56
www
.kazmektep.kz
Көрнекіліктерге суреттер, Ф.Фребельдің дамыту ойыншықтары, ертегі
кітаптар, қоянның киімі, пластмасс ойыншықтарды пайдаландым.
Қонжық, орман сөздеріне сөздік жұмыс жүргіздім.
Іс-әрекет кезеңдері. Мотивациялық қозғаушылық.
Тәрбиешінің іс-әрекеті. Шаттық шеңбері.
Қол алысып бәріміз,
Үлкенге де сіз,
Достасайық бәріміз.
Кішіге де сіз,
Армысың Алтын күнім,
Сәлем бердік сіздерге
Армысың балабақшам,
Құрметпенен біз!
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
Балалардың іс-әрекеті. (Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Сәйкес-
тендіріп қимыл-қозғалыстар жасайды.)
Ұйымдастырушылық, ізденістік.
– Балалар, қазір бізде қандай мезгіл?
– Көктем.
Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін қалай
білетіндеріңді байқау үшін сөздер айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
Мысалы, малдар төлдейді.
Көктемде ...................(күн жылы болады)
Қар ........................(ериді)
Ағаштар .................. (бүршік жарады)
Жаңбыр .......................... (жиі жауады)
Құстар ........................ (ұшып келеді)
– Балалар, біз қандай ертегілер білеміз?
– Аю мен қоян.
Ертегі туралы қысқаша түсінік беріп өту.
(Балалар мұқият тыңдайды.)
– Балалар, мына аюға қараңдаршы өзінің қонжығын таба алмай тұр.
Аюға көмектесеміз бе?
– Иә.
Тосын сый: Қонаққа қоян келеді.
– Балалар, бізге қонаққа кім келді?
– Қоян.
Қоянмен балалар амандасады.
– Сәлеметсіз бе, қоян.
– Қоянымыздың түсі қандай екен?
– Ақ.
– Балалар, қоянның тақпағы бар екен.
Кәусар.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Естіп қалып сыбдырды.
Ытқып-ытқып жүгірді.
– Балалар, бізге қоян ойын ала келіпті. Ойын ойнаймыз ба?
– Иә.
– Қоян не жейді?
– Сәбіз.
Дұрыс айтасыңдар.
Ойын: «Аңдар немен қоректенеді?». (Балалар кезек-кезек ойынды ой-
найды.)
2-кедергіден аралар кездеседі.
– Балалар, аю немен қоректенетін еді?
57
www
.kazmektep.kz
– Балмен.
– Балды бізге нелер береді?
– Аралар.
Олай болса, аралармен жұмбақ шешейік. (Балалар жұмбақтарды
шешеді.)
Жұмбақтар.
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері бір шу. (Түлкі)
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан. (Аю)
Далада жүр шапқылап,
Керемет бір саққұлақ. (Қоян)
Жарайсыңдар, орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар шаршасаңдар
бойымызды сергітіп алайық. (Іс-қимылдар жасау.)
Сергіту сәті: бейнеролик арқылы «Қара жорға» биі.
3-кедергіден қасқыр кездеседі.
– Балалар, қасқыр бізге ойын ала келіпті. Біз қасқырмен ойын ойнасақ
аюға тиіспеймін дейді. (Балалар сұрақтарға жауап береді, алмалар мен
сәбіздерді салыстырып өтеді.)
– Балалар, қасқыр туралы тақпақ білесіңдер ме?
Хамза.
Қасқыр жортар сайменен,
Араз болып айменен.
4-кедергіден түлкі кездеседі.
– Түлкі бізге ойын ала келіпті. Орман жануарлары мен үй жануарларының
қайда өмір сүретінін табуға көмектесейік.
– Балалар, түлкі туралы тақпақ білесіңдер ме?
Іңкәр.
Түлкі деген қу ғой,
Жатып алып жағада,
Жүрген жері шу ғой. Іздегені ду ғой.
Жарайсың, орныңа отыра ғой.
5-кедергіден құстар кездеседі.
Құстардың ойыны пішіндерді атап беру.
– Төртбұрыш.
– Ұшбұрыш.
– Дөңгелек.
Ал, балалар, аю сендерге рақметін айтып жатыр. Біз аюға қонжығын
табуға көмектестік. Олай болса, ормандағы аңдардың бәрі көңілді соларға
арнап ән шырқап берейік. (Балалар көңіл күймен әндерін айтып береді.)
Ән: «Жаңбыр».
Рефлекциялық-түзетушілік. Қорытындылау.
– Балалар, бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
– Иә.
– Балалар, біз қандай аңға көмек көрсеттік?
– Аюға.
– Аю қандай аңдардың кедергілерінен өтті?
– Қоян, аралар, қасқыр, түлкі, құстар.
Балаларды мақтап, марапаттадым. (Балалар өз қуаныштарын білдірді.)
58
www
.kazmektep.kz
ды табиғат пен оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас
құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру; жанды және жансыз табиғатқа
не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту болды.
Табиғат, жасыл әлем, тау, тас, тұман, құм, жаңбыр, жел сөздеріне сөздік
жұмыс жүргіздім.
Көрнекіліктерге плакаттар, стақан, су, суреттерді пайдаландым.
Іс-әрекет кезеңдері. Мотивациялық қозғаушылық. Тәрбиешінің іс-
әрекеті.
Шаттық шеңбері.
Амансың ба, асыл күн,
Амансың ба, Жан досым.
Амансың ба, асыл жер.
Амансыздар ма, апайлар.
Амансың ба, көк аспан,
Балалардың іс-әрекеті. Балалар шаттық шеңберді орындайды.
Әнұран. (Балалар Әнұранды орындайды.)
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
Тәрбиеші.
Балалар, бүгінгі іс-әрекетімізді бастамас бұрын біз екі топқа бөлініп
алайық. (Балалар екі топқа бөлініп орындарына отырады.)
Балалар, біз қызықты да қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатыр-
мыз. Айналаға қарасақ, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз,
олар неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақтар, жиҺаздар және
т.б.
Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері
пайда болған. Бұл заттарды білу үшін екі топ бір-бірімізге сұрақ беру арқылы
біліп алайық. (Балалар мұқият тыңдайды.)
Сұрақ-жауап.
1-топ. Табиғат дегеніміз не? (Жасыл әлем.)
2-топ. Жанды табиғат дегеніміз не? (Ол өседі, көбейеді, тұқымын
шашады.)
1-топ. Жансыз табиғат дегеніміз не? (Өспейді, көбеймейді, тұқымын
шашпайды.)
2-топ. Жанды табиғатқа нелер жатады? (Адам, өсімдік, жануар жатады.)
1-топ. Жансыз табиғатқа нелер жатады? (Тау, тас, құм, тұман, жел
жатады.)
– Су қандай табиғатқа жатады? (Жансыз.)
Ал, олай болса бүгін суды зерттеп көрейік. Ол үшін 1-топ судың түсін,
ал 2-топ дәмін өзгертіп көрейік. (Балалар сумен зерттеу іс-әрекетін жасап
көреді.)
Сергіту сәті.
Көлдің беті кілегей,
Тырау-тырау тырналар,
Жер сап-сары бірегей.
Түстікке бетті бұрды олар.
(Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.)
аярлық тобына қоршаған ортамен таныстыру үшін “Жанды және жан-
сыз табиғаттар” атты сабақ өткіздім. Алдыға қойған мақсатым – жан-
ЖАНДЫ ЖӘНЕ
ЖАНСЫЗ ТАБИҒАТТАР
Нағима ЕСПОЛОВА,
«Мұрагер-Астана» білім кешені балабақшасының
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Д
Достарыңызбен бөлісу: |