Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет18/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50

35
www
.kazmektep.kz
жетiлдiру  институты  болып бекiтiледi. Ол Оңтүстiк Қазақстан   облыстық 
еңбекшi депутаттарының атқару комитетiнiң басшылығымен жұмыс атқарды. 
Институт жұмысы  төмендегi мақсаттарға негiзделдi:
– мемлекеттiк бiлiм беру саясатын жүзеге асыру;
– облыс көлемiнде бiлiктi мамандарға деген қажеттiлiктi қанағаттандыру;
– мұғалiмдердің шеберлiгiн арттыру.
Бiлiктiлiктi  арттыру  институтының  сол  кездегi  директоры  Ищанов 
Кәрiмнiң басшылығымен  мұғалiмдердiң кәсiби деңгейiн көтерудi мақсат ет-
кен институтта  пән мұғалiмдерi үшiн арнайы курстар жүргiзiлдi. Курс бары-
сында мектеп мұғалiмдерiнiң қажеттiлiктерi  ескерiлiп, арнайы әдiстемелiк 
көмектер берiлдi.    
1948–1955  жылдар  аралығында  директорлық  қызметте  М.М.  Галямов  
(1948-1949  ж.),  Б.Айдаров  (1949-1950  ж.),  Ю.Бахитов  (1950-1951  ж.), 
К.Дилматов  (1951–1954  ж.),  С.Шакиров  (1954-1955  ж.)  жұмыс  жүргiздi. 
Бұл кезеңде институт  қызметкерлерi пән мұғалiмдерiмен бiрге мектеп бас-
шылары үшiн арнайы курстар өткiзудi қолға алып, әдiстемелiк көмек беру 
ұйымдастырылды. 
1956–1984    жылдар  аралығында    басшылық    қызметке  келген    Иван 
Моисеевич  Тен  облыс  көлемiндегi  тiрек  мектептерiнiң  озық  тәжiрибелерiн 
жинақтау,  тарату  жұмыстарын  қолға  алып,  арнайы  семинарлар,  курстар 
ұйымдастырды.  Алғашында  250-ден  басталған  курс  тыңдаушыларының  
саны  1 жылда 5 мыңға  жеттi. 
1984  жылы институт тiзгiнiн қолына алған  Үсен Шойбекұлы Шойбеков  
кезiнде    гуманитарлық,  жаратылыстану-математикалық,  педагогика  және 
психология, социология мен қоғамдық пәндер бағытында жұмыс жасаған ка-
федралар игi iстер атқарды. 
1987–1997  жылдар  аралығында    басқарған    Ергешалы  Мамырайұлы 
Мамыраев мектептегi оқу iсiн мемлекеттiк бiлiм стандартында туындайтын 
жаңа  талаптарға  сай  келетiндей  етiп  ұйымдастыруды  қолға  алды.  Осының 
нәтижесiнде  институт  жұмысы  өркендеп,    ұжым  қызметкерлерiнiң  кәсiби 
құзыреттiлiгi артты. 
Облыстық атқару комитетi Халық депутаттар Кеңесiнiң  22.04.1991 жылғы 
№258 бұйрығына сәйкес облыстық оқу-әдiстемелiк кабинетi құрылады және 
институт  атауы  облыстық  мұғалiмдердің  бiлiктiлiгiн  арттыру  және  қайта 
даярлау институты  болып өзгертiледi. Осы жылдар аралығында облыстық 
мұғалiмдер  бiлiмiн  жетiлдiру    институты  жоғары  шығармашылық,    кәсiби 
шеберлiктерге қол жеткiздi. 
Пiрматов Шаруа Пiрматұлы басқару кезiнде институт Оңтүстiк Қазақстан 
облыстық үздiксiз бiлiм беру институты  болып өзгердi. Бұл тұста институт 
қызметкерлерi  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын    жүргiзуге  жұмылдырылды.  
Басқару  қызметiне  келген  Бектенғалиева    Сәния  Хайруллақызы  тұсында 
мемлекеттiк тiлдi қолдау аясында «Мемлекеттiк тiл» кабинетi,  дарынды ба-
лаларды анықтау және дамыту мақсатында «Дарын» кабинетi,   халыққа бiлiм 
беру тарихын есте сақтау үшiн облыстық педагогикалық мұражай, компью-
тер  класы,    лингвистикалық  орталық  ашылды.  Экологиялық-биологиялық 
бұрышы жасақталып, спорт алаңы, «Тоғызқұмалақ», «Бестас» халықтық ойын 
бөлмелерi  құрылды.  Физика,    химия,  биология  кабинеттерi,  географиялық 
алаң  жабдықталды.  Осы  заманғы  ақпараттық  технологияларын  қолдана 
оқыту әдiстерiн белсендi жасауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмше 
ретiнде дәстүрлi кiтапхана қорын пайдаланып, медиатека құру мақсатында 
компьютер  аймағы  құрылды.  Дәстүрлi  емес  ақпарат  қорын  қалыптастыру 
және қорға электронды каталог құру жұмыстары жүргiзiлдi.


36
www
.kazmektep.kz
Облыстық мұғалiмдердің бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау инсти-
туты  облыстық  бiлiм  департаментiнiң  19.01.1999  жылғы  №11947–1958МК 
бұйрығына    сәйкес  облыстық  үздiксiз  бiлiм  беру  институты  болып  қайта 
құрылады. 
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмшiлiгiнiң  мекеменi  кәсiпорынға ай-
налдыру  жөнiндегi  01.09.1999  жылғы  №44  шешiмiмен  облыстық  үздiксiз 
бiлiм беру институты мемлекеттiк коммуналдық  қазыналық кәсiпорын болып 
ауыстырылды. Осы жылдары республикада алғаш рет ауқымды халықаралық 
деңгейде  инновациялық-педагогикалық  технологияларды  енгiзу  аясын-
да  ғылыми-практикалық  iс-шара  ұйымдастырылады.  Бұл  кездесуге  атақты 
ғалымдар, педагогикалық технологиялардың авторлары Ш.А. Амонашвили,  
М.Жанпеисова,  Т.Т.  Галиев,  Р.В.  Овчарова  қатысқан  болатын.  Конферен-
ция барысында республикалық ғылыми-практикалық зерттеу орталығының 
директоры,  п.ғ.к.  Ү.Б.  Жексенбаева,  Москва  қаласындағы  мемлекеттiк 
педагогикалық  университетiнiң  профессоры,  педагогика  және  психология 
ғылымының докторы А.И. Савенков арнайы сабақтар бердi.     
Александр Николаевич  Кулешовтiң басқару барысында  институт атауы 
Облыстық бiлiм беру жүйесiндегi жаңа технологиялар, педагог кадрлардың 
бiлiктiлiгiн  арттыру  және  қайта  даярлау  орталығы  болып  өзгертiлдi. 
Облыстық  мұғалiмдердiң  бiлiктiлiгiн  арттыру  және  қайта  даярлау  инсти-
туты  түгелдей  ақпараттық-коммуникативтiк  технологиямен  жабдықталды: 
әрбiр қызметкер  жеке дербес компьютермен қамтылып, интернет желiсiне 
қосылды. Мемлекеттiк стратегиялық бағыт тұрғысынан  көптiлдi бiлiм беру  
кабинетi  ашылды. 
Бiлiм  беру  бағдарламалары  инновациялық-педагогикалық  технология-
ларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және шығармашылық қызмет дағдыларын, 
оқытудың  ақпараттық  және  қашықтан  оқыту    технологияларын  меңгерген 
көптiлдi мұғалiмдi даярлауға бағытталған тың жұмыстар жүргiзiлдi. 
Бақберген Қожамбердiұлы Айтбаев 2010 жылдың тамыз айында институт 
директоры болып тағайындалды.  2011  жылдың тамыз айынан 2012 жылдың 
қазан айы аралығында  институтқа Туғанбаев Мырзабек Iлесұлы басшылық 
жасады. 2011 жылдың қазан айында педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру 
және қайта даярлау орталығынан облыстық мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн артты-
ру және қайта даярлау институты болып өзгертiлдi.
ҚР үкiметiнiң №232 қаулысына сәйкес 2012 жылы 17 ақпанда «Өрлеу» 
бiлiктiлiктi арттыру ұлттық орталығы акционерлiк қоғамы құрылды. Оңтүстік 
Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арт-
тыру институты филиал ретiнде 2012 жылдың 2 қазанында облыстық Әдiлет 
басқармасында тiркелдi. Осы уақыттан бастап Лаура Тұрлыбекқызы Искакова   
институтты басқарып келедi.
Қазақстан  Республикасында  бiлiм  беру  саласын  дамыту  саясатын-
да  айқындалған  педагог  кадрлардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  жүйесiнiң  са-
пасын  жетiлдiру    үрдісi    әлемдiк  озық  тәжiрибе  негiзiнде,  жаңа  форматта 
жүзеге  асырылуда.    Қазiргi  таңда  заман  талабына  сай  педагог  кадрлардың 
бiлiктiлiгiн  арттыру  жүйесiне  өзгертулер  енгiзiлiп,  бiлiмдi  дамытудың 
сұраныстарына толық жауап беретiн педагогтердiң кәсiби құзыреттiлiгi мен 
бiлiктiлiгiн арттырудың тиiмдi моделi құрылды. Бүгiнгi таңда –  бұл аймақтық  
инновациялық орталықта әлемдiк және қазақстандық озық тәжiрибенi енгiзу 
негiзiнде жоғары сапалы бiлiм берудi қамтамасыз ететiн тәжiрибелi профес-
сорлар, доценттер, ғылым кандидаттары, магистрлер және тренерлер қызмет 
жасайды. 
Педагогикалық  қауымдастық  үшiн  еңбек  етiп  жатқан  институт  осылай 
жаңа меженi игеруде.
Шымкент  қаласы.


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау