалім сөйлем құрату 

арқылы  оқушылардың  сөздердің  орнын  дұрыс  тауып, 

қатесіз қолдануын қадағалап отырады.

   Сонымен бірге тіл дамытудың, оқушыларды жүйелі 

сөйлеуге  үйретудің маңызы зор. Тілді меңгерту сөздерді 

өзара байланыстырып, жүйелі сөйлем құру дәрежесіне 

жеткізеді. Сондықтан да оқушылар тек сөз біліп, сөйлем 

құрап  қана  қоймайды,  жүйелі  сөйлеуге,  пікір  айтуға  

дағдыланады.  Оқушыларды  жүйелі  сөйлеуге  үйрету 

үшін мынадай жұмыс түрлері іске асырылады.

   1.Әңгіме, ертегі, мәтін оқытып қысқаша мазмұнын 

жоспар бойынша айтқызу.

  2. Сурет бойынша сұрақтар арқылы шағын әңгіме 

құрастыру.

  3. Көргендері туралы берілген сөз тіркестері арқылы 

әңгіме айтқызу.

      Бұл  жұмыстарды  ұйымдастырғанда  алға  қоятын 

мақсат-оқушыларды  еркін  өз  сөзімен  әңгімелеуге, 

жүйелі  сөйлеуге  үйрету.  Бірақ  алғашқы  кезде 

оқушылардың  білімі  аз  болғандықтан  жұмысты 

жеңілден ауырға қарай  меңгерту әдістері қолданылады.

  Әр сабақтың   білімділік, дамытушылық, тәрбиелік 

деп  аталатын  үш    мақсаты  бар  екені    белгілі.  Бұл 

мақсаттар  бір-бірімен  тығыз  байланыста  жүзеге  

асырылады.

   Сондықтан да әрбір мұғалім сабақтың осы аталған 

негізгі үш мақсатын ашып алмай, әрі оны іске асыратын 

әдіс-тәсілдермен,  сабақтың  түрлерін  алдын  ала 

нақтылап алмай нәтижелі, сапалы сабақ өткізуі мүмкін 

емес.



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау