122
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
терең игеруді, қажетті білікті, дағдыны жүйелі қалыптастыратындай
және олардың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шығармашылық және
есте сақтау қабілеттерін дамытатындай етіп құруды талап ететін
дидактикалық қағида.
ОҚЫТУДАҒЫ ДАҒДЫЛАР. Бірнеше мәрте қайталау нәтижесінде
автоматтандырылған сипатқа ие болған оқу әрекеті. Ол оқушылардың
білім мен білікті игеру мөлшеріне қарай олардың ауызша және жаз-
баша
сөйлеу кезінде, оқу міндеттерін орындауда т.б. көрінеді.
ОҚЫТУДАҒЫ ДЕДУКЦИЯ (лат. deductio – қорыту). Жалпы білім
негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой
қорытындыларын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына сәй-
кес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан
басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады.
ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ. Оқушыларды айналадағы құбы-
лыс тарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қо-
рытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. Оқу шы-
ның белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын
дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.
ОҚЫТУДАҒЫ ИНДУКЦИЯ (лат. Inductio - сілтеу). Оқу барысын да
ой тұжырымын пайдалануда ойдың өрбуінің жалқыдан жалпыға қарай
ілгерілеуі. Бірақ индукциялық әдіс жаңа ұғымды қалыптастыруда
едәуір уақытты талап етеді.
ОҚЫТУДАҒЫ САНАЛЫЛЫҚ. Дидактикалық принцип, XVII-XVIII ғ.
Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци сияқты педа гогтар ұсы-
нып, қазіргі педагогикада кеңінен дамыған. Оқытудағы саналылық
оқыған материалды түсінуінен, практикалық міндеттерді шешуде
және жаңа фактілерді түсіндіруде, ақыл-ой және практикалық қызмет
процестерін, қолданылатын әдіс-тәсілдердің жүйелілігін түсінуде,
алған білімді, дағдылар мен шеберліктерді пайдалану қа бі летінен
байқалады. Саналылық компоненттеріне оқушының өз бетінше білім
алу арқылы жаңа білімді қалыптастыруына мүмкіндік беретін өз
бетінше ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеруі, зерттеу жұмыстарына
қатысуы жатады. Оқытудағы саналылықтың ең жоғарғы көрінісі –
123
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
алған білім, дағды және шеберліктерді практика жүзінде табысты
пайдалану, жинаған тәжірибеге сүйене отырып, ақиқат құбылыстарды
терең әрі жан-жақты талдау қабілеті болып табылады.
ОҚЫТУДАҒЫ ТЕАТРЛАНДЫРУ. Оқу материалы бойынша са бақтан
тыс уақытта түрлі атрибуттар, көптеген қатысушылар мен уақыты
ұзартылған алуан жанрлы театрланған шығармашылық кө ріністер.
ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ.
Теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан
көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әре-
кетке бейімделуге икемдейді.
ОҚЫТУДАҒЫ ТЫҢДАЛЫМ. Өзге тілдегі сөздерді есту арқылы
қабылдайтын оқыту құралы болып табылатын тыңдалымның түрі.
Оқытудағы тыңдалым сабақта аудиомәтіндердегі лексика-грамма-
тикалық бірліктерді, тыңдалым механизмін танытудағы, ауызекі естуді
дамытудағы дағдыны қалыптастырады. Мәтінде ұсынған шарттары,
формалар, тыңдалымдағы қиындықтарды жеңуге бағытталған, оның
мазмұндық деңгейі үшін жаттығулар орындалады. Аудиомәтінмен
жұмыс істеу сипатына байланысты оқытудағы тыңдалым интенсивті
және экстенсивті болып бөлінеді.
ОҚЫТУДАҒЫ ФОРМАЛИЗМ. Материалды толық түсіне ал-
май тын және іс жүзінде қолдана алмайтын деңгейдегі құр жат тан -
дылық. Оқытудағы формализмнің негізгі себебі - оқытудың абс-
трак тылығы, материалды өмірмен, практикамен байланыстыра ал-
мау, дидактиканың көрнекілік, саналылық және белсенділік ұста-
нымдарын жеткілікті қолдана білмеуден туындайды.
ОҚЫТУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ – оқу үдерісіне оқыту қыз-
мет терінің кейбір бөлігін автоматтандыру, жеделдету, ақпарат алма-
суды жылдамдату үшін автоматтық құрылғыларды (ең алдымен ком-
пьютерлерді) енгізу. Автоматтандырылған оқыту техникалық құрал-
дарды және басқару әдістерін жеңілдетуге негізделген оқыту үдерісін
жеделдетуге бағытталған.
ОҚЫТУДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ. Білім, дағды және шеберлікті өз
бетінше меңгеруді қамтамасыз ететін арнайы оқыту бағдарламасы