112
ретінде болуы мүмкін. Екіншіден, кәсіпкер өзінің қызметінде инновацияны
кәсіпкерліктің тәсілі мен құралы ретінде пайдалануы мүмкін.
Біздің ойымызша, екінші жағдайда ғана инновациялық
кәсіпкерлік жөнінде
кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі ретінде тура айтуға болады. Бірінші жағдайда
инновациялық саладағы кәсіпкерлік жөнінде айтқан дұрыс болар, себебі
соңғысы еңбекті бөлу негізінде жұмыс істейтін және кәсіпкер инновациялық
процеске қатысатын өзге субъектілермен қатар кірігуі мүмкін күрделі
қарқынды жүйені білдіреді [86, 147 б.]. В.Ф. Попондопуло дұрыс айтып
өткендей, инновациялық қызмет, егер оны коммерциялық ұйымдар немесе дара
кәсіпкерлер жүзеге асырса, әрине кәсіпкерлік қызмет болмақ» [8].
О.М. Олейник жіктемесі бойынша, «инновациялық қызмет кәсіпкерлік
ретінде екі жағдайда қаралуы мүмкін:
а) объектілер пайданы алу мақсатында құрылғанда; бұл ретте
шығармашылық ғылыми-техникалық қызметтің өзі кәсіпкерлік қызмет болып
табылады;
б) пайданы алу мақсатында құрылған объектілер пайдаланылғанда, бұл
ретте олар кәсіпкерлік қызметтің барысында, сондай-ақ одан тыс кезде
құрылуы мүмкін еді [87, 219 б.].
Инновациялық кәсіпкерлікті құру бұл күрделі және ұзақ процесс. Бүгінгі
күнде қоғам инновациялық құрамдас бөлік шаруашылық жүргізу жүйесінің
барлық компоненттерінің жұмыс істеуінің доминанты болған жағдайда ғана
инновациялық процестің нақты перспективалары бар деген жаңа түсінікке
келді. Осы жағдайда ғана Қазақстан экономикасының және ТМД басқа елдері
экономикасының өзіне тән белгісі болып табылатын үзінді түріндегі құбылыс
ретіндегі инновациядан сөздің толық мағынасындағы инновациялардың
экономикасына көшу мүмкін болады. Жүйе құраушы өзек (негіз) ретінде
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заң болуға
тиіс.
Осы Заң жеке сектор іске асыратын инновациялық жобаларды атаулы
мемлекеттік қолдау үшін негіз салады. Индустриялық-инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау туралы заңда дара кәсіпкерлер жеке тұлғалар ретінде
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жатқызылған. Осыған
орай дара кәсіпкердің инновациялық кәсіпорынды құру және инновациялық
өнімді шығару, өзінің жай бизнесін инновациялыққа өзгерту үшін барлық
құқықтық әдістерді пайдалануға мүмкіндігі бар.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тізбесіне тиесілі
бола тұрып, дара кәсіпкердің шағын және орта кәсіпкерліктің субъектісі ретінде
ғана емес, сонымен қатар ол индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге
асыратындықтан, мемлекеттік қолдау алуға толық құқығы бар. Индустриялық-
инновациялық жобалар мен бастауларда дара кәсіпкерді мемлекеттік қолдау
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңның
мақсаты ретінде белгіленген ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға бағытталғанын ескертеміз.
Дара кәсіпкер бұл жеке кәсіпкерліктің маңызды субъектілерінің бірі, одан
басқа ол шығарылатын өнімді одан әрі жедел және ыңғайлы өзгерте алады,
113
олардың сапасын арттыру шеңберінде өндірістік процестерді жаңғырта алады,
оның бүгінгі күнде жеке кәсіпкерлік алдында тұрған міндеттер үшін маңызы
зор. Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік табыстылығының маңызды
талаптарының бірі, біздің көзқарасымыз бойынша, жоғарыда көрсетілген
мақсатқа жету үшін міндеттердің дұрыс қойылуы болып табылады.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңда
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау міндеттері ретінде:
- еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және
нарықты кеңейту мақсатында жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту
(техникалық қайта жарақтандыру) үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
- инновацияларды тиiмдi енгiзудi және жоғары технологиялық өндiрiстердi
дамытуды қолдау;
- индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне технологияларды
коммерцияландыруда
жәрдем көрсету;
- индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне индустриялық-
инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, оның
iшiнде индустриялық-инновациялық қызмет үшiн жоғары бiлiктi кадрлар
даярлау саласындағы ынтымақтастықта жәрдем көрсету айқындалған.
Одан басқа, көрсетілген Заңда кез келген жеке кәсіпкерліктің міндеттері
болып табылатын басқа да міндеттер қойылған. Осындай міндеттерге
мыналарды жатқызу керек:
- экономиканың басым секторларында ғылыми-зерттеу базасын дамыту
және оны өндiрiстiк процеспен ықпалдастыру;
- экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар
жасау;
- бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды
қамтамасыз ету;
- индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық
тартымдылығын және
экспорттық әлеуетiн арттыру;
-
индустриялық-инновациялық субъектiлерге экспорттық әлеуетiн
дамытуда жәрдем көрсету.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мақсатында
қаралып жатқан Заңға сәйкес Қазақстанда индустриялық-инновациялық жүйе
қалыптасып келеді, ол индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдауды жүзеге асыратын субъектілерден, инфрақұрылымнан және
құралдардан тұрады. Одан басқа, осы Заңда индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары белгіленген (Индустриялық-
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңның 3 және
4-тараулары) [89].
Түрлі ұлттық даму институттары тарапынан мемлекеттік қолдау шаралары
2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын
және Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде
қабылданған салалық, функционалдық бағдарламалар мен бизнесті қолдау
бағдарламалары негізінде айқындалған. Атап айтқанда, олар мыналар: