114
«Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға қолғабыс ету
бойынша бағдарлама», «Экспорттаушы-2020», «Инвестор-2020», «Өнімділік-
2020», «Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бағдарлама» және т.б.
Олардың қатарына инновациялық және экспорттық гранттар, өндірістік және
басқарушылық технологияларды енгізуге шығындардың орнын толтыру
ынталандырмалары және басқалар жатады.
Сонымен қатар, Заңда отандық тауарды өндірушілермен өнімнің
жеткізілуіне кепілдік берілген тапсырыс шарттарын жасауға жол беріледі.
Инвесторларды басым жобаларға қатысуға ынталандыратын шаралар
қатарынан
мемлекеттік
құрылымдардың
индустриялық-инновациялық
субъектілерге тікелей келіссөздер негізінде, конкурстық рәсімдердің тетігін
қолданусыз жер қойнауын пайдалану құқығын берулерін де бөліп шығаруға
болады. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендегі инвестициялық
стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға өнеркәсіптік
жеңілдіктер беру туралы түзету енгізілді [88].
Сонымен бірге, біздің пікіріміз бойынша, мемлекет пен үкімет
инновациялық қызметті реттейтін нормалардың жасалуына емес, ұйымдастыру
сипатындағы шараларға ерекше көңіл аударған. Инновациялық қызметті жүзеге
асырған кезде пайда болатын қатынастар әкімшілік және қаржы заңнамасында
ғана емес, сонымен қатар азаматтық, еңбек және өзге заңнамалық актілерде
реттелуге тиіс деген пікірмен заңгерлер келіседі.
Инновациялық процесс кезеңдердің жүйелі тізбегі секілді, ол аяқталғанда
жаңалық идеядан бастап нақты өнімге немесе технологиялық процеске дейін
өзгереді, жеке алынған кезеңдер шеңберінде түрлі азаматтық-құқықтық
шарттарда реттелуі мүмкін және тиіс. Көрсетілген шарттар жаңалықтың
қарқынына, егер керек болса өмір цикліне, сондай-ақ оның пайдаланылуына
мүліктік құқықтар траекториясына қызмет етеді [86, 156 б.].
Оқу әдебиетінде осы мәселе бойынша келесі орынды ой айтылған. Іргелі
және қолданбалы зерттеулердің кезеңдерінде тиісті зерттеулердің өткізілуіне
байланысты қалыптасатын қатынастар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге
шарттармен жасалады.
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың кезеңінде жаңа бұйымдардың
үлгілері мен оларға конструкторлық құжаттама әзірлеу себебі бойынша
қатынастар тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды
орындауға шарттардың негізінде жасалады.
Жаңа немесе жетілдірілген бұйымдардың өнеркәсіптік өндірісін және
олардың өнеркәсіптік өндірісін игеру кезеңдерінде жаңа техниканың
тәжірибелік үлгілерін пысықтауға, тиісінше олардың кең ауқымды
дайындалуына бағытталған өндірістік қызметтің себебі бойынша қатынастар
мердігерлік түрдегі шарттармен реттеледі.
Жаңа өнімді немесе технологиялық процесті тұтынушыларға немесе
делдалдарға жеткізу мүлікті меншікке немесе пайдалануға беру бойынша
шарттық міндеттемелердің түрлерімен не коммерциялық концессия шартында
регламенттеледі.
115
Инновациялық процеске қатысушы субъектілер арасындағы шарттық
қатынастар жүйесінде лицензиялық келісімдерге және мүліктік сипаттағы
айрықша құқықтардың шеттетілуіне қатысты келісімдерге, сондай-ақ өндіріс
құпияларының режиміндегі ақпаратты беру туралы шарттарға (ноу-хау) ерекше
орын беру керек. Осындай түрдегі келісімдерді жасау қажеттігі белгіленген
тәртіппен зияткерлік меншік объектісінің режимін алған немесе алатын
зияткерлік қызметтің нәтижесі пайда болған инновациялық процестің кез
келген сатысында пайда болуы мүмкін. Лицензиялық келісімдер шеңберінде
алуан түрлі қызметтерді көрсету мәселелері реттелуі мүмкін, оларды көрсету
қажеттігі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар берілген кезде пайда
болады. Бұл, әдеттегідей, мазмұны лицензиялық өндірістің жобалауын,
ұйымдастырылуын қамтитын инженерлік-консультациялық (инжинирингтік)
қызметтер, іске қосу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қызметтер,
лицензиаттың кадрларын даярлау бойынша қызметтер [86, 156-172 б.].
Бүгінгі күнде инновациялық кәсіпкерлік саласындағы экономист-ғалымдар
үшін проблемалар жеткілікті, оның үстіне беймәлім қызмет аясын тудырады.
Алайда кез келген экономикалық қызмет, кәсіпкердің мінез-құлқы құқықтық
мемлекетте құқықтың нормаларына негізделуге тиіс. Бұл жерде де заңгер-
ғалымдар үшін беймәлім зерттеу аясы. Ресейдің жетекші экономистері
инновациялық экономиканы қалыптастырудың көптеген кедергілері арасында
қазіргі
заманғы
нарықтық
шаруашылықтың
көптеген
маңызды
институттарының нормативтік түрде ресімделмегенін бірінші шектеуші деп
атайтындары кездейсоқ емес.
Инновациялық кәсіпкерліктің ресурстық негізінде адам капиталына
негізделетін өндірістің күрт өсетін материалдық емес (зияткерлік) құрамдас
бөлігі жатыр. Мысалы, егер бұрын кәсіпорынның құны басым бөлігінде
материалдық активтердің құнымен айқындалса, өткен ғасырдың екінші
жартысынан бастап бизнес құнының құрылымында зияткерлік құрамдас бөлігі
одан әрі үлкен орын алады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40-тан 55 %-ға
дейін ауытқиды. Оның үстіне, бүгінде тауардың, оның өндірісі бойынша
жұмыстардың, қызметтердің құны жұмсалған материалдар мен адам
ресурстарының
құнымен
емес,
материалдық
активтермен
(жоғары
технологиялық тауардың, персоналдың жіктелуімен және т.б.) айқындалады.
Әдебиетте орынды айтылып өткендей, «өнер, дизайн ғылымы адамдарының
қызметі нәтижелері тауар құнының басым бөлігін болмаса да, маңызды бөлігін
құрайды. Ал сауда таңбасының, брендтердің және басқа дараландыру
құралдарының құны шамадан тыс сомаларға жетеді. Осылайша, зияткерлік
қызметтің нәтижелері экономикалық айналымға белсенді түрде енгізілген» [90,
5 б.]. Сондықтан кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік құқық бойынша оқу және ғылым
әдебиетінде, кәсіпкерлік пен оны құқықтық реттеу саласындағы бірқатар
ғылыми зерттеулерде инновациялық кәсіпкерлік пен зияткерлік меншік
мәселелері одан әрі көп қаралатыны дұрыс [9, 450-478 б.; 8, 234-247 б.; 596-609
б.; 91, 158 б. ].
Инновациялық экономика ғылым өнеркәсіптік өндірістің ажырамас бөлігі
және тікелей өндіруші күші болған жағдайларда ғана болуы мүмкін екені күмән
Достарыңызбен бөлісу: |