105
Ал 2013 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасында алғашғы рет
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы өкілетті мемлекеттік
орган - Агенттік (қазіргі таңда – Комитет) құрылды.
Тұтынушылардың қорғалуын күшейту үшін 1991 жылғы 5 маусымдағы
Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының аттас Заңының орнына 2010 жылғы
төртінші мамырда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заң
қабылданды.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның үшінші тарауында
тұтынушылардың құқықтары мен олардың қорғалуы көзделген. Атап айтқанда,
жекелеген нормаларда тұтынушылардың мынадай:
1) тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті)
иеленуге
еркін шарт жасасу;
2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу;
3) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ (дайындаушы,
орындаушы)
туралы ақпарат алу;
4) қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті)
сатып алу;
5) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті)
еркін таңдау;
6) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)
тиісті сапасы;
7) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алу немесе
қайтарып беру;
8) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан
өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды
(зиянды)
толық көлемде өтеу;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу
(жұмысты орындау, қызмет көрсету)
фактісін растайтын құжатты алу;
10) ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың,
көрсетілетін қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына
(ұйымдастырушысына)
кінә қою;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құру;
12)
моральдық зиянды өтеу;
13) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
14) өзге де заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру
құқықтары көзделген.
Тұтынушылардың құқықтарын заңды тәртіпте тану – бұл олардың
қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды элемент, алайда ол осы құқықтарды
тәжірибеде іске асыру үшін жеткілікті емес. Осыған байланысты
кәсіпкерлердің: сатушының, дайындаушының, орындаушының міндеттерін
көздеген өте маңызды.
Мысалы, сатушы (дайындаушы, орындаушы):
1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы
(дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және
орыс тілдерінде ақпарат беруге;
2) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге;
3) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз
етуге;