Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

20
2. Пластмасса кескішпен жұмыс істегенде абай 
болу; құралды ұстап тұрып қолыңды ары-бері 
сермеуге болмайды – бұл басқа біреуді жарақаттауы 
мүмкін.
3. Ермексазбен (сазбалшықпен) жұмыс істегеннен 
кейін жұмыс орнын реттеу; тақтайшаны 
ермексаздан (сазбалшықтан) тазартып, үстелді 
дымқыл шүберекпен сүрту. 
4. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды қағаз 
майлықпен мұқият сүртіп, содан соң жылы сумен 
сабындап жуу қажет. Артынша сүлгімен немесе 
майлықпен құрғатып сүртеміз.
(Ө) Ойын түріндегі жаттығу: «Ермексазбен 
достас».
 Ермексазды жұмысқа дайындау. 
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек 
көрсету.
(Ө) Шығармашылық минуты: Ойыншықты 
қазақы ою-өрнектермен безендір!
Түрлі түсті ермексаз, 
қатырғықағаз, кескіш, 
тақтайша, қағаз майлық.
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
Балалар жұмыстарының көрмесі.
 Кішкентай шеберлер жасаған жұмыстар көрмесін 
ұйымдастыру.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, 
бұйымдарға баға беруге шақырады.
 Ермек балаларға ҰОҚ-де өзі жасаған жұмысқа баға 
беруді ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл 
түспен бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалар жұмысының 
көрмесі.
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№4 ҰОҚ. Түйе (қазақтың «Түйе су ішкенде неге 
артына бұрылып қарайды?» ертегісінің желісімен)
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары 0.1.1.2. Дененің қарапайым пропорцияларын есепке ала отырып, 
қозғалыстағы адамның немесе жануардың қарапайым фигурасын 
мүсіндеу, фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура 
бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне қосылған жерін арнайы 
кескіш көмегімен тегістеп, жымдастыру.
0.2.1.2. Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік 
техникасын және еңбек гигиенасын сақтау.


21
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  түйенің фигурасын жасай алады; 
•  фигуралардың бөліктерін бір-бірімен құрастыра алады. 
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  бөліктердің пішінін келтіріп, бір-бірімен мықтап байланыстыра 
алады; 
•  жасаған образын ашып көрсете алады. 
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  барынша айшықты, мінез-құлық белгілерін айқындап, бейнелей 
алады. 
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту: 
•  ауызша сөйлеу қабілеті; сұрақтарға жауап беру; 
• өзі жасаған бұйым туралы әңгімелеп беру; 
• алған әсерлерімен бөлісу.
Көптілділік: түйе – верблюд – a camel.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік 
техникасы.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
 Түйе қандай жануар?
– Оның денесі қандай бөліктерден тұрады? 
– Сен мүсіндеудің қандай тәсілдерін білесің?
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Ермексазбен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері, бұйымды құрастыру 
тәсілімен жасау.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
І. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру
0 – 1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ-де жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
(Ұ, Ө) Ермек «Түйе су ішкенде неліктен артына 
қарайды?» ертегісінің кейіпкерлерін естеріне 
түсіруге шақырады. 
(Ұ) Жұмбақ жасыру.
Балалар жұмбақ жасырады.
(Ұ) Қорытынды: тәрбиеленушілер ҰОҚ-де не туралы 
айтылатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен 
мақсатын айқындайды.
(Ұ) Ой түйін.
  «Мен – болашақ оқушымын, мектепке барған кезде 
қазақтың халық ертегілері, аңыз-әңгімелері мен 
ырымдары туралы көп оқитын боламын».
Проектор «Түйе су 
ішкенде неліктен 
артына қарайды?» 
слайдын көрсету. 


22
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Ситуациялық жағдай: Мүсінші-Ермек
балаларға түйе туралы ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуді 
ұсынады.
(Т, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.  
Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен танысып 
шығады.
(Ұ) Талқылау. 
«Түйе» слайдын көрсету. 
Ермек балаларды «Түйе» жануарымен таныстырады. 
(Ұ) Әңгімелесу: Әдетте, түйені «шөл даланың кемесі» 
деп те атайды. Себебі олар құмды шөл далада көп 
жүреді. Бірнеше күндеп су ішпейтін өте төзімді 
жануар. Түйе туралы иллюстрациялық материалды 
мұқият қарап шығып, оның өзіне тән ерекшеліктерін 
атап көрсетіңдер: қалың табандарын күс басқан, 
тізелерінің терісі қалың әрі күсті, танауының тесігі 
тар, кірпіктері қалың, арқасында өркештері бар. 
Түйелердің табанының осынша жалпақ болуы тегін 
емес, борпылдақ құммен жүру оңай емес, әрине. Бірақ 
мынадай жалпақ табанның құмға батуы екіталай. 
Табаны мен тізесіндегі күс ыстық құмға күймеуге 
көмектеседі. Ал ұзын кірпіктері түйенің көздерін 
құмнан қорғайды. Өркешінде май жиналады. Тамақ 
пен сусыз қалған кезде оған дәл осы өркешіндегі май 
күш береді.
(Ұ, Т, Ө) Жануардың өзіне тән ерекшеліктерін 
қарастыру (денесі, басы, сирақтары).
(Т, Ө) Ойын-жаттығу: «Мұқият бол». 
Балалар бұйымдарды жасау тәсілдерін, жұмысқа 
қажетті материалдар мен құралдарды анықтайды.
(Ұ) Үлгілерді көрсету.
Ермек балаларға түйені мүсіндеуді ұсынады.
(Ұ) Ойын түріндегі жаттығу: «Сен білесің бе?» 
Ермексазбен және кескішпен жұмыс істеу тәртібі 
талқыланады, балалар ережелерді түсіндіреді.
1. Ермексазды пайдаланғанда мұқият болу, үстелді, 
киімді бүлдірмеу, арнайы тақтайша үстінде мүсіндеу, 
ермексазды ауызға салмау. 
Әліппе-альбом.
Проектормен «Түйе» 
слайдын көрсету. 
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау