Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет6/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62

17
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
АШЫҚ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРНЫ.  Тыңдаушыларды  жасына  қара-
мастан, білім деңгейлеріне төмен талап қою арқылы қабылдай беретін 
жоғары оқу орны. Ашық жоғары оқу орнында оқу кестесі еркін, оқыту 
мерзімі  шектеусіз.  Тыңдаушылар  стипендия  алып,  грантпен  не месе 
белгілі  кепілдіктер  арқылы  тегін  де  оқи  алады.  Ашық  жоғары  оқу 
орнына Британ университеті, Германия ашық университеттері жатады. 
АШЫҚ САБАҚ – басқа оқытушылардың немесе шақырылған қо-
нақтардың  қатысуымен  өткізілетін  тіл  практикасы  бойынша  сабақ 
немесе дәріс. Білікті оқытушылар оқу бағдарламасының әдістемеде 
қиындықпен немесе әлсіз дайындалған бөлімдері бойынша өткізеді, 
сондай-ақ  оқу-тәрбиелеу  жұмыстарының  тиімді  тәсілдерін  көрсету 
және  қолдану  мақсатында  өткізіледі.  Мұндай  сабақтар  (дәрістер) 
педа гогикалық  ғылымдағы  жетістіктерді  тәжірибеге  енгізуге,  педа-
гогикалық тәжірибені таратуға, оқытушылардың біліктілігін арт ты-
руға ықпал етеді.
АШЫҚ  ТҮРДЕГІ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Әртүрлі  жауап  нұсқаларын 
пайдалану  мүмкіндігі  қарастырылатын  коммуникативті  жаттығу 
түрі. Оларды орындау кезінде оқушылардың назары көбіне пікірдің 
мазмұнына аударылады. Ашық түрдегі жаттығуларға мыналар жата-
ды: гипотезаны тексеру, әртүрлі пікірлерді салыстыру, оқиғаға баға 
беру, мәтіннің мазмұнын беру, ойын қызметіне қатысу және т.б. 
АЯЛЫҚ  БІЛІМ  (ағылш.  background  knowledge).  Белгілі  бір  тілде 
сөйлеушіге  тән,  оның  тілдік  қарым-қатынасқа  түсуін  қамтамасыз 
ететін білім, тілдесу барысында бұл білімдер мағыналық ассоциация 
және  коннотация  түрінде  көрініс  табады,  тілді  білушінің  сөйлеу 
тәртібінің нормасы сақталады. Аялық білімді ұлттық мәдени заттар 
мен құбылыстар туралы білім және үйреніп жатқан тілдің отанындағы 
жал пыхалықтық тәртіп нормалары туралы білім деп бөлеміз. Аялық 
білім негізінде әлеуметтік лингвистикалық және әлеуметтік мәдени 
құзыреттілік қалыптасады. Үйреніп жатқан тілде мәтінмен жұмыс іс-
теу, аудио және бейнематериалдар көру, тілді білетін адамдармен кез-
десу аялық білімнің көлемін кеңейтіп, тереңдетуге мүмкіндік береді. 


18
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
- Ә -
ӘДЕП.  Моральдық  категория,  адамдар  қарым-қатынасында  ізгілік 
нормаларын  мүлтіксіз  орындауды  білдіреді.  Әдеп  –  адамгершілік 
құлық (мораль) адамдардың қауымдасып өмір сүруінің дәнекері бо-
лып табылады.
ӘДЕП  ТӘРБИЕСІ.  Мінез-құлық  және  қарым-қатынас  мәдениетін 
қалыптастыру, әдептілікке тәрбиелеу. Адам бойындағы адамгершілік, 
мәдени-рухани, әдемілік, ізеттілік, сыпайылық және т.б. қасиеттерді 
қалыптастыруға бағытталған тәрбие түрі.
ӘДЕТТЕГІ  ҚАТЕ.  Белгілі  бір  сөйлеу  тетіктері  әлі  дұрыс  жетіліп 
болмағандықтан, оқушылардың көбінен немесе біреуінен байқалатын, 
қайталанатын сөйлеу нормасының бұзылуы.
ӘДІС (грек. methodos – жол). Әдістеменің негізгі категориясы, кең 
мағынада алар болсақ, әдіс – мақсатқа жетудің бір тәсілі, белгілі бір 
тәр тіпке келтірілген қызмет жүйесі. Бұл ұғым қазіргі заманауи ғы-
лымда  үш  мағынада  пайдаланылады:  жалпы  әдіснамалық  (әдіс  та-
ным құралы ретінде), жалпы дидактикалық және өзіндік әдістемелік, 
жеке  әдістемелік.  Әдіс  таным  құралы  ретінде  (жалпы  әдіснамалық 
түсінік) – қоғам мен табиғат құбылыстарын, болмысын зерттеу тәсілі. 
Барлық танымдық әдістердің негізін ақиқаттың объективті заңдары 
құрайды.  Сондықтан  да  әдіс  теориямен  тығыз  байланысты.  Нақты 
ғылымдарда  арнайы  әдістер  бар.  Диалектілік  әдістің  объектілік 
негізін материалдық әлемді дамытудың жалпы заңдары құрайды. Мұ-
нысымен диалектілік әдіс басқа да ғылымдардың әдістерін алмастыра 
алмайды,  бірақ  олардың  жалпы  философиялық  негізі  болады  және 
барлық салаларда таным құралы ретінде жұмсалады. Лингвистикада 
әдіс деп белгілі бір міндеттерді орындауға арналған, тілдік деректерге 
бағытталған  белгілі  бір  әрекеттер  жиынтығын  айтады.  Мысалы, 
компонентті талдау әдісі.
ӘДІСКЕР. Оқу-тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті 
–  пәннің  оқытылу  жағдайын  бақылайды;  озат  мұғалім  мен  мектеп 
тәжірибесін  жинақтап  таратады.  Ұстаздарға  әдістемелік  көмек 
көрсетеді.


19
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ӘДІСКЕРЛІК КАБИНЕТ. Белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің 
өзіндік ізденісін, тәжірибе алмасуын және кәсіби біліктілігін жетіл-
діруді көздейтін, мектеп деңгейіндегі әдістеме жұмысын жүр гізетін 
орын.  Әдіскерлік  кабинетінде  дәріс,  баяндама,  семинар  ұйымдас-
тырылып, мұғалімдерге кеңес беріледі, теориялық және практикалық 
мәселелер талқыланады. 
ӘДІСКЕРЛІК КЕҢЕС. Белгілі бір оқу орны бойынша пән бірлес-
тіктерінің  жұмысын  басқарушы  орган.  Әдіскерлік  кеңес  ұйымдағы 
пән дік  жұмыс  бағдарламаларын,  жұмыс  жоспарын  және  т.б.  мәсе-
лелерді қарап, ғылыми кеңеске ұсыныс береді.
ӘДІСНАМА  (грек.  мethodos  –  зерттеу  жолы,  теория,  ілім  және  ... 
логия).  1.  Ғылыми  таным  әдісі.  2.  Ғылымда  қолданылатын  негізгі 
прин циптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, 
әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты 
өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін 
байқауға  болады.  Бірінші,  зерттеу  жұмысының  бағытына  лайықты 
жағдай жасап, педагогикалық болмысты танудың кешенді құралдарын 
айқындау.  Екінші,  ұстаным,  әдіс,  құрал,  жүргізу  амалдары  арқылы 
педагогикалық  шындыққа  жету  тәсілдерін  қолдану.  Зерттеуші 
педа гогтің  нәтижеге  жетуі  оның  ғылыми  құрал-жабдықтармен 
қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуы-
на  байланысты.  3.  Дүниенің,  қоғамның  объективті  заңдылықтары 
мен  құбылыстарын  практика  және  теория  жүзінде  игертуге  және 
өзгер туге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама 
– әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған объекті 
жөніндегі  мәліметтерді  және  ғылыми  жаңалықтарды  біріздендіру 
тәсілдерінің  жүйесі,  ғылыми  әдістің  негізгі  мақсаты  –  объективті 
ақиқатты  ашу.  Әдіс  –  пәннің  ерекшелігі  арқылы  анықталғанымен, 
олар  бір-біріне  қарама-қайшылықтардың  бірлігі  болып  табылады. 
Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы 
ғана  ашады.  Теория  –  объективтік  шындықтың  идеялық  бейнесі. 
Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Дұрыс құрылған 
теория – жаңа құбылыстарды танудың әдіснамасы. Әрбір ғылымның 


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау