Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет10/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50

19
www
.kazmektep.kz
2.  Эксперимент  жүргізу  іскерлігі  (оны  құру,  нәтижелерін  алу  және 
түсіндіру).
3.  Танымның  қайталанатын  кезеңдерін  ұғыну  және  оның  кейбір 
кезеңдерінде белсенді ізденіс жұмыстарын іске асыру іскерлігі.
4. Теориялық білім құрылымын түсіну.
5. Ғылыми-педагогикалық идеялар мен қағидаларды меңгеру.
6.  Қиын  құбылыстардан  маңыздыны  бөлу,  ақпараттық  талдау  және 
жинақтау іскерлігі.
7. Ғылыми-педагогикалық әдістерді тиімді қолдану.
8. Іс-әрекеттердің өзара байланысын қарастыру іскерлігі және олардың 
қарама-қайшылықтарын анықтау.
Мұғалімнің зерттеушілік әрекетіне талаптар олардың тұлғаның дамуы-
на және оқушылардың өмірлік іс-әрекеттерін болжау және талдау, зерделеу, 
білім  беру  жүйесін  кешенді  өзгертуді  іске  асыруға  дайын  болу  керектігін 
көрсетті. Сонымен қатар өзінің оқыту тәжірибесіне рефлексия жасау, тұтас 
педагогикалық  үдерісте  әрбір  оқушының  тұлғасын  дамыту  мақсаттарын 
анықтай алу дағдысы білім алудың тиімді ортасын құруға көмектеседі.
Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру:
– өзінің педагогикалық шеберлігін саналы арттыру;
– өзінің іс-әрекет нәтижелерін және жетекші идеяларды анықтау, талдау, 
сыни бағалау;
– озық тәжірибе және психология-педагогика ғылымының ұсыныстарын 
өз тәжірибесінде қолдану;
– зерттеу тақырыбын таңдай алу және дәлелдеу;
– зерттеу тақырыбын түсіну үшін тиісті қажетті әдебиетті таңдау, осы 
мәселеге байланысты өзінің тәжірибесін әдебиетте берілген материалдармен 
салыстыру;
– зерттеудің әдістерін және құралдарын болжау;
– зерттеудің кезеңдерін және міндеттерін, болжамын, мақсатын, пәнін, 
объектісін анықтау және дәлелдеу;
– зерттеудің тиісті әдістемелерін табу және қолдану;
– алынған нәтижелерді әдеби дайындау және көркемдеу, жинақтау; 
– зерттеудің қорытындысы бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды 
тұжырымдау және олардың негізінде шешім қабылдау;
– зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша рефлексия жасау.
Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру кезеңдері:
– тәжірибені жинақтау;
– жұмыстың жылдық қорытындысын шығару;
– жүйелі шығармашылық іс-әрекеттер;
– жеке шығармашылық педагогикалық лабораторияны құру;
– дайындық.
Зерттеу кезеңдерін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі 
I кезең. Диагностика. Зерттеу жұмысына бейімді балалар анықталады. 
Зерттеуде  мұғалім  жетекшілік  етеді.  Мұғалім  мен  оқушы  өзара  қарым-
қатынаста бірлесіп зерттейді. 
II кезең. Зерттеу тақырыбы мен мақсаттары анықталады және міндеттер 
белгіленеді.  Бұл  кезеңде  мұғалім  кеңесші  рөлін  атқарады.  Мұғалім  мен 
оқушы рөлдері тең дәрежеде болады.
III  кезең.  Жұмысты  орындау.  Мұғалімнің  кеңесші  рөлі  жалғасады. 
Оқушы мейлінше өздігінен зерттеу жұмысын жүргізеді. 
IV кезең. Қорғау (іс-әрекетті талдау). Бұл кезеңде мұғалім мен оқушылар 
тең құқықты серіктес болады. 
  Өзін-өзі  талдау  кезеңінде  оқушылар  мен  мұғалім  зерттеудің  мықты 


20
www
.kazmektep.kz
және сәтсіз себептерін талдайды, оны шешу жолдарын анықтап, тиімділерін 
таңдайды.
Тәжірибе  көрсеткендей,  мұғалімдерде  нақты  пәндік,  теориялық  және 
әдістемелік білім болғанымен, оларда оқыту тәсілдерінің қаншалықты тиімді 
екеніне өте аз зерттеу жүргізетіндіктен қарапайым тапсырмаларды орындау-
да қиындықтар туындайды. Бұдан мұғалімдерде зерттеушілік дағдылардың 
жетіспеушілігі байқалады.   
Зерттеу жүргізуде кездесетін қиындықтар
Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  міндетті  шарт 
мұғалімнің  үстемдік  рөлін  жою  болып  табылады.  Мұғалім  үшін  ең  қиын 
әрекет – кеңесші болуды үйрену. Ақпаратты еске түсіруде мұғалім тосылып 
немесе жауап бермей қалмауы керек. Ал кеңес беру кезінде оқушылар тара-
пынан туындаған сұрақтарына ғана жауап беру маңызды.
Зерттеу жүргізуде мұғалімнің  ескеретін талаптары:
– оқушыға жағымды қарым-қатынас орнату;
– оқушылардың жеке тұлғасына құрмет көрсету және мінез-құлқы мен 
қабілеттеріне үнемі  қолдау көрсету;
– әр баланың басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктерін ескеру және 
мойындау;
– оқушыларға таңдау жасауға ерік құқығын беру;
– оқушының жеке тұлғасын емес, оның іс-әрекетін бағалау;
– жоспарлау мен оқытуда, қарым-қатынаста оқушылардың жеке психо-
логиялық ерекшеліктерін ескеру. 
Аталған  талаптар  мұғалімнің  зерттеу  жүргізу  үдерісінде  оқыту  мен 
оқудың тиімділігін арттыруға қатысты жаңа тәсілдемені анықтауға,  оқуға 
кедергі келтіретін кездейсоқ жанама мәселелерді  ретімен қалпына келтіруге  
мүмкіндік береді. 
Мұғалімнің зерттеуі қандай негізгі кезеңдерді қамтиды? 
– Зерттеуді қажет ететін мәселенің себебін тұжырымдайды және оның  
өзектілігін негіздейді.
– Зерттелетін мәселенің нақты мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
– Зерттеу қалай, кімдермен, неліктен жүргізілетінін белгілейді.
– Зерттеуде қандай әдіс-тәсілдер қолдану тиімді болатынын  таңдайды.
– Зерттеу үдерісінің жоспары мен мазмұнын құрылымдайды. 
– Зерттеу жүргізеді.
– Зерттеудің нәтижелерін талдау жасайды және келесі қадамдарды бол-
жайды.
– Алынған нәтижелерді бағалайды және қорытынды тұжырым жасайды. 
  Зерттеу кезеңдерін тиімді жүзеге асыру үшін мұғалім ұжымдағы басқа 
әріптестерімен де бірлесіп жұмыс жасау тиімді екені тәжірибе барысында 
анықталды. 
Ынтымақтастықта жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары:
– ұжымдық жоспарлау дағдылары;
– кез келген әріптесімен өзара әрекеттесу іскерлігі;
– жалпы міндеттерді шешуде топта әріптестеріне көмек көрсету дағды-
лары;
– әріптестерімен іскерлік қарым-қатынасты құра білу дағдылары;
– бірлескен зерттеуде басқа қатысушылардың қателерін табу және олар-
ды түзетуге көмек көрсете алу іскерлігі. 
Зерттеуші мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктері мен дағдылары:
– зерттеу үдерісін тиімді жобалау іскерлігі;
– іс-әрекетті, уақытты, ресурстарды жоспарлау іскерлігі;
– шешімдерді қабылдау және олардың салдарын болжау;


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау